Біздің мектебімізде дарынды оқушылардың өз қабілеттерін, өзіндік қызығушылығы мен қоғам
мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасалған. Болашақта осы жұмысты
жандандырып, толық нәтижесін көру ұшін келесі жағдайлардың болуы міндетті деп
ойлаймын. Ол үшін мектеп психологы, ұстаздар мен ата-аналар арасында тығыз
байланыс болуы шарт. Сонымен бірге, мектепте келесі жұмыстар, яғни:
оқушылардың ғылыми қоғамының құрылуы
оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру үшін
жағдай жасау; ғылыми –
зерттеу проблемаларын шешу барысында қоғам мүшелерін өз
бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;ғылым, техника, өнер саласындағы
жетістіктерін танымал ету; шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту; ғылыми
ізденудің әдістерін үйрету;шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу
жұмыстарын жүргізу;ғылыми білімнің әр адам үшін және
жалпы қоғам үшін маңыздылығын ұғындыру ата-аналардың балаларына рухани байлығын жан-жақты дамытуына жағдай
туғызып, әр кез қолдау көрсетіп отыруы
қажет.
Шамшибану мұғалім! барлық бала дарынды, сондықтан біз мұғалімдер тарапынан сол дарындылығын ашуымыз керек, сіз дұрыс айтасыз сондықтан жан- жақты болу үшін жағдай туғызуымыз қажет. Сізге сәттілік тілеймін!