kz ru en

Авторизация


Қазақ тілі сабағында жаңа технологияны қолдана отырып оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

Мектепте оқытылатын барлық пәндердің маңызы зор, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекше. Қазақ тілінен сабақ беруде оқушының ойлауы мен тілін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын ұмытпағанымыз жөн. Оның ішінде әрбір грамматикалық тақырыптардың да қосатын үлес салмағы бары анық. Сонда қазақ тілі грамматикасы оқытылуының нақты тәрбиелік мүмкіндіктері қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тілін дамуында үлкен орын ала алады? Жалпы, білім негізі бастауыштан басталатыны барлығымызға мәлім.Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың өзіндік дүниетанымдық поэзияларын қалыптастыруда тәрбие теориясымен тығыз бірлікте қарастырылады. Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетіндамытуына жол ашуы қажет. Танымдылық белсенділік - оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсінуіміз керек. Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен  мақсаты, оқыту және тәрбиелеудің жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр.Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қлолдануды талап етеді.Сондай әдістердің  бірі - оқушының байқау, көру, қабілетінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын көрнекілік әдісі.

     Қазіргі мұғалімдерге ұсынылып отырған қазақ тілі пәні бойынша тірек-сызбалары теориялық материалды игеруге практикалық тұрғыдан үлкен көмек береді. Көптеген психологтардың пікірі бойынша, оқыған материалды есте сақтаудың тиімді әдістердің бірі - оны шартты белгілер бойынша танып - білу арқылы есте сақталатын мойындаймын. Орыс тілінде аудиторияда қазақ тілінен сабақ жүргізудің негізгі міндеті - бұл ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорды есте сақтау, коммуникативтік аспект – қарым-қатынасты қалыптастырумен қатар, негі теориялық материалды кесте мен сызба түрінде түсіндіріп отырса, ол, әрине есте сақтау қабілетін арттырады. Сызба арқылы оқыту тәсілдері қажетті грамматикалық тақырыпты жылдам әрі тиімді меңгеруге көп көмегін тигізеді.

Мұғалімнің міндеті осы дайын тірек-сызба, кестелердің өзінің жеке іс-тәжірибесінде қолдана отырып, әр тақырыпты іріктеп, талдап, сызбаларды барынша түсінікті етіп оқушыға жеткізе білу.

Мысалы: фонетика бойынша и, у дыбыстарының жуан, жіңішке болып келуіне байланысты сабақта міндетті түрде салыстырмалы кестені қолданамыз.

Әрине, оқулықтағы барлық материалдарды сызба немесе көрнекілікті айналдыруға болмайды. Педагогикалық талап - білім беру жолында қолданылатын теория мен практиканы басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың тілден алған теориялық білімін практика жүзінде меңгерту мақсатталады. Қазақ тілінде әр септіктің формасы біркелкі жүйеде қалыптасқан. Бірақ оны жаттап алу оқушылардың қазақ тілін сапалы түрде тиянақты меңгеруінде дұрыс нәтиже бермейді. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте қалады. Мен өзімнің сабағымда жиі сигналды кәртішкелер, символдарды мол пайдалана отырып  педагогикалық технологияның бір тармағы- жеделдетіп оқытуға жататыны мәлім.Сөйлеу мүшелері арқылы сөйлем құрамында шартты сызық белгілерін немесе сұрауларды көрсетіп, осыларды қажетті сөздермен алмастыру керек деген тапсырма беріледі. Ал, сөз құрамын меңгерткенде «Орын тап!» атты ойынды ойнату арқылы, оқушылардың ойын шақыртып, ойлантуға мәжбүрлеймін.

Осы әдісті қолдану арқылы проблема шешіледі: оқушылар ойлап тауып, сөйлем құрастырады немесе байланыстырады. Нәтижесінде ойларын жазады, салыстырады, табады, талқылайды. Алған білімін жіктейді, саралай біледі, ең негізгі түйінін түсіне біледі.

Жалпы айтқанда, тірек-сызбамен оқыту - заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Дидактиканың, тәрбие теориясының, психологияның, таным теориясының барлығының түйіскен нүктесінде қарастырылатын мәселе.

        Қорыта айтқанда, орыс мектебінде қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін мәнділігі бұдан кем емес. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға, қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға көп көмегін тигізеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде»  журнал, 2009, №12.

Т.М.Артықова. «Қазақ тілі бойынша тірек-сызбалар».

В.Ф.Шаталов. «Тірек-сызба нұсқасы».

Ж.Адамбаева. «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері» 1993.

М.А.Аманбаева. «Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану».

 

 

«Қыздар гимназиясы» қазақ тілі және әдебиет пәнінң мұғалімі

Саметова  А.Ж.

2
6

Комментарии (2)

Цемох Светлана,
Преподаватель

Нужно !

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларын тимімді пайдаланса, білім сапасы жоғары деңгейде болады ғой.