kz ru en

Авторизация


Автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша мониторинг жүргізу әдісі

Бүгінгі таңда дамыған елдерде басқару жүйелерін автоматтандыру саясаты кеңінен жүргізіліп жатыр.Қазақстанда осы елдер сияқты,автоматтандырған басқару жүйесін енгізуді алға мақсат етіп қойған.Атап айтқанда,білім беру үрдісінде ақпараттандыру қағидасына ерекше назар аударуда.Сонымен бірге,мектептегі басқару жүйесін автоматтандыру,мектеп пен ата-ананың ара қашықтығын қысқартып ғана қоймай,ата-анаға баласының мектептегі өмірімен жақыннан таныс болу мүмкіндігін береді.

Айта кетелік,дүниежүзілік тәжірибеге сүйенсек,автоматтандырылған жұмыс орындары,оның ішінде,мектептегі автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) күн санап білім берудің ажырамас бір бөлігіне айналып келеді.Дегенмен,кейбір елдерде бұл жүйе дағдарысқа ұшырап,сапалы нәтиже бермегендігі де белгілі.Оның басты себебі,зерттеушілердің стратегияны дұрыс таңдай алмауы,инфроқұрылымның дамуын,желілік технологияларды,контенттің мазмұны мен автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ) енгізу жолдарын жүйелі түрде жасалмауынан болып табылады.

Өзгермелі мына дәуірде,берілетін жауапқа қарағанда,қойылатын сұрақтар қатары көбейіп келеді.Мысалы,автоматтандырылған басқару жүйесіне енгізілген білім ұйымдары қандай болу керек? Бұл ұйымдардың техникалық базаларын жаңартылуы мен білім ресурстарына қолжетімділігі қандай дәрежеде болуы қажет?Ұстаздардың біліктіліктерін арттыру мен бірге мектептерді басқару түбегейлі өзгереме?

Жоғарыдағы айтылған мәселелер мен сұрақтарға жауап ретінде,мен,білім беру ұйымдарында басқару жүйесін автоматтандыру (АБЖ) нәтижесін айқындайтын мониторинглік зерттеу жұмысын құру оның құрылымдық және функционалдық компоненттерін ұсынамын.

Білім беру ұйымдарында мониторингілік зерттеу жұмысын жүргізудің маңыздылығы.

Мониторинг – білім сапасын жоғары деңгейге жеткізудің,инновациялық жобаларды жасаудың ең тиімді түрі.

«Мониторинг» сөзі латынның «monitor» тілінен аударғанда кейбір әрекеттерді бақылау,басқару деген мағынаны береді.Яғни,мониторингті кез-келген мақсатқа,нәтижеге жету үшін қолдану тиімді болып табылады.Мониторинг бағдарламаны басқарудың бір бөлімі,әрі оның құралы болып табылады,сонымен бірге басқаруда кері байланысты қамтамасыз етеді және бағдарламаның іс-шараларын орындайтын әрекеттердің бірі ретінде қарастырылады.

Мониторингті нақты жоспарға сәйкес үш позиция бойынша ресурсты қолдану,мақсат, және жұмыстың сапасы жүргізу қажет.Бағдарлама немесе жоба бойынша жұмыс барысының сапасын талдауға мүмкіндік береді,атап айтқанда,пікірлерде кімнің нақты ат салысқандығы, жұмысқа қатысқандар және қатыспағандардың нақты себебінің ақпаратын,шығармашылыққа сыни көзқарас және т.б.

Білім беру ұйымдарын ақпараттандыру бағдарламасының мониторинг жүйесі мына бағытта құрылу қажет:

диагностика нәтижесін есепке ала отырып,автоматтандырылған басқару жүйесінің (АБЖ) тұжырымдамасын жасау.

жобаны іске асыру үшін жұмыс көлемін аңықтау,нормативті құжаттарды жасау,автоматтандырылған басқару жүйесін енгізудің нақты графиктік жоспары, қажетті бағдарламалық жабдықтар.

