Формативті оқыту әдістері
Төменде көрсетілген стратегиялар сұрақтар жауабының «дұрыс жолы» болатын оқытуға көбірек қатысты (сәйкес келетін оқыту). Мысалға:
Математика, жаратылыстану пәндері, бухгалтерлік есеп немесе осы тәрізді есептеулер;
Тыныс белгілері, грамматика, аудармалар немесе басқа да тілдік дағдылар
Мазмұнмен жұмыс: жалпы білім және кез келген пәннің жоспарындағы жалпы білім мен түсіну;
Оларды практикалық дағдыларды оқытуға, ақиқатында көптеген дағдыларды оқытуға бейімдеуге болады;
Оларды тұтынушының шағымын қарастыру сияқты, әлеуметтік қатынас дағдыларын оқытуға бейімдеуге болады.
Өзін-өзі бағалау және өзара бағалауға арналған негізгі ережелер:
Егер формативті оқытудың әдістерін тиімді пайдалану мақсаты қойылса, оқушылар осы әдістерді дұрыс иекемдеп қолдана бастауы тиіс. Оқушылармен төменде берілген тармақтарды келісуге тырысыңыз.
Біз өте жақсы оқитын боламыз, егер біз мыналармен келісетін болсақ,:
Егер сіздер қандай бір идеяны алғашқы реттен толық түсінбейтін болсаңыз, барлығы да қалыпты және оқыту біршама уақыт алатын болады.
Егер жұмыс бағаланатын болса, сіздің мақсатыңыз басқа біреудің емес, өз рекордыңыздан асып түсу болады. Дегенмен, мүмкіндігінше, жұмысқа баға қоюдан аулақ болу қажет.
Бастысы:
Сіздің мұны алғашқы реттен жасай алмағаныңыз емес;
Сіздің мұны жасай алмауыңыз орынсыз қатеге байланысты емес;
Бастысы, сіздің түпкі нәтижеде проблеманы және оның шешімін немесе сұрақ пен жауапты түсінгеніңіз;
Қателіктер жасалуы мүмкін. Оқыту үрдісінде барлығымыз да қате жібереміз. Шын мәнісінде, бұл біздің оқытудың бір бөлшегі. Егер біз қате жібермесек, бұл барынша жоғары қарқында жұмысты жеңіл істейтіндігімізді білдіреді.
Біздің нені жақсартуымызды көрсететіндіктен қателер жіберу пайдалы.
Оқу үшін түсінбегеніңді мойындаған және қателерді мойындаған жақсы, содан соң түсіндіруді сұраған жақсы.
Ешақашан, тіпті әзілдеп болса да, біреудің қатесіне күлуге болмайды.
Егер сіз келесі жолы қателерді болдырмаудың жолын табатын болсаңыз және шын мәнінде меңгеретін болсаңыз, қателер сіз үшін пайдалы болады.
Сіз айтарлықтай батылсыз ба? Онда оқушыларыңыз үшін тиісті көңіл-күй тудыру үшін жарты сағаттық жаттығу барысында олардан өз қателерін байқаған сайын «алақай» деп айтуды өтініңіз!
Формативті оқыту әдістерін қай кезде пайдалану керек
Келесі стратегиялардың кейбіреуі өте қиын. Егер оқушылар үшін олар күрделі немесе оларды жалықтыратын болса, оларға бөлінген уақытты қысқарт аласыз, алайда оларды мүлдем алып тастамаңыз. Оларды пайдаланбай қалдыруға болмайды, себебі олар өте тиімді.
Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бірнәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, бірақ араласпаңыз. Бұл сізге құнды, бірақ, ауыр тиюі мүмкін, оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Егер оқушылар сыныптастарымен сұрақтарды талқылауда, бірін-бірі бағалау немесе өзін-өзі бағалауда өте белсенді болмаса да, олармен жұмысты тоқтатпау керек. Бұл оларға осы мәселеге қатысты көбірек жаттығуға мүмкідік береді. Алайда, сіз жалпы кемшіліктерді қарастыру және басты сәттерді атап өту үшін оны өткізгеннен кейін, оқушылардың өзін-өзі бағалауын және бірін-бірі бағалауын қайта қарастырып, түзету үшін түсіндіруді пайдалана аласыз.
Формативті оқыту стратегиялары
1. Жұптарда өзара бағалау
Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.
Жұптарда өзара жауап үлгілерімен бағалау
Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда пайдалы. Кез келген жағдайда, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады.
Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді.
Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді.
Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.
Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім жасамайтын өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.
Мұғалімдердің оқушылар алған бағаларды, тіпті, жазып та алмайтындығын Гиббс атап көрсетеді. Мұндай жағдайда, осындай стратегияны қолдану нәтижесінде орташа баға шамамен, 45%-дан 75%-ға дейін артады! (әрине, егер сіз қажет деп санаған жағдайда, бағаларды осы сатыда жинай аласыз).
Өз құрбысының жұмысын бағалау үрдісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар есептің шешімінің немесе сұрақтың жауабының балама тәсілдерін көреді: олар жауап үлгілері мен дайын шешімдерді көреді және бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын және төмендейтінін көреді. Бұл «мақсаттарды» айқындайды. Оқушылар олардан оқу пәнін анық түсінуді, сондай-ақ бірқатар мақсаттарды талап ететін өздерінің сыныптастарының жұмысы туралы пікір қалыптастыруға тиіс. Одан басқа, оқытудың тиімді әдісі болып табылатын оқыту үрдісінен дайын жұмыс шешімдерін алу жолымен мақсаттарды оқып-біледі.
Бұл тамаша тәсілдің көмегімен оқушылар сіздің бағалай алатыныңыздан артық орындайды , бірақ оның пайдасы тек бұл ғана емес. Аталған әдіс «жасырын хабарламаны» білдіреді. Ол оқушыларға қателерді болдырмауды және оларды түзетудің жолын көрсетеді, алайда бұдан басқа ол қателерді жібермеуді және оларды түзетуге болатындығы туралы түсінік береді. Ол оқушыларға оқудағы жетістіктің туа біткен талантқа емес, жұмысты тиісінше орындауға байланысты екендігін көрсетеді. Мұндай хабарламаның маңыздылығын асыра бағалау қиын, дәлелденгендей бұл оқушылардың уәждемесі мен жетістіктеріне зор әсер етеді. (Двектің тарату материалын қараңыз, moonfruit сайтындағы дәлелдеме туралы бет).
