kz ru en

Авторизация


Тест: Сізден қандай мұғалім шығады?

Тесттан өтіп көріңіз.

 

Саналы адамның барлығы 7-8 жасынан, тіпті кейбіреулер 4-5 жасынан бастап мектепке барады. Ес біліп, етек жинағаннан көрген алғашқы маманы – мұғалім болғандықтан, адамдардың 70-80 пайызы мұғалім болсам деген ой бір сәт болса да келеді. Кейбіреулер сол бала қиялдың жетегінде, арманына жетеді. Ал сізден қандай мұғалім шығар екен?

1. Бір кездері мұғалім мамандығын таңдау туралы ойлап көрдіңіз бе?

А. Жоға, жұмыссыз қалатын болсам да, мұғалім болмаймын
В. Негізінен жақсы мамандық, бірақ маған сәйкес келмейді
С. Иә, ол туралы ойым болған
Д. Алда не күтіп тұрғанын кім білсін?!

2. Мұғалім болсаңыз, үздік оқушылармен қалай араласар едіңіз?

А. Оларды ырқына жібермей, көп тапсарма беріп, қинаушы едім
В. Олар ең жоғары құрметке лайық.
С. Көтермелеп, мадақтаушы едім және үлгерімі төмендерге көмектесуін сұрар едім
Д. Үздік болсын, үштікші болсын, бөліп жармай, бәріне бірдей қараушы едім

3. Егер оқытушы болсаңыз, мектепке қандай өзгеріс енгізер едіңіз?

А. Сабақты мүлдем оқымайтын балаға 0 бағасын қояр едім
В. Оқушылар бір-біріне қамқорлық танытып, мұғалімге аса жоғары құрмет көрсетуді үйрететін пән енгізер ем
С. Сабақты ашық алаңдқайда, таза ауада өткізіп, түрлі ойындар ұйымдастырар едім
Д. Біздің мектептерде өзгертетін нәрсе көп, шын айтам

4. Оқушылар сіздің сабағыңызға келмей, қыдырып жүрсе қайтесіз?

А. Барлығына екі қояр едім
В. Ондай жағдай орын алуы мүмкін емес. Егер болса, келесіде өзім келмей қаламын
С. Директорге шағымданар едім
Д. Үздік оқушылар міндетті түрде менің сабағыма қатысатын болады, ал басқаларының ата-анасымен сөйлесемін

5. Үзіліс кезінде араның ұясындай шулап жатқан сыныпты қалай тыныштандырар едіңіз?

А. Барлығына айқайлап, ұрсар едім
В. Тыныш отыруларын өтініп сұрар едім. Мені тыңдай қояр ма екен?!
С. Мен «тыныш» десем болды, тына қалады
Д. Ешкімнің ойына келмеген бірнәрсе ойлап табар едім, бұл менің қолымнан келеді

6. Оқушылардың сырты келбеті сіз үшін қаншалықты маңызды?

А. Форма сақтамай, пирсинг істеп, макияж жасап келетін оқушылар болса, сазайын тартқызамын
В. Өзім оқушы болғанда мектеп формасын жек көруші едім. Сондықтан еркіндік беремін
С. Егер мектеп тәртібі бойынша, форма сақтау керек болса, қадағалаймын. Заңның алдында бәрі де бірдей
Д. Ненің жақсы, ненің жаман екенін оқушылар өздері біледі

7. Мектепте балалар төбелесіп жатыр деп елестетіңіз. Сіздің әрекетіңіз қандай болады?

А. Ұрсып, жазалайтын едім
В. Оларды ажырату үшін күзетшіні шақырамын. Директорге, ата-аналарына қоңырау шаламын. Оларды ажыратуға шамам жетпейді
С. Білмеймін, мұңайып қаламын. Оларды ажырату керек шығар...
Д. Басқа балалармен бірігіп оларды ажыратып аламыз. Содан соң әр қайсысымен жеке-жеке сөйлесемін

8. Табиғат аясына демалуға шыққанда екі бала жоғалып кетті, телефон қоңырауына жауап бермейді дейік. Мұндай жағдайдан қалай шығасыз?