берілген деректердің мониторингісін қалай және кімге берілетіндігін жоспарлау (директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары – білім беру ұйымының басшысы – қалалық білім бөлімі).

Аталған үдерістің ашықтығы және қолжетімдігі жоспарлы және үзіліссіз кері байланыстың, ал оны басқарушы шешім әлдеқайда тиімді және ойластырылғандай болуы өз септігін тигізеді.

ХХІ ғасырда оқытудың білім үдерісінде компьютерлік технологияларды қолданудың маңызы зор,өйткені күнделікті өмірде және педагогикалық үдерісте компьютерді қолданбау мүмкін емес.Қоғамда ақпараттық ағымдардың өте тез жылдамдықта тарайтындықтан,ауқымды ақпараттық орта қалыптасады.Сондықтан қазір Қазақстан үшін әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне енуі жаңа білім жүйесін қалыптастыруының маңызы зор.

ІТ-технологиялар білім беру үдерісінің дамытудың құрамдас бөлігіне айналып келеді.Оны қолданудың тиімді екені де көрініп жатыр.Әсіресе жариялы және ашық қолжетімді ақпараттық ортаны басқару,дерек көздері мен мәліметтер қорын алдын ала жоспарлау оңай немесе жеңіл болатыны белгілі.Мұндай ұйымдарда үлкен көлемдегі ақпаратты жинау оңай.Керек ақпараттар аңықталып,уақытылы талдау жасалуы керек.Бағдарламада мониторинг нәтижесі оның бағалау құрылымына сәйкес жүргізіледі. Халықаралық тәжірибеде жалпылай қабылданған бағалау түрлері:

Релеванттық – бағдарламаның мақсаты шешілетін мәселелерге және қоршаған жағдайларға сәйкес болуы;релеванттық критерий бойынша бағалау – бағдарламаны

Тиімділігі – бағдарламаның (қорлар) құралын балама амалдармен қаншалықты жақсы сапалы жолдары бар екендігін салыстыру арқылы көрсету;тиімділік – бұл нәтиженің/шығындардың байланысын көрсетеді;

Нәтижелілік – бағдарламаның мақсатының орындалуын және нәтижесін көрсетеді;

Импакт – жобаның қоршаған ортаға ықпалын,оның  кеңірек (стратегиялық) әлеуметтік-экономикалық саясаттағы мақсатын көрсетеді;

Тұрақтылық – ықтималдық жобаның іске асырылуындағы пайданы қолдайтын қаржыландырудан кейінгі бағдарлама арқылы жұмыс істеуді жалғастыру.

Мониторингте негізге тіреу тиімділікке,нәтижелілікке және орнықтылықтың белгісіне, кішігірім дәрежеде – релеванттық және импакт арқылы жасалады.

Деректер жинаудың негізгі әдістері

Сауалнама.Жазбаша сұрақтарға жауап,сұрақ түрінде қағазда,онлайн түрде,яғни,интернет арқылы (google сервисі) іске асыруға болады.

Интервью.Сұрақтар қойылып нақты жауаптар алынады.

Фокустық топ.Маманның жетекшілігімен,топтық талдау.

Бақылау.Оқиғаларды,фактілерді тіркеу (ашық және жабық формада)

Енді осы мәселерге қатысты шағын кестесін ұсынамын.

Әдіс

Аңықтама және қолдану

Тиімділігі

Тиімсіздігі

Сауалнама

Сұрақтар тізімін,жауаптарды дәйекті түрде кодпен жазуға болады

Бірден үлкен іріктеумен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Респонденттерге жауап беруден бұрын,ойлауға мүмкіндік береді.

Сұрау жасырынды түрде де бола алады.

Мәліметтерді жинау және салыстыруды жеңілдетеді.

Жауаптардың сапасы көбінесе сұрақтарды айқын құрастырғаннан болады.

Адамдарды сауалнамаға қатыстырып,оны толтыруға түрткі болудың қиындығы.

Интервью

Интервью дербес немесе телефон арқылы ашық немесе жабық сұрақтар қоюмен шектеледі.