Оқушылардың жұмыс туралы тамаша пікір қалыптастыратындығына немесе қалыптастырмайтындығына қарамастан, Сіз әрбір жағдайға араласпауға тиіссіз. Қажетті нәтиже - оқушылардың өз пікірлерін түсіндіре отырып, қателерді түзету үшін жеке мақсат қоя білуіне байланысты. Егер осындай нәтижеге қол жетсе, бұл көбінесе жеткілікті болады. Әрине, мен мұғалімдер оқушылардың жұмысын бағалауға тиіс емес деп отырған жоқпын, бірақ оқушылардың өзара бағалауының төтенше тиімді екенін еске сақтау керек.
2. Топтардағы өзара бағалау
Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үрдісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.
Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).
Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келісуге тырысады:
Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?
«Үздік жауаптың» топтық идеясы.
Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?
Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.
3. Оқушылардың түсіндірулері
Оқушылар жауап үлгілерін түсіндіреді
СУРЕТ: Оқушылар жауап үлгілерін түсіндіреді.
Бұл Каррол әзірлеген және зерттеген жоғарыда көрсетілгеннің нұсқасы. Ол қарапайым әдіске қарағанда, неғұрлым көп кезеңнің пайдаланылуына қарамастан, бұл әдістің оқушыларға дағдыларды тезірек үйренуге және азырақ қателер жасауға мүмкіндік беретінін байқады (тек қана 1 және 6 кезеңдер пайдаланылатын жағдайда).
Мұғалім қалыпты тәсілмен тақтада «дауыстап ойланып» және түсіндіре отырып, «бұны қалай жасау керектігін» көрсетеді. Мысалы, белгісіз бұрышты анықтау үшін тангенстерді қалай пайдалану керек, дәйекшелерді қалай пайдалану керек, сценарийден ауруды қалай күту керектігі туралы жоспарды қалай құру керек және т.с.с..
Оқушылар жұптары бойынша бөлінеді, өздерінің достарымен болуы міндетті емес.
Мұғалім жауап үлгілері толық өңделген сұрақтардың екі тізбесін дайындайды. Әрбір тізбе мұғалім көрсеткен сұрақтармен өте ұқсас әртүрлі типтегі сұрақтардың белгілі бір санынан тұрады. Әр жұп сұрақтардың бір тізбесін алады. Әрбір оқушы келесі кезеңде бір сұрақтар тізбесімен жұмыс жасайды.
Оқушылар өз бетінше келесі кезеңге дайындала отырып, бір-бірден жауап үлгілерін зерделейді (мысалы, 5 минут бойы)
Әр оқушы өз серіктесіне не жасалғандығын және неліктен жасалғандығын, жұмыс әдістері мен стилінің неліктен дұрыс болып табылатындығын көрсете отырып, өз жауаптар үлгісінің тізбесін түсіндіреді.
Содан соң оқушылар қалыпты тәсілмен өз бетінше тапсырмаларды орындау үшін жұмыс істейді.
Әдістің идеясы мынада - егер мұғалім 1-кезеңнен бірден 6-кезеңге өтіп кетсе, бұл көптеген оқушылар үшін өте қатты секіріс болатынын білдіреді. Бұл Блум таксономиясының (жіктеу) білім кезеңінен қолдануға тікелей өтуі болып табылады. Демек, нашар оқушылар әдісті түсінуге және қолдануға тырысады, ал бұл олар үшін өте күрделі болып табылады.
Нашар оқушылар мұғалімнің көрсеткенін түсінетіндігін, бірақ «оны өз бетінше орындай алмайтындықтарын» жиі айтады. Мұндай стратегия оқушыларға әдісті өз сөзімен айту арқылы зерделеуге көмектесетін «басқыштағы қосымша сатыны» білдіреді (Блум таксономиясының түсінуді бекітуі).
Егер оқушылар түсіндіруді пайдаланатын болса, шағын топтарда немесе бүкіл сынып үшін түсініктеме бере отырып, оларды ынталандыруға болады. «Джон, тақтадағы 8-сұрақтың шешімін тақтада түсіндіре аласың ба?»
Пилот және навигатор:
Мұндай жұмыс түрі компьютерде жұппен жұмыс жасайтын оқушылар үшін қолайлы, бірақ басқа жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін. Оқушылар жұппен бөлінеді, оқушылардың біреуі штурман, ал екіншісі – пилот рөлін алады. «Штурман» «пилотқа» не жасайтындығын және неліктен жасау керектігін айтады. Мысалы, «тінтуір арқылы Файлға бас және басып шығаруды таңда».
Пилот команданы орындайды және қажет болған жағдайда оны штурман түзетеді. Штурман «басқару элементтерін өзіне алмауға» тиіс. Неғұрлым мықты оқушының штурман болғаны жақсы, алайда, рөлдерді алмастыру да пайдалы. Командаларды орындағаннан гөрі, дәл түсініктеме берген қиынырақ, сондықтан штурмандар пилоттарға қарағанда көбірек үйренеді.
Оқушылар шешуші мезеттерді түсіндіреді
Мұғалім оқушыларға сабақтың басында олардың сабақ соңында сабақтың шешуші мезеттерін түсіндіруге тиіс екенін айтады. Алдын-ала қоюға болатын екі сұрақты мысалға келтіреміз:
«Пифагор теоремасы дегеніміз не және оны қай кезде қолдануға және қолданбауға болады?»
«Үшбұрыштың белгісіз жағын табу үшін теореманы қалай пайдалануға болады?»
Немесе
«Кромвельді кім және неліктен қолдады?»
«Кромвельдің қандай мақсаттары болды және біз олар туралы қайдан білеміз?»
Содан соң сабақ белгіленген екі шешуші мезетті оқыту мақсатында жалғасады. Түсіндіру сабақ соңында былай өткізіледі. Әдетте бұл бес минуттан он минутқа дейін уақыт алады.
Оқушылар жұпқа бөлінеді және мынандай тапсырма ұсынылады: «терезеге жақын отырғандар, бірінші сұраққа жауап беріңіздер»
Оқушылар бір минут ішінде бір-біріне не айтатыны туралы ойланады.
Олар бір-біріне шешуші мезеттерді түсіндіреді және тыңдаушы екі оқушы да әңгімесін аяқтаған соң ғана жауапты қалай жақсартуға болатынын айта алады.
Сосын мұғалім жауап үлгілерін ұсынып, жұптардан «нені аңғармадыңыздар немесе неден қателестіңіздер?» деп сұрайды. Осыдан соң жұптар алдымен өздерінің қателерін, содан соң бір-бірінің қателерін түзетіп талқылау жүргізеді.
Мұғалім оқушылардан келесі сабақтың басында қайтадан өзара түсіндіруге әзірленуді өтіне алады. Бұл тапсырманың міндеті алғашқы өзара түсінісу барысында анықталған әлсіз тұстарды бекіту болып табылады.
