Орыс тілді топтардағы қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары
Абдиманова Б.У., «Теміртау қалалық әйелдер гимназиясының» жоғары санатты оқытушысы
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғанымен, қанатын әлі күнге дейін кең жая алмай келе жатқаны өкінішті. Оның себебі бәрімізге белгілі.Бүгінгі таңда оның өміршендігін қалыптастырып, ресми құжаттар, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналдыру үшін жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізу керек.Бұл маңызды істе орыс тілді аудиторияларда еңбек ететін ұстаздардың иығына түсетін жүк өте зор. Өйткені олардың өзге ұлт өкілдеріне ана тілімізді үйрету мәселелерінде тыңнан түрен салып, өз бетінше тер төгуіне тура келіп отыр.
Қазақ тілінің негізгі байлығы - оның сөздік қоры. Ол байлықтың қалай жиналғанын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасау тетігін жүйелі түрде, арнайы зерттеу -бүгінгі күннің талабы.Тіл дамыту мәселесі – күрделі әрі ұзақ жүргізілетін процесс.
Тіл дамыту сабақтарында көркем әдебиеттен мәтіндер оқып, түсініксіз сөздерді түсіндіріп, мәтінде кездесетін қиын сөздерді түсіндіріп, мәтіннің негізін білім алушының өз сөзімен қысқаша баяндап айтқызып, сурет арқылы сөйлем құратып, мазмұндама, шығарма жаздырып, сөздердің мағанасына талдау жасатып, белгілі бір жүйеде жүргізілмей жүргендігі ойландырады. Оған ерекше мән берсек, жоғары оқу орындарында «Тіл дамыту жұмысы» деген терминнің, түсініктің мағынасын, оның мазмұнын оқытушылар әр түрлі мағынада түсініп оны кешенді түрде қолданбайтындығы байқалады.
Сабақ – оқытудағы ең негізігі процесс.Есие қалдыру, жан-жақты білім алушының бойына сіңірте білу әрбір пән оқытушысының өзіндік шеберлігін, шығармашылық еңбегін қажет етеді.Белгілі педагог К.Д.Ушинский бір сөзінде «Балалық шақта есте қалғандар өшпейді, ізі мәңгі сақталады» деген болатын-ды. Сондықтан да орыс тілді аудиториялардағы қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмысының алдына белгілі бір мақсат қойылады.Тіл дамыту жұмысын белгілі тақырыптың оқытылуына негіздей отырып, біз тілдік процестің мына негізгі мәселелерін үйретуіміз қажет. Яғни, белгілі бір тақырыпты оқытумен байланысты оқытушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздерді үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгеру, сөз бен сөздің байланысын, тіркесін үйрету, сөйлем құрап үйрету, ойын жазбаша сауатты дұрыс жаза білуге дағды беру, ауызша ойларын жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге, әсіресе, тілдің дыбысталу жүйесін меңгерту керек. Сонда осы айтылғандар күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіліп отырса ғана тіл дамыту жұмысы жүйелі, жоспарлы, белгілі бір мақсатпен өткізіледі.
Тіл дамыту жұмысын кешенді түрде жүргізудің жолдарына тоқталық:
тілдің дыбысталу нормасын меңгеру жеңіл жұмыс деп айтуға болмайды.Орыс тілді аудиторияларда тілдің дыбысталу нормасын ( екінші тілдің) дұрыс меңгермейінше ауызша дұрыс сөйлеу мүмкін емес. Өйткені оны дұрыс меңгермеген білім алушы жазуда да қате жібереді. Әсіресе, орыс тілді аудиторияларда оқитын қазақ балалары орыс тіліндегі сөздерге дұрыс екпін түсіріп айта алмайды. Сондықтан қазақ және орыс тілдеріндегі дыбыстарды дұрыс екпін түсіріп айтумен байланысты жұмыс түрлерін дұрыс ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Әсіресе, іс-тәжірибе жұмыстарында осы мәселеге көбірек көңіл бөлген тиімді.
сөздік дегеніміз – тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгеру қажет.Демек, сөз өзінен-өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн.Сөзді меңгеруде тақырыптық жүйенің дұрыстығы керек. Яғни, әр түрлі лексикалық тақырыптарға байланысты айналаны, қоршаған ортаны бейнелейтін, танытатын сөздерді меңгерген ұтымдырақ. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында білім алушылар міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Білім алушылар үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: біріншіден, сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.
