Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер. Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады: - арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер; - баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау; - балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау; - түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру; - белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу. Бірінші бөлімде, танымдық процестерге байланысты әдістемелерді қолдандым. Олар: - Джонс креативтілік сұрақнамасы.Мұнда баланың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу қарастырылған; - Ойлауды анықтауға арналған әдістеме; - Көру арқылы есте сақтау; - Есту арқылы есте сақтау; - « Оперативті ес » әдістемесі; - Зейінді анықтауға арналған « Қызыл-қара таблицалар » әдістемесі; - Зейінді анықтауға арналған « Мюнстенберг » әдістемесі; - Ақпаратты қабылдау әдістемесі; Екінші бөлімде, бала қабілетін анықтауға байланысты алты тапсырма орындау және қосымша тест, тренингтер. 1 - тапсырма: « Жаттығулар » 2 - тапсырма: « Жағдайаттар » 3 - тапсырма: « Қанатты сөздер » 4 - тапсырма: « Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі » 5 - тапсырма: « Сөздік пайымдық қабіліттерді » зерттеу; 6 - тапсырма: « Бақылау » « Вербальды қиял » әдістемесі; Үшінші бөлімде, іріктеліп шыққан баланың ата - анасына, сынып жетекшісіне психологқа арналған әдістемелер қолданылады. Олар: - Мұғалімдер мен ата-анаға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі; - Мұғалімдерге арналған « Ой-өрістік портрет » әдістемесі; - Психологпен мұғалімге арналған « Оқушы сипаттамасы». Ақпаратты қабылдау Эксперименттатор сөздерді тез оқиды, оқушылар бұл сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазуы қажет. 2 рет оқиды. 1 минут беріледі. Кестеде 5 қатар бар: 1)Аңдар 2)Құстар 3)Ағаштар 4)Гүлдер 5)Ыдыстар 32 сөз оқылады: Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқар, Қасық, Роза, Қарағай, Тарелка, Емен, Зорман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Қаз, Шырша, Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, аққу, Бүркіт, Күркетауық, Тауық, Қалақ, Жираф, Стакан. Оқушылардың жазып үлгерген сөздерін санайды. Егер жазылған сөздердің саны 32 болса - ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31- 29 орташа. 28 төмен болса қабылдай алмайды деген сөз Джонс креативтілігі сұрақнамасы Мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу Жалпы сипаттамасы: Креативтілік сұрақнамасы (КС) өзін шығармашылықпен көрсетуге байланысты элементтерге көңіл бөледі. КС - бұл сыртқы бақылауға қолайлы кретивтіліктің байқалуын теңестіру үшін арнайы өңделген сегіз пунктілі шығармашылықпен ойлау мен іс-әрекет жасау сипаттамаларының шынайы тізімі. Сұрақнаманы толықтыруға 5 - 10 минут уақыт бөлінеді. КС бойынша маман кретивтілікті бағалау үшін бізді қызықтырған тұлғаның қандай да бір ортадағы әлеуметтік әсерлесуін бақылауды. Сұрақнаманың әрбір тұжырымы бес деңгейлі шкала бойынша бағалады. Креативтіліктің жалпы бағасы - сегіз пункті бойынша ұпайлар санының жиынтығы болып табылады. (ең төменгі 8 ұпай,ең жоғарғысы 40ұпай) Кестеде ұпай санының кретивтілік деңгейіне сәйкестілігі көрсетілген. Сұрақнама мәтіні Шығармашыл тұлға мүмкіндігі: 1. Қоршаған ортаның нәзік, белгісіз, күрделі ерекшеліктерін сезіну 2. Нақты жағдайда көптеген түрлі ойларды ұсыну және айта білу 3. Түрлі сипат пен деңгейдегі ойларды ұсыну 4. Қосымша детальдар, ойлар, баламалар мен шешімдер ұсыну 5. Елестете алу ,әзілқойлық,мүмкіндіктерді тұжырымдап,дамыту 6. Мәселені шешуе тосын, жаңа мінез-құлық таныту 7. Басқа келген қарапайым, көпшілікке белгілі ойлардан бас тартып, түрлі ойлар қарастырып, ұтымдысын таңдай білу 8. Туындаған қиындықтарға қарамастан өз шешіміне деген сенімін жоғалтпау, мәселені шешуде септігін тигізер қалыптан тыс ой мен бағыты үшін жауапкершілікті сезіну.