Ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқытушы мен оқушының және ата-аналардың арасында тиімді қарым - қатынас жасау мүмкіндігіне ие коллаборативті орта құрады.
Білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек.
Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде Білімал электрондық мектебі мен ақпараттық-танымдық хабының атқаратын ролі ерекше. Оқу үрдісінде Білімал электрондық мектебі оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді.
Қарағанды облысы–"Білімал" жүйесін енгізгендердің алғашқыларының бірі болып, 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. "Білімал" жүйелі мониторингті басқаруды ақпараттық негізде қамтамасыз етуге және оны жүргізуде жаңа тәсілдерді іске асыруға мүмкіндік береді.
Биылғы оқу жылында Н.Нұрмақов ММИдиректоры М.Е.Әшім басшылығымен мұғалімдері, оқушылары және ата-аналары бірлесе отырып жүргізген Білімал электрондық мектебі және ақпараттық-танымдық хабы мектебіміздің жұмыс жүйесін біршама жеңілдетті десек, артық айтқандық емес.
Жыл ішінде білімал ақпараттық-танымдық хабында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында облыстық байқаулар өткізіп отырды. Облыстық «Smart blogger», «Бикош кейіпкерінің бейнесін әзірлеу» байқауларында А.А.Темирова, Ж.Б.Ибраева, Г.Ж.Жомартова, А.С.Тапенова сертификаттар мен жүлделі орындарға ие болды. Ал С.М.Цемох Білімал ақпараттық-танымдық хабта 100-ден астам блог иесіне айналып отыр. Блог арқылы мектеп мұғалімдері тек бір-бірімен ғана емес, басқа әріптестерімен де шығармашылық байланыста бола алады.
Білімал ақпараттық-танымдық хабында мектебіміздің тілдер кафедрасының мұғалімдері Г.З.Әкімбекова, А.Т.Сүлейменова, А.А.Темирова, А.Ю.Шипицына жүргізген «Виртуалды олимпиада» курсы оқушының қашықтықтан білім алуына зор мүмкіндік туғызды. Оқушылар өздеріне ұсынылған тапсырмаларды орындап, электрондық байланыс желісі арқылы мұғалімге жібереді. Оқушының жұмысы тексеріліп, ұсыныстар беріліп, қосымша тапсырмалар алуына еркін жол ашылды. Бұл сапалы білім алуға заманауи үлгідегі технологияның қолайлылығына көзімізді жеткізді.
«Білімал» жүйесінде жұмыс жасаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рая Секербекқызы өз пікірімен былайша бөлісті: «Мен үшін оқушылардың бағаларын электрондық журналға қою қолайлы болса, білім сапасын көтерудегі электронды мектептің бағдарламалары өте пайдалы. Үлгерім көрсеткіштеріне арналған тоқсан сайын есептеуді қажет етпейтін дайын есептер мен мониторинг пән мұғалімдеріне қолайлы. Оқушылардың бағаларын смартфондағы Play Mаркет сервисінің GradeApp қосымшасы арқылы қою ұстаздар үшін уақытты тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы».
Сонымен бірге, 9-сынып оқушысы Аукенов Бексұлтанның ата-анасы Мабекова Арман апайдың пікірін білген едік: «Play Market сервисінің бір ерекше айтар Edu-Mark қосымшасы–ата-аналардың смартфонындағы «Күнделік» баламның алған бағаларын хабарлама түрінде көрсетіп, сабақ үлгерімін қадағалап отыруға септігін тигізді. Күнделікті күйбең-тіршілікпен мектепке үнемі бара алмаймын, ал «Білімал»-дың арқасында баламның тәртібін, оқу үлгерімін үнемі қадағалап, мұғалімдермен тығыз байланыста болдым»-дейді ата-ана, «Білімал» электронды мектебінің жұмысын ризашылықпен еске алып.
11А сынып оқушысы Еділбаев Абылай да өз пікірін айтты: «Жоғарғы сынып оқушыларында қағаз жүзіндегі күнделік болмайды, біз бағамызды, үй тапсырмасын «Білімал» арқылы біліп отырдық. Тоқсандық рейтингілік көрсеткіштен өз деңгейімізді бақылап отырдық. Біздің сыныпта төрт оқушы «Алтын белгі» және үш оқушы «Үздік аттестатты» ақтады. Осы рейтингілік көрсеткіште біз үнемі жоғары орында болатынбыз».
Н.Нұрмақов ММИ мұғалімдері мен оқушылары және ата-аналары бір бағытта жұмыс жасау негізінде білім беру үрдісінде заманауи техниканы қолдана отырып, биылғы оқу жылында жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Мектептің жұмыс жүйесін біршама жеңілдеткен Білімал электрондық мектебі мен ақпараттық-танымдық хабты ұйымдастырушылардың білім беру саласының дамуына қосқан үлестері мен ерен еңбектерінің табысы толағай болуына тілектеспіз!
Қорытындылай келе біздің мақсатымыз қазіргі заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу, қашықтан оқытып, ауқымды материалды аз уақытта қабылдай білуге үйрету. Осылардың бәрін іске асыру үшін жаңа технологияларды сабаққа қолдана білу әрбір мұғалімнің міндеті.
Білім беруді «Білімал» негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін атап өтпекпіз.
Н.Д.Жолмагамбетова, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары
А.А.Темирова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ж.Б.Ибраева, информатика және математика пәнінің мұғалімі
Н.Нұрмақов атындағы ММИ мұғалімдері!
Қола сертификатыңыз құтты болсын!
рахмет
Сәлеметсіз бе? Күшті жазыпсыз, мұғалім! Шынымен "Білімал" тураллы ма? )))
Осы оқу жылында білімалмен танысқаныма қуаныштымын! Білімалмен жұмыс жасаған қызықты және жеңіл болды!
Білімал командасына көп рахмет!
тамаша!! Мен де Білімал ұжымына ризашылығымды білдіргім келеді! Барлықтарығызға сәттілік тілеймін!
Керемет!Жұмыстарымыз жемісті болсын!
Рахмет!