Біздің миымыз қалай ақпаратты жаттайды
Сіздерде осындай кез болды ма?
Сіз мысалы сабаққа дайындалған кезде бір материалды қиналып оқып есте сақталмаған есіңізде ме? Ал кейбір кездерде қызықты нәрсе болса, бір рет оқып бәрін түсінуге болады. Неге біздің миымыз сондай қасиеттке бейім?
Адамның миы бір үлкен механизм сияқты. Жаңа ақпаратты сақтау болсын, ескі ақпаратты ойдан шығару болсын барлығы мидағы жасушалар - нейрондармен байланысты. Мида нейрондардың негізгі мақсаты басқа нейрон жасушалармен байланыс құрастыру, байланысты ажырау, бекіту. Егер ақпарат мида болса ол осы нейрондық байланыспен көрсетіледі. Алғашында, мысалы сіз өлең жаттағыңыз келсе, бір оқығаннан кейін жатқа айта салу мүмкін емес. Бұның себебі мидың ішіндегі байланыстарда. Алғашында, өлеңді бір оқығанда бір-екі байланыс түзіледі. Алайда, бүкіл мәтінді жатқа айту үшін мыңдаған астам байланыс керек. Оны қалай шығаруымызға болады.
Жаңа ақпаратты есте сақтаудың 2 дұрыс әдісі бар
Істеген жұмысты сыйақымен байланыстыру
Осығын бір жеңіл себеп бар, мида есте сақтау қабілетін жоғартатын Допамин деген белсенді зат бар. Ол мида сыйақымен байланысты, мысалы, сіз қуанғанда, дәмді тағам жегенде, жақын жолдастармен әңгімелескенде бөлінеді. Бірақта, әрине, ауыр сабақ қарағанда Допамин бөлінбейді. Енді оны көтеру үшін біз өзімізге шарт қойуымыз қажет. Өзіңізге айтыңыз: "Мен қазір бір сағат ойымды бұзбай осы тақырыпты оқысам өзіме шоколад сыйлаймын",-деп, шарт қойыңыз. Біраз қызық болып көрінетін шығыр, алайда бұл әдіс шынымен де сізге үлкен көмек көрсетеді. Мұнда ең маңызды бұл өз өзіңізге адалдық.
2. Бір өткен тақырыпты бірнеше рет қайталау.
Егер бір өткен материалды оқып қайталамаса нейрондық байланыстар жойыла бастайды. Ал егерде бір ақпаратты бір екі рет қайталаса нейрондық байланыстар берітірек бола бастайды. Бір екі байланыстардың орнына ондап жаңа байланыстар құрыла бастайды. Сонымен мәтін сіздің ойыңызда жатталып қалады.