kz ru en

Авторизация


БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – БАЯНДЫ БІЛІМ БЕРУ

БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – БАЯНДЫ БІЛІМ БЕРУ

                                                                                           

Абай атындағы жалпы білім беретін   мектептің
ағылшын тілі  пәнінің мұғалімдері
Имангалиева Мира Нуртолеуовна, Кыныбаева Татьяна Мадиковна

 

«Білік біліп –төрден орын аларсың,
Білік білсең, күшті, берік адамсың»
Ж.Баласағұн

        Бүгінгі таңда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесі басты назарда тұр. Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында дербес мемлекетімізде білімнің маңызыдылығы жоғары бағаланып, барынша қолдау көрсетілуде. Әрине, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелен ұрпақты тәрбиелеу мүмкін еместігі бәріне мәлім. Мұғалімдерді жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға дайындау мақсатын көздеген қазақ сыныптарына ағылшын тілі  пәні мұғалімдеріне арналған бір айлық курс  Қарағанды қаласында да өтіп жатыр.  32 тыңдаушыдан құрылған тобымыздың тренері Байжигитова Толеубике Рымхановна жас та болса, білікті маман ретінде дәріс беруде.

          Әрбір сабағына аса жоғары жауапкершілікпен қарап,  елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілгені жайындағы жаңалықты тыңдаушыларға жеткізуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білеміз. Аталмыш міндет орындалу үшін білікті маман «қарулану» қажет. Өтіп жатқан курстың негізгі мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына көмектесу; мұғалімдерге білім беру бағдарламасының мазмұны өзгертілгенін ұғындыру; жаңа оқыту әдіс-тәсілдерінің қажеттілігін түсіндіру болып табылады.

        Тыңдаушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесі жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын түсінді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Қалай?», «Не үшін?»,  «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды. Жаңартылған білім беру бағдарламасында тілдік қызмет дағдыларын дамытуға (тыңдау, айту, оқу, жазу) аса назар аударылып отыр. Оқу кезеңінен жазба тілге дейінгі оқытудың бірізділігін жүзеге асыруды көздейді. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.

Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы да міне, осында.

1
5

Комментарии (1)

Байжигитова Толеубике,
Преподаватель

Мақалада білім саласындағы бағдарламаның жаңару үрдісі, заман талабына сай әдіс-тәсілдердің түрленуі баяндалған. Берілген ақпарат біз үшін өте құнды... Жарайсыздар!