Оқушылар немесе олардың мұғалімдері бұл әдісті механикалық жадыны жақсартатын «жаттап алу» тәсілдерінің бірі ретінде қарастыру қаупі бар. Дегенмен де, оның мақсаты шешуші мезеттер, материал құрылымы және оның мағынасының тиісті дәрежеде түсінікті болуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан шешуші мезеттердің неліктен шешуші болып табылатынына назар аударту және ақпарат құрылымының мәнін атап көрсету керек. Сондай-ақ, неліктен және «не» оқылатынына назар аудару қажет.
Аталған стратегия, кем дегенде, оқушының жетістіктерін арттыратын кейбір «мүлтіксіз оқыту» сапаларына ие. Тереңдете оқыту туралы одан әрі ақпарат алу үшін Джеффри Пэттидің «Бүгінгі оқытуын» қараңыз.
Оқушылар өздерінің сұрақтарға берген жауаптарын түсіндіреді.
Бұл әдіс жоғарыда айтылғанның ықшамдалған нұсқасы болып табылады. Ол оқушылардың сұрақтар мен жауаптарға ынталануы, сондай-ақ оқушылардың сұрақтарға толық тартылуы үшін қажетті «күту уақытын» ұсынатындықтан пайдалы.
Мұғалім не болатынын оқушылардың білуі үшін мынадай үрдісті түсіндіреді.
Мұғалім ойлануға жетелейтін арнайы сұрақ береді, не қағазда орындау үшін шағын тапсырма немесе осыған ұқсас нәрсе береді.
Оқушылар белгілі бір уақыт ішінде жалғыздан, өз бетінше жұмыс жасауға тиіс.
Оқушылар бір-біріне өз жауаптарын түсіндіреді. Серіктесі өзінің түсіндіруін аяқтаған кезде ғана, оның жауабын талдауға немесе түсінік беруге болады. Екі жауап та берілген кезде, оларды салыстыруға және талқылауға болады.
Мұғалім сұрақтың дұрыс жауабын береді және оқушылардан оны қаншалықты түсінгендерін талқылауды және өздерінде кездескен толық түсінбеушілікті оқып үйренуді өтінеді.
Қалау бойынша, оқыту үшін пайдалы және қызықты мүмкіндік болатын, туындаған сұрақтарды немесе түсінбеушіліктерді және т.с.с. бүкіл сыныппен бірге талқылауға болады (жоғарыдағы негізін салатын ережелерді қараңыз).
4. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
Бұл жоғарыда сипатталған үлгілерді оқушылардың түсіндіру нұсқаларының бірі болып табылады және көп жағдайда олардан кейін бірден орындалады.
Оқушылар жұптарға бөлінеді
Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылады. Жұптардағы оқушылардың әрқайсысының әртүрлі үлгілері болады.
Оқушылар мыналарды табу үшін өз бетінше жұмыс жасайды:
Не дұрыс емес?
Бұл неліктен дұрыс емес?
Бұны қалай түзетуге болады?
Жұптағы әр оқушы өз үлгілеріндегі қателерді серіктесіне түсіндіреді.
Егер оқушы серіктесінің жіберген қатесін байқайтын болса, оны көрсетуге тиіс.
Сосын мұғалім оқушылардың қандай қателерді тапқанын сұрайды және олардың жауаптарын құптайды немесе теріске шығарады. Мұғалім дұрыс қабылданбаған түсінікті мұқият түсіндіруі тиіс.
Бұл оқушыларды теріс түсініктерден және әдеттегі қателерден «арылтуға» арналған қызықты және пайдалы тапсырма. Оқушыларды шатастырмау үшін, мұндай тапсырмадан тақырыпты бастапқы оқыту сатысында аулақ болу қажет, бірақ ол тақырыпты меңгертудің соңында түсініктегі тұрақты қателерді анықтау және түзету үшін өте пайдалы. Егер оқушылар қателерді байқай алмайтын болса, демек, олар өздерінің жұмыстарын тексере алмайды.
Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:
Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.
Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.
Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады. Мысалы, егер оқушы синусты тангенспен шатастырғандықтан, қате жібергенін түсінетін болса, осындай әдіс көмектеседі.
Егер құрылымдық негізде бірін-бірі қолдайтын болса, «көмекшілер» және «көмекті қабылдайтындар» да оқитын болғандықтан, бұл әдіс оқушыларға өте ұнайды (Талқылау стандарты, әдетте, сіз күткеннен әлдеқайда жоғары!).
Олар жетістікті туа пайда болған қабілеттерге қарағанда, ұмтылу, дұрыс стратегияны қолдану және т.с.с. байланыстырады. Бұл оқушыларды жақсартуға «уәкілеттік береді».
5. Өзін-өзі бағалау
Мақсаттар, бағалау өлшемдері немесе тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау
Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Сосын оқушылардан, мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, мыналарға қатысты өздерін бағалау сұралады:
Олар нені оқыды, білді және не жасай алады?
Олар мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе жүзінде тағы нені үйренуі немесе орындауы қажет?
Оқушылар мұны іс-әрекеттің жеке жоспарын құру үшін қолданады
Іс-әрекет жоспары келесі сабақта жүзеге асырылады.
Үлгілер:
Оқушылар жаңа ғана кестені дайындады, олар өз жұмыстарын бағалау үшін сабақ барысында әзірленген және түсіндірілген бағалау өлшемдерін пайдаланады.
Оқушылар сабақ басында үш міндет қойылған шашты бояу тақырыбында сабақ өтті. Тапсырмалар экранда көрсетіледі және оқушылар өздерінің оларды орындағаны немесе орындамағаны туралы талқылайды.
Оқушылар жазық аңғарлар тақырыбында үш сабақ өтті. Мұғалім «Мен енді картадан жазық аңғарларды анықтай аламын» және т.с.с. нысанында болымды пікірлердің тізбесін жазады. Оқушылар бұл мақсаттарға қол жеткізе алатындықтары туралы бірігіп талқылайды.
Оқушылар екі тұсаукесердің біріншісін енді ғана аяқтады. Олар алдын-ала анықталған өлшемдер бойынша бағалау жүргізеді және содан кейін келесі тұсаукесер үшін жеке мақсаттар қояды.
Мұғалімнің бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалауына көмек ретінде сырт көзді пайдалануы
Төменде математика, жаратылыстану пәні және т.с.с. бойынша есептеулер үшін баға қоюға арналған сырт көз үшін бағалау берілген. Ол оқушылардың жігерін қалыпты түрде баға алуға емес, ең маңызды дағдыларға шоғырландыруға көмектеседі. Сырт көз бағалаудың қосымша үлгілерін алу үшін http://geoffpetty.moonfruit.com қараңыз.
