Биыл 5-сынып оқушыларына сынып жетекшілік етемін. Ата-аналар жиналысында да топтық жұмысты қолға алдым. Ата-аналардың да бейімделіп қалғанын байқадым. Бірақ көп еңбекті талап етеді. Соған қарамастан, оқушыларға өткен "Компьютер - дос па әлде жау ма?" деген тақытыптық ата-аналар жиналысын өткіздім. Алдыңғы жиналыстарда ата-аналарға пайдаланған сауалнама, кеңестерді де, суреттерді де жолдауды жөн көрдім.
Ұстаз бен ата-ана арасындағы қарым қатынасты анықтау сауалнамасы
Нұсқау: Берілген сұрақтарға өз ой - пікіріңізді, ұсыныстарыңызды, ескертулеріңізді жазыңыз.
1. Сіз мұғалімнің балаңызбен қарым-қатынасы қандай деп ойлайсыз?
2. Сіздің ойыңызша мұғалім қандай болуы керек?
3. Мұғалімнің адами қасиеттеріне сипаттама берсеңіз.
4. Сынып жетекшісі, ұстаз ретінде сіздің көңіліңізден шығады ма?
5. Сіздің ойыңызша, балаңызбен басқа оқушылар арасындағы келіспеушілікте, сынып жетекшісі әрдайым әділ шешім қабылдай алады ма?
6. Сіз мұғалімге қандай талап қойғыңыз келеді?
7. Сіздің бала тәрбиесіне қатысты мәселе бойынша, сынып жетекшісіне айтар ұсынысыңыз.
Ата –аналарға арналған кеңес
Егер баланы:
Көп сынасаңыз - кінәлауды үйренеді;
Өшпенділікті көп көрсетсе - төбелесуді үйренеді;
Көп келемеждесе – ұялшақ, жасқаншақ болуды үйренеді;
Көп масқараласа – өзін кінәлі сезінуді үйренеді;
Көбіне көңілін көтеріп, сергітсе – өзіне деген сенімділікке үйренеді;
Көбіне мақтаса - бағалауды үйренеді;
Шыншыл болсаңыз – әділдікке үйренеді;
Қауіпсіздік сезімімен өмір сүрсе – сенуді үйренеді;
Достық пен келісімнің ортасында өмір сүріп және өзінің қажет екендігін сезінсе – ол мына әлемнен махаббат пен сүйіспеншілікті табуды үйренеді.
Ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.
1. Бала сізді тыңдамаса, не істейсіз?
а) оған айғайлайсыз;
ә) әңгімелесесіз, көндіресіз;
б) оның ақталғанына мән бермейсіз, үндемейсіз;
в) оны ұрып тастауыңыз мүмкін;
г) желкесінен ұрасыз;
д) оның кінәсін түсіндіруге ұмтыласыз;
е) басқаша іс-әрекет жасаймын (қандай) ___________________________________________
2. Сіздің көңіл-күйіңіз болмаса, өшіңізді балаңыздан аласыз ба?
а) жиі;
ә) сирек;
б) ешқашан;
в) айту қиын;
г) басқаша (қандай) ____________________________________________________________
3. Сіздің балаға айғайлауыңызға, қорқытып-үркітуіңізге, ұрып-соғуыңызға әкелетін себептерді көрсетіңіз:
а) тәрбиелеуге ұмтылу;
ә) балаға қатысты емес ашу туғызатын жағдайдан құтылу үшін;
б) әйеліммен (күйеуіммен) ұрысып қалғаным себепті;
в) балам бір нәрсені талап етеді, сұрайды;
г) балам мені ренжіткенде;
д) ұрып-соғу үшін;
е) өзімнің көзқарасыма оны сендіру үшін;
ж) түсіндіре алмаймын;
з) басқа себептер (қандай) _______________________________________________________
4. Сіздің кейде баланы ұрып-соғып, үйден қуып, қараңғы бөлмеге қамап қойғыңыз келген сәттер бола ма?
а) иә;
ә) жоқ;
б) ешқашан;
в) айту қиын;
г) басқа (қандай) _______________________________________________________________
5. Баланың күнәсі ауыр болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?
_____________________________________________________________________________
6. Жазып көрсетіңіз:
Жасыңыз қаншада? ____________________________________________________________
Отбасыңызда неше бала бар? ____________________________________________________
Олардың жасын көрсетіңіз? _____________________________________________________
7. Сіз бала кезіңізде ата-анаңызды тыңдамаған сәттерде, олар:
а) көндіргісі, сендіргісі келетін еді;
ә) үндемейтін;
б) желкемнен соғып қалатын;
в) ұрып-соғатын;
г) күш қолданатынын айтып қорқытатын;
д) басқаша ____________________________________________________________________
Баладан ата-аналарға жаднама
Маған тиісе бермеңіздер және маған ұрыспаңыздар. Егер сіздер олай етсеңіздер, онда мен естімеген қалып танытып, қорғануыма тура келеді.
Ешқашан сіздер мүлдем кінәсіз екендеріңізді , барлық жетістіктерге жеткендеріңізді айтпаңыздар да, ауыздарыңызға да алмаңыздар. Бұл сіздермен өзімді салыстыруда ыңғайсыз тудырады.
Менімен қатал болуға қорықпаңыздар. Мен дәл осындай подходты қалаймын. Бұл менің өз орнымды анықтауыма көмектеседі.
МЕН үшін ешқашан жасамаңыздар.
Мені өзімді кішкентай сезінуіме жол бермеңіздер. Мен әйтпесе «жылауық», «қыңыр» болып ұтылам.
Менің әділдігімді қатты сынға ала бермеңіздер. Үміттеріңізді ақтай алмаймын ба деп қорқып, оңай өтірікшіге айналуым мүмкін.
Өздеріңіз орындай алмайтын уәдені бермеңіздер – бұл сіздерге деген сеніміме нұқсан келтіреді.
Менің қорқыныштарым және қауіптенулерім сіздерде алаңдаушылық туғызбасын. Әйтпесе мен одан сайын қорқатын боламын. Нағыз ЕРЛІКТІҢ қандай болатынын көрсетіңіздер.
Мария Монтессоридің ұстанымдарын қолданғаныңыз жақсы. Оқушыларыңыздың жағдайын ойлайтыныңыз көрініп тұр.