04.02.2016 күні Қарағанды қаласының №41 жалпы білім беретін орта мектебінде "Тұмауды алдын -алу" тақырыбында 5-7, 8-10 сыныптар арасында презентация жасау сайысы өтті. Әртүрлі презентациялар ұсынылды, орта буында 6 Ә сыныбы, жоғарғы буында 9ә мен 10 б сыныбы жеңіске жетті. Буклеттер таратылды. Менің білген ақпараттарыммен бөліскім келіп отыр.
Тұмау белгілері:
- қалтырау, дене қызуыныңы 39-40 0 с көтерілуі, бастың ауыруы, денедегі ауыртпашылықты, бұлшық еттердің және буындардың ауыруын сезіну, құрғақ жөтел, мұрынмен тыныс алудың нашарлауы;
Аурудың алғашқы белгілері кезеңінде:
- ауру белгілері біліне бастағанда жедел түрде дәрігерге тексерілу керек;
- алақаныңа емес шынтағыңа ғана түшкіру керек;
- көп мөлшерде сұйықтық ішу керек;
- С дәруіменін қабылдау.
Сақтану:
- қолды сабынмен мұқият жуу немесе дезинфекциялық заттармен сүрту;
- бір ретік орамалдарды пайдалану;
- тұтқаны және таяныштарды сирек ұстау;
- халық көп жиналған орындарға бармау;
- қоғамдық телефондарды пайдаланбау;
- салауатты өмір салтын ұстану;
- керек жағдайда медициналық бірреттік бет пердені (масканы) пайдалану.
АУРЫП ДӘРІ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫН ІЗДЕҢІЗДЕР!
ДЕНСАУЛЫҚ - ЗОР БАЙЛЫҚ!!!
Өте жақсы шара жүргізілген екен, уақытлы,маңызды.