Бағалау критерийлері
баға
Мұғалімнің бағалауы, өзарае, өзін-өзі бағалау
Әдістер: мақсаты – оны тиісті дәрежеде, мүмкіндігінше неғұрлым қарапайым және сауатты орындау.
Расталған әдістер: Пайдаланылған қағидалар немесе формулалар түсіндірілг
Жұмыс: мақсаты – жұмысты түсінікті етіп жасау; оны аяқтау; оңай орындау; қажеттілігіне қарай, пайдаланылған қағидалар мен формулаларды көрсету.
Қабылданған шаралар: мақсаты – өзінің жұмысындағы қателерді тексеру және оны лайықты түрде ұсыну
Басты күшті тараптар
Өзін-өзі бағалау топтың жұмысын шолу ретінде
Оксфорд Колледжінен Кэрол Найссен аталған стратегияны «Шаштараз ісі және сұлулық» пәнінде өзінің оқушыларымен бірге пайдаланады. Ол осы стратегияны бүкіл оқытушылар тобымен бірге пайдаланады, бірақ оны бір мұғалімнің пайдалануына арнап, оңай бейімдеуге болады.
Әр мұғалім әр сабақтың басында міндеттер қояды. Оқушылар арнайы осыған арналған дәптерлеріне белгілеп алады.
Оқушылар өз оқуын әр сабақтың соңында осы тапсырмалар аясында қарастырады.
Апта сайын оқушыларға арналған оқыту семинарлары өтеді, бұл семинарларда оқушылар бүкіл аптаның міндеттерін талқылап, неғұрлым көбірек алаңдаушылық тудыратындарын таңдап алады.
Мұғалім мұндай сабақта бүкіл сыныпта қиындық тудырған кез келген мақсат бойынша жұмыс жасайды.
Оқушыларға оларда қиындық тудырған тапсырмаларды шешу бойынша жеке жұмысына көмектеседі.
Бұл үшін жиналысты бүкіл білім беру бағдарламасын өте жақсы білетін және дайындықсыз-ақ сөз сөйлеуге шыға алатын мұғалімнің өткізуі талап етіледі. Сондай-ақ, қажетті кітаптар мен басқа да оқыту материалдары болуы қажет.
Жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалау
Оқушылар үшін осы тапсырманы мұғалімнің түсіндіруі және сынып үшін «бұны қалай орындау керектігін» үлгілеу қажет.
Мұғалім бұл тапсырмада оқушылардың өз жұмыстарын өздері бағалауға тиіс екендерін және мұғалімнің оларды бағаламайтынын түсіндіреді (Алайда, мұғалім оқушылардың өзін-өзі бағалауын тексере алады).
Оқушылар сұрақтар сериясынан тұратын жаттығуды орындайды. Келесі кезең алдында өз жұмыстарын аяқтаған бойда тексеру жүргізеді.
Оқушыларға жауап үлгілері немесе мысалдар үлестіріледі. Оларда бағалар сұлбалары болуы мүмкін.
Оқушылар осындай үлгі жауаптар көмегімен өз жұмыстарына баға қояды. Егер олар жауапты немесе олардың жауаптарының неліктен дұрыс еместігін түсінбесе, көмек сұрамас бұрын, бұл туралы өздері ойлануға тиіс. Мұғалім қажет кезінде көмегін береді, бірақ жұмыс үшін баға қоймайды және әдетте оқушының өз жұмысына қойған бағасын да тексермейді.
Сосын оқушылар келесі сұрақтарға және т.с.с. кірісе алады. Жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалау біртіндеп, мысалы әрбір екі сұрақ бойынша өткізілуі мүмкін.
Оқушылар қалаулары бойынша өз қателерін түзете алады. Алайда, олардың бұл жұмыстарды бағалау үшін мұғалімге бермегені жақсы. Егер олар мұғалім мұндай жұмысқа баға қоятынын білсе, онда үлгілерден дұрыс жауаптарды көшіріп алады және оларды түсінуге тырыспайды! Егер мұғалім олардың жұмысын бағаламайтын болса, онда оларда өз жұмысын зерделеуге деген ынтасы болады.
Кейбір оқушылар сыныптастарына немеес мұғалімге бергеннен гөрі, өзін-өзі бағалағанды артық санайды. Өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытады. Ол мұғалімге қарағанда, оқушыдан көп жігерді талап етеді және жалпы алғанда тиімді оқыту әдістерінің сипаттамасы болып табылады. Мұндай әдіс оқушылардың өзара бағалау әдістеріне жатады. Шын мәнінде, оқушының таңдауы бойынша бір немесе екі түрін өткізу үшін осындай қайнар көздерді пайдалануға болады. Оқушылардың жауап үлгілерімен алмасуы, бірақ қажеттілігіне қарай, туындаған сұрақтарды бірігіп талқылай отырып, өз жұмыстарын тексеруі «ымыралы» әдіс болып табылады.
Осы әдіс оқушыларға, сіздің ойлағаныңыздан гөрі, барынша көбірек ұнайды. Онда кері байланыстың жылдам әсері болғандықтан, өте ынталандырады, оның үстіне кері байланыс тезірек туындаған сайын ол барынша уәждемелейтін болады. Сұрақтар мен жауап үлгілерін өзін-өзі бағалау, шамамен, әрбір бес минут сайын өткізілетіндей етіп дайындап көріңіз. Бұл жерде Сіз оқушылардың жауап берген сұрақтарға қатысты жауап үлгілерін ғана көріп отырғандарына көз жеткізуіңіз қажет!
Кейбір оқушыларға өз жауаптарын жауап үлгілерімен салыстырудан олардың не үйренгенін жинақтау үшін көмек қажет болады. Сіз олардың бұны жазып алуын немесе жұмысты жалғастырмас бұрын, осы туралы айтып беруін өтіне аласыз. Олардан «осыны орындаудың ережелері қандай» деп сұраңыз. Жауап алғаннан кейін дұрыс жауаптарды белгілеңіз және «неліктен?» деп сұраңыз, яғни, аталған ереженің «неліктен» қолданатынын сұраңыз.
Формативті тесті арқылы өзін-өзі бағалау
Оқушылар тоқсанның соңғы жартысы бойы өздері орындаған жұмыс бойынша тестіні орындайды.
Олар өз жұмыстарын мұғалім ұсынған дайын шешімдер арқылы бағалайды.
Оларға тестіде бар тақырыптар мен тақырыпшалар тізімі ұсынылады және олар төменде көрсетілгендей әрқайсысын белгілеу қажет:
Егер олар оны қалай орындауды түсінген болса, жасылмен (абайсызда болған қателерді қоспағанда).
