kz ru en

Авторизация


Ата-аналардың құқықтық мәдениетін көтеру, зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің түрлерімен және жәбірленушілерге көмек көрсету жолдары туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында өткізілген коучинг

№8 қазақ гимназиясында

«Зорлық- зомбылықсыз өмір- бақытты

балалық кепілі» тақырыбымен коучинг өткіздім. Коучинг 6 сынып ата-аналары, сынып жетекшілері мен гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Жасынбекова қатысты.

1-19 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» деп аталатын республикалық іс-шара аясында өткізілген коучинг жаңаша әдіс-тәсілмен ұйымдастырылуымен, мазмұндылығымен ерекшеленді. Жергілікті «Мысты өңір» газетіне берген мақалаларында атааналар: « Мұханова Майра Кинаділдәқызының ата-аналардың өз ойларын, өзіндік көзқарас пен пайымдарын ортаға салуға жетелейтін сыни тұрғыдан ойлаудың танымдық әдіс-тәсілдерін дұрыс, нақты таңдап ала білуі тақырып төңірегінде келелі әңгіме өрбітуге негіз болды» деп жазды.

Ата-аналар өз көңіл-күйлерін, ұсыныстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кручингтің сапалы болғанын, салмақты ойлар айтуға жетелегенін, бала тәрбиесінде берер көмегі көп болғандығын айтты. Иә, бала тәрбиесі –баршаның ісі. Олай болса, балаларымыздың бақытты балалығын қамтамасыз ету де баршаның міндеті болып қала бермек.

0
4

Комментарии (0)