Респондеттер өз сөздерінде өздерінің тәжірибесі туралы үйреншікті,оның жағдайы үшін айтады.Кез келген қызықты және күтпеген бағытта өрби алатындығымен ыңғайлы. Сұрақтарды тереңдетіліп беруге мүмкіндік береді.

Көп уақтеытты талап етеді.Техникалық себептер респондеттің жауабына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Фокус-топтар

Мақсаты бір топтың өкілдерінің зерттелетін тақырыпқа, пікірталастары, мағлұматтар туралы шоғырландырып өткізу.

Иерархиялық ықпалды аңықтау үшін тиімді.

Нәтижелер жалпылауға жатпайды.Уақыт көп кетеді.

Бақылау

Журнал немесе күнделікте бақылау және жазу ісін жүргізу,атап айтқанда:кім?не?қашан? қайда?қалай?Бақылауды сараптамаға қосуға да,қоспауға да болады.

Бақылау қорытындысындағы өзгерістерге толық сипаттама береді.

Нәтиженің интерпретациясы бірмәнді емес болуы мүмкін.Мәліметтердің сапасы және құндылығын бақылау және жазу ісін жүргізудің дағдыларына байланысты болады.

Жазбаша құжаттарға сараптама

Құжаттарды,талдау,жазулар, әкімшілік деректер қорлары, оқу материалдары, корреспонденциялар.

Зерттеуді әрі қарай айқындауға жататын сұрақтар көрсетіледі,респондеттердің ахуалының қабылдауларына қорытынды жасайтын әсер.

Көп уақыт алуы мүмкін.

 

Деректер жиынының қатынасындағы белсенді басымдылықтарын аңықтап аламыз және олар:қажеттілік,шектеулер,уақыт,қамту және кім үшін зерттеулер жүргізіледі.

Енді мониторинг жүргізудің тиімді элементтерін қарастырайық.

Электронды журнал.Мониторинг-электронды журналдың көмегімен оңай жүргізіледі.Электронды журнал мектеп мониторингісінің ақпараттық технологиялық қолдауында мұқият өңдеу және жаңа технологияларға сәйкес құралдарды толығымен білім беру үдерісінде қолдану болып табылады.

Баға.Жүйелі түрде талпынысты жүзеге асыра отырып,орындалған бағдарламалар мен жобалардың өзектілігін,тиімділігін және табыстылығын объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Сауалнама.Бұл әдіс бүгінгі таңда кеңінен қолданылып келеді.Сауалнама қатысушының дәрежесіне қарай жасалынады.Сауалнама нәтижесінен нақты бір шешім қабылдап,қойылған мақсатқа арналған жұмыстарды онан әрі қарай жүйелеуге септігін тигізеді.

Сонымен мониторингтік зерттеу бізге не береді?

білім беру ұйымдарын ақпараттандыру бағдарламасын құрастыруда дамытудың стратегиялық бағыттарын аңықтап береді;

ақпараттандыру бағдарламасының жүзеге асырылуын бағалау мақсатында кіріктірілген сыртқы сараптама жұмысын ұйымдастыру;

автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) шеңберінде білім жобаларының жүзеге асыру тиімділігін ескеру сияқты нұсқаулар береді.

Міне осылайша, білім беру ұйымдарында автоматтандырылған басқару жүйесін дамыту үшін жасалынатын іс-шаралардың қысқаша мазмұнымен танысып шықтық.Бұл ұсынылып отырған жоба,негізіген бүгінгі таңда батыстың дамыған елдерін кеңінен қолданылып келеді.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсатында «....білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтасыз ету» деп көрсетілген болатын.Мұндай мақсатқа жету үшін,алдымен білімділік пен біліктілікті,мәдениет пен өркениетті талап ететіні сөзсіз.

 

 

 

Пайдаланылған ақпарат көздері:

Электронды оқыту бойынша мониторинг жүргізу. Алматы:ББЖ КБАРИ,2012

3
16

Комментарии (3)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Пайдалы

Цемох Светлана,
Преподаватель

Рахмет 

Уралбаева Гулжамила,
Преподаватель

Көп  іздену  қажет