Егер олар оны қалай орындауды түсінбеген болса, қызылмен.
Егер олар сенімсіз болса, сарымен.
Сіз тестіні орындай алдыңыз ба: Аты:
Қызыл
Орындай алмаймын
Сары
Сенімді емеспін
Жасыл
Орындай аламын
синус
косинус
тангенс
Пифагор
Оқытушы өз білімі мен біліктерінің мұндай тексерулерін қарастырады. Егер тапсырмамен қатар көп қызыл нүктелер тұрса, онда мұндай тапсырма қаралған.
Оқушылар өздерінің әлсіз жақтарына пікір ретінде іс-әрекеттер жоспарын жазады. Мысалы, “Мен Пифагор теоремасын қолданатын кезде квадрат түбірге қатысты өз жауабымды білуге тиіспін”
Осындай іс-әрекет жоспарын оқытушы немесе топтасы тексеруі мүмкін (жақын досы болмағаны дұрыс). Мысалы, оқушылардан олар жұппен жұмыс жасаған кезде, сұрақтардың қалай құрылғанын түсіндіруді өтінуге болады (Бұдан әрі жұптағы бірлескен жұмыс кезіндегі түсіндіруді қараңыз).
Өзінің білімі мен біліктерін өздік бағалаудың артықшылықтары
Жоғарыда айтылғанға қатысты осындай әдісті пайдаланған зерттеу математикалық ойлау бойынша әзірлікті екі есе дамытты (Блэк және Вильямның шолуын қараңыз (1998).
Оқушыларды мақсаттарды зерделеуге және талаптарға жауап беретін жұмыс ерекшеліктерімен таныстыруға мәжбүрлейді.
Оларға одан әрі қалай даму керектігі туралы шешім қабылдауға, яғни, іс жүзіндегі дағдылар мен оқытудың мақсаттары арасындағы ауытқушылықты анықтауға көмектеседі.
Оқушыларға өздерінің оқуы бойынша жауапкершілік жүктейді.
Оқушылар өздері туралы оқушылар ретінде ойланады, осылайша қалай оқу керектігін үйренеді, бұл 'метатану' (ойлау туралы ойлану және өзінің оқуын өзіндік басқару) көптеген зерттеулерде оқыту үрдісін айтарлықтай жетілдіру ретінде қарастырылған болатын.
Көптеген теоретиктердің пікіріне сәйкес, өз білімін өзіндік бағалаудың ең маңызды артықшылығы осында: оқушылардың жетістік немесе сәтсіздіктің талантқа, сәттілікке немесе қабілетке байланысты емес, іс-тәжірибеге, жігерге және дұрыс сратегияларды қолдануға байланысты екенін түсінуге мәжбүрлейді. Оқушылар осыны түсінген кезде, олар өзін-өзі жетілдіруге ынталанады. Осы мәтіннің соңындағы мінез-құлықтың жеке түсініктемесін қараңыз.
6. Жалған баға
'Жалған' тапсырма – бұл жалған баға мақсатында мұғалім жасайтын тапсырмасы. Ол студенттің қиялынан жасалған болып ұсынылады. Мысалы:
Мұғалім ‘X’ және ‘Y’ екі тапсырмасын береді және студенттердің оларды бағалауын өтінеді.
Математика немесе сол сияқты пәндер бойынша студенттерге тапсырмалардың жауаптары беріледі:
Тапсырманың бір бөлігі бірдей дұрыс жауаптарды қамтиды, бірақ әдістер түсіндірілмейді және негізделмейді, кей жауаптар өте ұзақ, ал жұмыс мүлде түсінікті емес.
Тапсырманың басқа бөліктері дұрыс емес жауаптарды қамтиды, бірақ әдісі дұрыс, толық түсіндірілген және негізделген, ал жұмыс жақсы әзірленген және түсінікті етіп баяндалған.
Оқушылардың көбісі мақсат дұрыс жауап алу деп болжайтындықтан, әдіс және жұмысты қарастырмай, нашар жұмысқа өте жақсы баға береді.
Жазбаша жұмыс үшін: Тапсырманың бір бөлігіде көп техникалық терминдер мен әсерлі сызбанұсқалар берілген, өте күрделі грамматикалық ұзақ сөйлемдер бар. Алғашқыда жалықтыратын болып көрінген жұмыс, сұраққа жауап бермейді. Екінші жалған тапсырма - қысқа, техникалық терминдерді қажет болатын жерлерде ғана пайдаланады және сұраққа өте жақсы және қысқа жауап береді. Тағы да, оқушылар әдетте тапсырмалар мен бағалау өлшемдерін оқыған кезде, олар оған жеткілікті назар аудармайтындықтан немесе оларды жеткілікті түрде жақсы түсінбейтіндіктен, нашар жұмысқа өте жақсы баға береді.
Екі жағдайда да сынып талқылауды оқушылар өз бағаларын қойғаннан кейін өткізеді. Бұл оқыту мезеттерін атап өту және жақсы жұмыс өлшемдерін түсіндіру үшін пайдаланылады. Бұл талқылау өте маңызды және тапсырмалар көшірмелері бірдей болғандықтан, барлық оқушылар өз білімдерін өздері немесе жұптасқан жұмыста бағалайды. Мұғалім назарын осы жұмысқа және өлшемдерге бағыттай алады. “ ‘X’ жұмысына қараңыз. Өз жауабаңызды 3-сұрақ талап ететіндей етіп негіздей алдыңыз ба? Жауапты негіздеу нені білдіреді? Енді ‘Y’осыны қалай жасағанына қарап көрелік …”
Бірінше рет, Сіз жалған бағалауды пайдаланған кезде, оқушыларға бір тапсырмаға “А” бағасы қойылғанын, ал екіншісіне ‘D’ қойылғанын айту және олардан қайсысының қандай екенін сұрау қызықты. Әдетте, осылай болатындықтан, олар керісінше бағалайтын кезде, олардан тапсырманы үйде пысықтауды және негіздемелер әзірлеуді өтініңіз.
