Бұл жылы 298 түлек «РФММ» қоштасты. КеАҚ «РФММ» басқарма төрағасы Ербол Баеков өзінің құттықтау сөзінде түлектерге сәттілік, еңбексүйгіштік және өз мақсаттарына жетуге тілек білдірді. Ол жастарға Қазақстанның болашағы екендіктерін естеріне салды.
Ербол Баеков Отан оларға сенетіндіктерін және олар үміттерін ақтайтындықтарын атап өтті.
Бұл жылы мектепті 48 түлек «Алтын белгіге», 46 түлек үздік аттестатқа аяқтады.
КеАҚ «РФММ» басшылығы 111 баллдан жоғары алған 102 оқушыны «ҰБТ озаты» құрметті атағымен марапаттады. ҰБТ 109 балл жинаған және пәндік олимпиадаларда көзге түскен 14 оқушы «Мектеп мақтанышы» медалімен марапатталды.
КеАҚ «РФММ» жеткен жетістіктер ҰБТ-дан ғана емес жан-жақты көрініс тауып жатты. Бұл жылы Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың қорытындысы бойынша: Республикалық пәндік олимпиададан 50 медаль, Халықаралық олимпиадалардан 66 медаль және ғылыми жобалар бойынша 12 медаль.
Салтанатты кеште Макенов Арнур «Үздік олимпиадашы - 2016» атағына ие болды. Ол химия пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.
11Г сынып оқушысы Құрманбек Бақытжан «РФММ Үздік түлегі-2016» атанды. Ол ҰБТ қорытындысы бойынша 124 балл жинаған жалғыз түлек. «Алтын белгі» иегері және республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы. Академик, математика ғылымдарының докторы, мектептің аты аңызға түлегі Асқар Жұмаділдаевтың қолынан Құрманбек Бақытжан Құрмет грамотасын алды.
Кеш соңында математика пәнінің мұғалімі Айгүл Уадилова және физика пәнінің мұғалімі Болат Кабдиев «Үздік ұстаз - 2016» атағымен марапатталды.
Салтанатты кеш түлектердің құрметіне арналған би кешімен аяқталды. Біздің түлектер өмірлерінің «Мектеп» деген тарауын жапты. РФММ аттестаты оларға үлкен өмірге жолдама болсын.