А. Балалармен бірге іздейміз. Тапқан соң, оңдырмай жазалаймын.
В. Бұл деген сұмдық қой. Өкіріп жылаймын.
С. Сыныптастарымен бірге жүрмегені үшін балаларды айыптаймын, содан соң іздеймін, басқа не істеймін?!
Д. Басқа балалармен бірге жер-көкті іздейміз

9. Сіздің сыныбыңыздағы бір қызды барлығы келеке етіп, үнемі ренжітеді. Балаларға олай істеуге болмайтынын қалай түсіндіресіз?

А. Қудалау туралы фильм көруді ұсынамын. Нәтиже шықпаса, қыздан жеке-жеке кешірім сұратамын
В. Оған менің түк қатысым жоқ, араласпаймын
С. Олардың ата-аналарымен сөйлесу керек деп ойлаймын
Д. Өздеріңді орнына қойып көріңдер деп, бұл адамгершілікке жатпайтынын мысал келтіріп түсіндіремін

Сұрақтарға нұсқада берілгеннен өзге жауап берем десеңіз, пікір жазу өз құзырыңызда. Ал тесттің жауабы

Жауаптар нұсқасында қай әріпті көбірек таңдағаныңызды қараңыз.

«А» Сізді көрсе оқушылар алыстан аяқтары дірілдеп, қорқып жүретін болады. Оларға үнемі айқайлап, жекіріп, жексұрын көрінесіз. Өзіңіздің мектептегі ең қатал мұғаліміңізді, оған деген ұнамсыз сезіміңізді еске түсіріңіз де, өз оқушыларыңызға мейірімді болуға, сабырлылық танытуғы тырысыңыз. Сізден бірнеше адам үлгі алатынын, тіпті өзі қаламаса да еріксіз сіздің қасиеттеріңіз олардың бойына сіңетінін естен шығармаңыз. Өмірде нашар мұғалімдер қатарын көбейте бергіңіз келмесе, өзіңізді қолға алыңыз

«В» Сіз мектептегі ең осал, тәжірибесіз мұғалімдер қатарын құрайсыз. Бойыңыздағы қабілетіңізді қолдана білмейсіз, сондықтан, оқушылар сізді сыйламайды. Өзіңіз оларға құрметпен қарасаңыз, олар да сізді жеткілікті дәрежеде бағалайтын болады. Ал өзіңізді шыңдап, биікке ұмтылмасаңыз, өмір бойы директорден кешірім сұрап, мүсәпір болып жүруге тура келеді.

«С» Сізден өте жақсы мұғалім шығады. Кейде оқушыларға ұрсып, қабақ түйіп қоясыз. Ата-аналарын шақыртып, екілік те қояйып беретін кезіңіз болады. Бірақ орнымен ұрсып, орнымен талап қоя білгеніңіз үшін оқушылар сізге зор құрметпен, сүйіспеншілікпен қарайды. Мектептегі адал да өз ісіне берілген мұғалім боласыз.

«Д» Егер сіз мектеп деген не екенін көрмеген болсаңыз, сұрақтарға басқаша жауап берер ме едіңіз?! Ал қазіргі жауаптарыңызға қарап сізді бүкіл мектеп жақсы көретін ең сүйікті мұғалім болады деп айта аламыз. Барлық балаларға өз балаңыздай жаныңыз ашып, бойыңыздағы бар қасиетіңізді олардың бойына сіңіруге барыңызды саласыз. Білімнен бұрын, тәрбиеге көп көңіл бөлесіз. Әрдайым ізденісте жүріп, оқушыларды тың жаңалықтармен таңдандырасыз. Сол себепті барлық оқушыларыңыз сабақты беске білетін болады. Әр бала сіздің сабағыңызды асыға күтеді.

Сіз қай жауапты таңдадыңыз?

0
6

Комментарии (0)