Бірінші рет, оқушылар жалған бағалауды орындайтын кезде, оларға бағалау өлшемдерін ұсынуға немесе ұсынбауға да болады. Егер бағалау өлшемдері берілмесе, өлшемдердің қаншалықты маңызды екенін және олардың неліктен болатынын атап өте отырып, жұмысты талқылауды аяқтауға болады. Дегенмен, егер өлшемдер соңынан көрсетілетін болса, оқушылар тек қана ұтады, олар осылайша оларды талқылауда байқап көретін және олардың нені білдіретінін зерделейтін болады. Жалған бағалау – оқушыларды бағалау өлшемдерін және бағалау әдісін түсінуге шын мәнінде мәжбүрлейтін озық тәсілдердің бірі. Мұғаліммен бірге талқылау кез келген дұрыс түсінбеушілікті түсіндіру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жалған тапсырма шын мәнінде оқушының атын көрсетпей алдыңғы жылы орындаған тапсырмасы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Сіз тіпті оның аты көрсетілмейтін болса да, авторлық құқық туралы заң орындалуы үшін, осы оқушының рұқсатын алуға тиіссіз. Егер оқушылар жұмыстарын электронды түрде ұсынатын болса, онда осындай мақсаттар үшін жұмысты сақтап қою аса қиын емес.
Көптеген оқушылар белгілі бір деңгейде 'сипаттау', 'түсіндіру', 'талдау' және 'бағалаудың' іс жүзінде ‘бірдеме туралы жазу’бір ғана нәрсені білдіретінін болжайды Жалған бағалау шынында оларға бағалау әдісін түсінуге көмек береді.
Басқа пайдалы әдіс 'шешімдер - шешімдер' пайдалану болып табылады. Студенттерге сөз тіркесін немесе мәтіннің қысқа параграфтарын сипаттау, түсіндіру, талдау және бағалауды жіктеу үшін береді.
Тапсырманың бір бөлігін жалған бағалау
Жоғарыда сипатталған сияқты, тапсырманың екі бөлігін немесе оларды талқылауға арналған уақыт әрқашан бола бермейді. Оқушылар ұқсас немесе бірдей тапсырмаларды орындаған соң бірден оларды түсінікті өлшемдермен салыстыруда өткен жылғы тапсырманы бір жақсы бөлігін ұсыну өте жақсы үй тапсырмасы болып табылады.
Оқушылар, негізінде, осыған ұқсас көп мысалдардан жақсы тәжірибе үйренеді. Бұл – оқудың өте табиғи тәсілі, жануарлар осылай үйренеді, ал біз түптеп келгенде – жануарға ұқсаспыз!
Оқушылар бірінші рет өздері бағалайтын жақсы жұмысты үстіртін көшіріп алуы мүмкін, бірақ мұғалімнің шебер түсіндіруінен кейін олар осындай жақсы жұмыстың маңызды ерекшеліктерін зерделейді және өздері көретін нәрсені жаңа жағдайларға бейімдейді.
7. Түсіндірілетін тапсырмалар
Мақсат – бұл дұрыс жауаптың алыну процедураларын жай ғана механикалық есте сақтау емес, математик болу екенін оқушылар білуге тиіс (немесе тіл маманы немесе т.с.с.). Бұл үшін олардың стратегияларды түсінуі, стратегияның қашан жұмыс істейтінін немесе жұмыс істемейтінін және неліктен екенін және көзделген мақсат үшін және одан әрі қандай бірнеше тәсілді басшылыққа алу керектігін білуі қажет. Математиктер және басқа мұғалімдер осындай дамуға ықпал ету үшін, «түсіндіру тапсырмаларын» ұсынуы мүмкін. Мысалы:
“Пифагор теоремасын қашан қолданылатындығын және қолданылмайтындығын анықтай оытрып, өз сөздеріңмен түсіндіріп беріңіздер. Сондай-ақ оның үшбұрыштың белгісіз жағын табу үшін қалай пайдаланылатынын түсіндіріңіз”.
Осындай тапсырмалар студенттерге тұжырымдамаларды түсінуге және оларды есте сақтуаға көмектеседі.
Жұптағы бірлескен жұмыс кезінде түсіндіру
Түсіндірмелі тапсырмалар жұп сабақтарда жазбаша үй жұмысы түрінде немесе ауызша жұмыс түрінде болуы мүмкін. Мысалы, жоғарыда берілген тапсырманы екі бөлікее бөлуге болады және оқушылар жұптары өз жартысын орындайды және бір-біріне түсіндіреді. Сосын олар ортақ күшпен бір-біріне түсіндіруді өзара бағалай және жалпы шешім ұсына алады.
Жұптағы бірлескен жұмыс кезіндегі түзететін түсіндірулер
Жоғарыда сипатталған жұптағы бірлескен жұмыс кезінде шын мәнінде жасайтын түсіндіру үшін мұғалім оқушыларға өте қысқа «дұрыс» түсініктер береді және оқушылардан олардың түсіндірулерінің қалай жақсартуға болатынын анықтауды өтінеді. Оқушылар тапсырманы алдымен өздері үшін орындайды, содан соң бір-біріне өз бетімен өзін- өзі жетілдірулерін тапқандарын түсіндіреді. Осыдан кейін ғана жұптар бір-бірінің жұмыстарынан жақсартулар таба алады. Сосын оқушылардан қатетері мен олқылықтарын түсіндіру мақсатында келесі жұмысқа дайындалуларын өтінеді.
Келесі сабақтың басында жұптарда түсіндірудің сондай тапсырмасы шолу сияқты қайталанады, бірақ жақсару нәтижесін тексеру бір мезгілде болады. Оқушыларды жаттап алмауға үйрету керек, олар өз жауаптарын түсіндіруге және оларды өз сөздерімен беруге тиіс.
Жұптағы бірлескен жұмыс кезіндегі түсіндірудің артықшылықтары
‘Тапсырмаларды түсіндіру’ студенттердің өз түсігінін түсіндірулерін және оны тексерулерін талап етеді. Сондай-ақ осындай түсінік негізінде жасалған түзету жұмысы орындалуы мүмкін. Түсіндірулер сияқты шешуші тармақтардағы шоғырлану, әдетте қысқа. Ол оқушылардың өз түсініктерін оны ұзақ уақыт жадында сақтау мақсатында жіктеуін талап етеді.
Жұптағы бірлескен жұмыс кезіндегі тапсырмалардың кейбір үлгілері
‘Сіз үшбұрыштың белгісіз жағын табу үшін нені пайдаланатынын қалай білесіз - синус немесе косинус? Түсіндіруге көмек беру үшін сызбанұсқаны бейнелеңіз, Сіздердің біреуіңіз синус, екіншіңіз косинусты аласыз’.
Сіз сөйлемде үтірді қай жерде, ал нүктені қай жерде пайдаланғаныңызды түсіндіріп беріңіз. Сіздердің біреуіңіз нүктені, екіншіңіз – үтірді қойған себептеріңізді түсіндіресіз’.
‘Терезенің жанында отырған адам сырқатты күту бойынша іс-шаралар жоспарын түсіндіреді, ал екіншісі күтім бойынша іс-шаралар жоспарын бағалаудың негізгі өлшемдерін түсіндіреді’.
