Қазақстан Президенті еліміздегі барша әйелдерді келе жатқан 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы 1 наурызда «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын қабылдау туралы жарлыққа қол қойғанын айтты.
– Бағдарламада жақсы жаңалықтар аз емес. Мектепте оқытудың мемлекеттік білім стандарттары әлемдік стандарттар негізінде жаңартылады. Әрбір түлек алғашқы кәсіптік біліктілікті тегін игеру мүмкіндігіне ие болады. Біз балаларды мектепке дейінгі оқумен 100% қамтуға ұмтылып отырмыз. Келесі жылдан бастап үш тілді білім беру ісін біртіндеп енгізе бастаймыз. 2020 қарай 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қамтамасыз етіледі. Ғалымдардың болжамынша, 2020 жылға қарай жер жүзіндегі халықтың 50 пайызын «цифрлы балалар» құрайтын болады. Әңгіме мектептерімізді ақпараттандыру туралы болып отыр, 2019 жылға қарай олардың барлығы жылдам интернетке қол жеткізуге тиіс. Ақыры біз Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасып жатыр екенбіз, демек осыны да жүзеге асыру керек, – деді Қазақстан Президенті.
http://www.edu.gov.kz/ru/news/glava-gosudarstva-podcherknul-chto-1-marta-v-ramkah-plana-nacii-100-konkretnyh-shagov-im-byl
Глава государства Нурсултан Назарбаев в Акорде провел встречу с представительницами женской общественности Казахстана «Көктем шуағы», пишет пресс-служба Акорды. Президент Казахстана поздравил всех женщин страны с наступающим Международным женским днем 8 марта.
Глава государства подчеркнул, что 1 марта в рамках Плана нации «100 конкретных шагов» им был подписан Указ о принятии новой государственной программы развития образования и науки на 2016-2019 годы.
- В ней есть немало хороших новостей. На основе мировых стандартов будут обновлены государственные образовательные стандарты школьного обучения. Каждый выпускник получит возможность бесплатно освоить первую рабочую квалификацию. Стремимся, чтобы 100% детей были охвачены дошкольным обучением. Уже со следующего года мы начнем поэтапно внедрять трехъязычное образование. К 2020 году будет обеспечен переход на 12-летнее образование. По прогнозам ученых, к 2020 году 50% населения земли будут составлять «цифровые дети». Речь идет об информатизации наших школ, до 2019 года все они должны иметь доступ к скоростному интернету. Раз мы уж интегрируемся в ОЭСР, то нам необходимо это осуществлять, - сказал Президент Казахстана.