kz ru en

Авторизация


"Ізденіс"шығармашылық тобы

«Ізденіс» шығармашылық тобы

                Мақсаты:  Мұғалімдердің (тәлімалушылардың) кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек етуіне мүмкіндік беріп, қазіргі заман талаптарына сай инновациялық бағытта өз сабақ, іс-шараларын ұтымды ұйымдастыра білуіне бағыт беру.

 Топ жетекшісі: М.Х.Хизирова

     

    Әрбір мұғалімнің күнделікті мектептегі ғұмыры бірдей сияқты көрінеді. Ал, бірақ мүлде ондай емес екенін тек қана өз мамандығына қызығып, сабағын ерекше өткізіп, оқушылардың алдында беделге ие болған мұғалімдер қауымы  ғана ұғынатын сияқты...

     Биыл мектебіміздегі «Ізденіс» шығармашылық тобын басқарамын. Жоғарыда көрсетілгендей, жұмыс жоспары топ мүшелеріне таныстырылған.Топ мүшелері тәлімалушылардан құралған. Олардың негізгі жұмысы екінші жартыжылдықта көріледі.Оған дейін деңгейлік курсты бітіріп келген тәлімгер мұғалімдердің жұмысымен танысуы қажет.

     Келесі топ «Таным» атты деңгейлік оқуды бітіріп келген тәлімгерлерден құралған топ болып есептеледі. Ол топтың мақсаты: тәлімгерлердің шеберлік сағаттары, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді семинар, коучинг ретінде өткізіп, өзге мұғалімдермен тәжірибе алмасу, қаладағы басқа мектеп мұғалімдерімен де қоғамдастық құру болатын. Үшінші топ «Жас мамандар» тобы болып, өз апталығы, семинар, байқаулары мен ашық сабақтарын өткізеді.

Күнделікті сабақпен қатар апта сайын ауысып келетін қаншалықты апталық, қаншалықты іс-шараларды жүзеге асыру да оңай шаруа емес екенін барлығымыз да түсінеміз. Міне, сондықтанда тәжірибелі мұғалімдер жұмыстарды бөліп алып, оқушыға да, мұғалімге де өз дәрежесінде жұмыс жасауға мүмкіндік берудеміз. Ал сіздерде қандай топтар жұмыс істейді? Ой бөліссеңіздер...

1
7

Комментарии (1)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Біздің мектепте шығармашылақ  топтар көп жұмыс атқарып жатыр.