8. Түзетулерді орындау
Сіздің алғашқыда дұрыс түсінбеген сұрақтарға жауап алуыңыз - Сіздің дұрыс емес түсініктерді ұмытуыңыздың және түсінуді жақсартуыңыздың кепілі. Егер оқушылар өздерінің қателерін дұрыстау керектігін білетін болса, олар барынша мұқият бола бастайды. Дегенмен, жай ғана мүлт кетуден болатын қателер, әдетте, еленбеуі, ал бірқатар қателер түзетуді талап етуі мүмкін.
Осы стратегия, көптеген оқыту стратегиялары сияқты, өте қарқынды пайдаланылуы мүмкін. Егер Сіз оқушылардан барлық өздерінің жұмыстарын түзетуді өтінсеңіз және олар осылай жасауды жалғастыра алмайтын болса, бұл іс аса жалықтыратын болып саналуы мүмкін. Алайда бұл әдістің пайдаланылуы жеткіліксіз болуы мүмкін. Тапсырмаларды қалай дұрыс орындауын түсіну қажет болса, оқушылар кейде тапсырмалардың басқа түрлерін орындау керек.
9. Диагностикалық сұрау
Бір ғана студентті сұрауға арналған мынадай екі балама тәсілді салыстырыңыз.
Оқытушы: «7 жай сан болып табыла ма?»
Студент: Иә
Оқытушы: «7 жай сан болып табыла ма?»
Студент: Иә
Оқытушы: «Неліктен?»
Студент: Себебі тақ сан
Бірінші сұрақ Блум Таксономиясының төменгі деңгейінде нақты және жасырын, танылмаған бола тұрып, студенттің жай сандардың – тақ сандар сияқты екенін дұрыс түсінбегенін көрсетті.. ‘Неліктен?’ сұрағы түсіндіру қажет болғаны үшін берілді, ол дұрыс емес түсіндіруді байқады. Келесі сұрау және түсіндіру қажет болған жағдайда дұрыс емес, ұсынуды барынша толық анықтау, сосын оны түзету үшін пайдаланылуы мүмкін.
Сұрау – қателерді табу және оларды түзетуге арналған өте жақсы және жедел әдіс’, бірақ ол егер сұрақтар диагностикалық болып табылатын және егер кезекті түзету болатын кезде ғана жұмыс істейді. Зерттеу сұрақтарын беріңіз және кезекті дұрыс емес сұрақтар нәтижесінде дұрыс емес ұсынулар туралы ойланыңыз. QCA материалында математика оқытушылары үшін осы әдістемеге қатысты қызықты нақтылаулар ұсынылады.
10. Шеберліктің қол жеткен деңгейінің тестісі
Шешуші тармақтарға сүйене отырып, қарапайым тексеру тапсырмасын немесе тесті өткізіңіз. Олар оқушылар үшін кез келген қызметті қамти алады:
негізгі фактілерді еске түсіруге арналған сұрақтар;
бірқатар жай есептерді орындау;
практикалық жұмыс;
бірнеше қарапайым емтихан сұрақтары және т.с.с..
Оқушылар өздігінше бағалайды. Оқушылар өз жауаптарын Сіз беретін жауаптар үлгісімен салыстырады.және өздеріне бағалар қояды. Сұрақтар жауап үлгілерін қабылдау үшін және өз жұмыстарына өзіндік бағалау үшін жеткілікті түрде жеңіл болуға тиіс.
Оқушылар өздері дұрыс түсінбеген сұрақтарды белгілейді және осы сұрақтарға дұрыс жауаптарды белгілейді. Олар аудиториядан тыс, дұрыс түсінбеген сұрақтармен жұмыс жасау үшін, тест көшірмелері мен жауап үлгілерін ала алады.
Оқушылар бірінше рет дұрыс жауап бермеген сұрақтарға ғана жауап бере отырып, тест тапсырмасын қайтадан орындайды. Олар балама түрде өздері дұрыс түсінбеген ұқсас сұрақтарға ғана жауап бере отырып, тест тапсырмасын қайтадан орындай алады. Бұны бірінші тестіден кейін бірнеше күн өткен соң орындауға болады және көп уақыт алмайды. Егер оқушыларға көп сұрақтарға жауап беру қажет болса, олар бұны бос уақыттарында жасай алады. Оқушылар сондай-ақ қайталайтын тестерді өздері бағалайды. Оқушылар кей жағдайларда осыған ұқсас, бірақ басқа тестіден өте алады.
Оқушылар кез келген жетістіктері туралы хабарлап отырады. Олар өздерінің алдына мақсат қояды, мысалы, 8/10 бағасын алу және олар көздеген мақсаттарына жеткенше жұмысты жалғастыратын болады.
Жоғарыда көрсетілген шешуші тармақтарды өзара түсіндірген кезде, оқушылардың материалды және оның құрылымын түсінгенін тексеріңіз, кем дегенде, оқыту пәніне 'неліктен' «не» деген сұрақ қанша болса, сонша назар аударыңыз. Онда кейбір су асты тастары болатындықтан, осындай әдістеме туралы барынша толық түсінік алу үшін Джеффри Петтидің ‘Бүгінгі оқыту’ қараңыз.
11 Оқушыларды сұрау және "таудың ұшар басына шығу"
Бұл қол жеткен шеберлік деңгейінің тестісіне қарағанда, шамалы қатаңдау ,сонымен қатар, барынша көңілдірек тапсырма. Мен барлық деңгейдің оқушылары үшін осы ойын нұсқасын сипаттаймын, бірақ ол барынша озық оқушылар үшін оңай бейімделген болуы ықтимал.
Өткен аптаның немесе екі аптаның оқуын , тақырыпшаларының жауаптары бар, қол жеткізген шеберлік деңгейінің үш немесе төрт сұрағын жазатын оқушылар командаларының арасында бөліңіз. ( Блумның таксономиясы бойынша төменгі деңгей). Осы сұрақтар мен жауаптар маңызды материалдар бойынша құрастырылып, шынында да қол жеткен шеберлік деңгейінің сұрақтары болып табылатынына және жақсы жауаптар болатынына көз жеткізе отырып, тексеріңіз. Топтар одан әрі әрекеттер үшін өз карточкаларының жеткілікті көшірмелерін жасайды.