сөздің мағынасын дұрыс түсіндірудегі ең тиімді әдіс – сөзді ана тіліне аудару, сондай – ақ сөзге морфологиялық талдау жасау, синоним, антоним сөздерді, түбірлес сөздерді топтап көрсету, сөзден сөз тудыру, жаңа сөз жасау. Сөздік жұмысын жүргізуде үйренген сөздерін сөйлеу тілінде бірнеше рет қайталап отыру да орынды. Сондықтан сөздік материалының молдығы тіл дамыту процесін жетілдірудің бір жолы. Адамның сөздік қоры екі түрлі жағдайда болсын, жетіліп отырады: бірі-сөзді активті қолдану, я,ни адамның күнделікті өмірде қолданылатын сөздері, екінші – сөзді пассивті қолдану – яғни, адамның бүкіл білетін сөздерін қолдану. Демек, әрбір студент өзінің ауызекі сөзін, жалпы тіл байлығын дамыту үшін активті және пассивті сөздерді пайдалана білу керек. Біздің көрнекті жазушыларымыз, қоғам қайраткерлеріміздің сөздік қорлары 20 мың сөзді қамтыған екен.Одан дда көп болған. Мысалы, А.С. Пушкин мен Лев Толстойдың сөздік қорлары 20 мың сөзді қамтыған. Одан да көп дегенді айтады. Ал жай қатардағы интелигенттердің сөздік қоры 3-5 мың сөз шамасында. Адам өзінің жеке басының сөздігін және сөздік қорын дамытып отырғанда ғана мәдениетті сөйлеу дәрежесіне көтеріледі. Демек, қазақ тілін үйренем деген адам қазақ тілінің буын және сөйлеу тілінің құрылысын жақсы білу тиіс. Шебер сөйлеуге жаттығамын, үйренемін деген адам өзінің сөйлеу тілінен керексіз бос сөздерді, мағынасыз сөздерді, орынсыз сөз тіркестерін, қыстырма сөздерді алып тастап, онан аулақ болуға тырысады.
Тіл дамыту жұмысының тағы бір түрі – сөз мағынасын дұрыс түсіну, үлкен рөл атқарады. Сөздің мағынасын дұрыс, жетік білуге біздің жазушыларымыз да басты назар аударады. Мысалы, «Жас түлектер» атты романда Ә.Әбішев сөзді дұрыс қолдана білмейтін Бөлекбас Бүлдіргеновті келеке етіп көрсетеді. Бөлекбас аузына «сауысқан» деген сөз аузына түспей қалып, қасында тұрған адамдардан: «Ой, әлгі бір ала құстың фамилиясы қалай еді?», - деп сұрайды. В.Маяковский: «Сөз – адам күшінің қолбасшысы», - деген еді. Бұған қарағанда, сөз тек лингвистикалық қана құбылыс емес, сонымен қатар психологиялық және эстетикалық құбылыс болып саналады. Сондықтан адам баласы ерте кезден-ақ сөздің жақсы және жаман екенін сезініп, оны түсінудің, білудің жолдарын іздеген.
Тіл дамыту жұмыстарында сөздің мағынасын дұрыс түсіну үшін орфографиялық; синонимдік, антонимдік, этимологиялық, түсіндірмелі сөздіктерді пайдаланудың жолдарын үйрету артық болмайды. Білім алушыларға берілетін мәтіндер қызықты, тартымды болғаны жөн.Мәтінді сабақтың негізі ретінде пайдаланып, мәтінде кездесетін грамматиканы қосымша тірек қылып, түсіндірген жөн.Осындай жағдайда білім алушылар әрі грамматиканы меңгереді, әрі жаңа сөздер үйренеді,ең бастысы - өздері әңгімелей білуге машықтанады. Алғашқыда үйренген сөздерін, грамматикалық тұлғаларын үнемі қайталап, жаңа сабақпен байланыстырып отырғанда ғана білім алушының сөздік қоры молайып, өз бетінше сөйлеуге дағдыланады.Қазақ тіліндегі ерекше дыбыстардың айтылуына алғашқы күннен көңіл бөлу керек. Мәтіндерді, сұхбаттарды көбінесе білім алушылардың өздеріне құрғызған тиімді. Оқу жылының аяғында білім алушылар өз бетінше ойын жеткізе алатын деңгейге жетеді деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.Алматы, «Анатілі», 1992ж.
2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі.
Алматы, «Ана тілі» 1993, 271 б.
3. Қараев М. Қазақ тілі. Алматы, «Ана тілі», 1993, 216 б.
Необходимая информация .