Төменде дағдыларды иелену тақырыбындағы ойын үшін сұрақтары бар каротчка үлгілері берілген. Осы сұрақтар мен жауаптарды жазған оқушылар көп нәрсені үйреніп қалған. Сұрақтарды мәтіндік редактордағы кестеге салуға болады. (Егер сіз жолдар мен бағандарды біркелкі бөлу үшін «Автоіріктеуді» орнатсаңыз, онда барлық карточкалар бірдей өлшемде болады). Содан соң қажет болған кезде сіз әр тақырып үшін әртүрлі түспен жұқа карточкаларға басып шығара аласыз және сұрақтар жазылған карточкаларды кесе аласыз. Басқаша жағдайда, олар қолдан жазылуы мүмкін.
Сұрақ:
Қол жеткен шеберлік деңгейінің тестіне сұрақ қою үшін қолайлы екі басты сипаттаманы келтіріңіз
Жауап: 2-уін таңдаңыз:
Сұрақ өмірдегі білімді тексеріп, Блумның таксономиясы бойынша төмен деңгейде болуға тиіс.
Материал практикада қолданылған шығар
Сұрақ:
Қол жеткен шеберлік деңгейінің тестісі мен жай тесті арасындағы екі басты айырмашылықты келтіріңіз
Жауап: 2-інің біреуін таңдаңыз:
Оқушылар түзету жұмыстарын жасауға тиіс. Қорытындысында, барлығы тестілеуден өтеді. Мұнда бағалар қойылмайды, жай ғана өткені немесе әлі өтпегені анықталады. Сұрақтар Блум таксономиясы бойынша төмен деңгейлі болып табылады.
Оқушылар өз тобының сұрақтарын келесі топқа береді, сонымен, әр топ бірқатар сұрақтар алып, сұрақтар алмаса береді. Басқаша жағдайда, оқушылар жұппен карточкалардың толық жинағымен жұмыс жасайды. Олар бір-біріне кезекпен сұрақтар қояды. Егер оқушылар сұраққа дұрыс жауап беретін болса, олар өздерінің фишкасын ойын сөресінің төбесіндегі бір квадратқа орын ауыстырады да, тау шыңына жақындай бастайды. Сұрақтар жазылған карточкалар қанша болса, квадрат та сонша болады. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап бермесе, онда олар өздерінің «дұрыс жауап берілмеген карточкасын» сақтап қалады да, ойын кезінде дұрыс жапуапты зерделеуі мүмкін. Тау төбесінің алдындағы бір квадрат, оқушылар өздерінің барлық «дұрыс жауап берілмеген карточкаларына» екінші рет жауап беру мүмкіндігін алатын, «базалық лагері» болып табылады. Ойынның міндеті төбеге алғашқы болып бару емес, екі «альпинистен» құрылған команда үшін екеуінің де тау төбесіне дейін жеткенінен тұрады.
Оқушылардың сұрақтар қою мен бір-бріне жауап беру саласындағы зерттеулер тәсілдің жетістікке жетуді елеулі түрде жақсартатынын көрсетті. Неліктен бұлай болады?
12. Концептуалды картаны тексеру
Бұл жұмыс түсінудің терең деңгейлеріне бағытталған артықшылықтарымен ерекшеленеді. Одан басқа, оқытуда ұзақ уақыт еске сақтауды дамыту үшін, біріншіден, ол құрылымды болу тиіс және бұл оқыту стратегиясы оқушылардың өз түсініктерін құрылымдауын талап етеді және бұл құрылымның тұрақты болуын тексереді.
Оқушылар өздерінің жеке концепт-картасын жасайды. Оқушылардан тақырыпты аяқтаған соң, басты сәттерді жинақтап, негізгі арақатынастар мен ұстанымдарды қамтитын «концепт-картаны» немесе крест тәрізді диаграмманы толтыруды өтінесіз. Осыны жасау тәсілдерінің бірі – барлық қалған тақырыптар осылармен байланысты болғандықтан, негізгі ұстанымдар, өлшемдер, себептер немесе сұрақтардан және т.б. басталатын принцип-Картаны жасау. Балама ретінде оқушылардан барынша дағдылы мазмұнға негізделетін картаны жасауды өтінуге болады.
Оқушылар өз карталарын топтарда үш-үштен салыстырады. Олар өздерінің карталарын, сосын бір-бірінің карталарын жетілдіру бойынша шаралар ұсынады.
Мұғалім олардың карталарын көрсетеді.
Топ олардың карталары мен мұғалім картасының арасындағы айырмашылықты белгілейді, оларды талқылайды, содан соң өздерінің карталарын, кейін бір-бірінің карталарын жақсарту шараларын ұсынады.
Осы жетістіктерге қол жеткізілді.
Осы қызметті сол тақырып бойынша шолу ретінде қайталауға болады.
Формативті оқытудың қандай ерекшелігі бар?
Профессор Джон Хэтти кез келген басқа факторға қарағанда, оқыту сапасына кері байланыстың көп ықпал ететінін көрсетті. Сэдлер '89 оқушылар білуге тиістісін көрсетіп, болатын оқу үшін кері байланысқа талдау жасады:
Мақсаты, мысалы, "Менің тригонометрия бойынша тікбұрышты үшбұрыштың шешімін табуым үшін дұрыс әдісті пайдалануым керек. Мен диаграммаларды дұрыс пайдаланып, өзім қолданатын әдістер мен теңдеулерді көрсете отырып, өз жұмысымды дұрыс жоспарлап, есептеулерді жасау барысында неғұрлым аз қате жіберуім керек".
Олардың бастапқы жағдайы: олар мақсатына қаншалықты жетті. Мысалы, олар нені дұрыс жасайды, ал нені дұрыс жасамайды. "Мен, әдетте, дұрыс әдісті пайдаланамын және өз жұмысымды тиісті түрде көрсетемін, менің диаграммаларым анық және мен өз жұмысымда оларды жиі қолданамын".
Мақсат пен олардың бүгінгі позиция арасындағы үзілісті қалай жеңу керек, мысалы, "Менің синусты тангенспен шатастырмайтыныма көз жеткізуім керек. Мен күрделі диаграммалардағы тікбұрышты үшбұрыштарға дұрыс бөлуге тиістімін".
Формативті оқыту стратегиялары (дамуға ықпал ететін), жиі анық тәсілмен, ақпараттың осы үш маңызды бөлігін қамтамасыз етеді. Кері байланысты мұғалімнің ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аударыңыз. Бұл, құрдастары және өзін-өзі бағалаудың оларды оқыту үшін өзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті тәсілдері болып табылады.
Сілтемелер.
http://geoffpetty.moonfruit.com
“Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау” 2-басылым, Джеффри Пэтти, Нэльсон Торнс жариялаған (1998)
Формативтi оқыту, бастауыш сынып оқушыларынада тиімді бағалау. Топтар бiр бiрiн бағалағанда жақсы.