Құрметті оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Мәскеу, Новосібір, Минск, Нью-Йорк, Виржини және т.б. қалалардың мамандандырылған физика-математика мектептеріне ұқсас 1972 жылы құрылды. РФММ түлектері – белгілі қоғам қайраткерлері, аты әлемге әйгілі ғалымдар және бизнесмендер. РФММ түлектері – халықаралық пәндік олимпиада - лардың алтын жүлдегерлері (IMO, IPhO, IOI), халықаралық, республика- лық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жүлдегерлері, Гарвард, МIT, Кембридж, ММУ, МФТИ, Назарбаев Университетінің және халықаралық, республикалық жетекші университеттерінің студенттері мен түлектері.
РФММ басты мақсаты - бəсекеге қабілетті Қазақстан азаматтарын оқыту жəне тəрбиелеу.
Еліміздегі оқу мазмұнының жаңаруына байланысты сапалы білімге қол жеткізу мақсатында Республикалық физика-математика мектебі Астана қаласынан өз филиалын ашып отыр.
«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (РФММ) КеАҚ Астанадағы филиалы оқушыларды қабылдайтынын хабарлайды.
Ақылы бөлімге:
қазақ және орыс тілінде оқытатын 1,2,3,4 және 8,9,10-сыныптарға;
бюджеттік бөлімге:
қазақ және орыс тілінде оқытатын 8,9,10-сыныптарға
Құжаттар 2016 жылдың 25 шілдесі мен 9 тамыз аралығында қабылданады.
Мекенжайы: Астана қаласы, Түркістан 2/1
Тел. +7 (777) 176-50-50
Электрондық пошта: fismat.astana@gmail.com
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
Дүйсенбі - жұма сағат 9.00-18.00
Қабылдау емтихандарының өткізілетін мерзімі:
- 1-сыныпқа – тіркелуі бойынша әңгімелесу;
- 2,3,4-сыныптар - 6 тамыз сағ.10:00; 13 тамыз сағ.10:00; 20 тамыз сағ.10:00; 27 тамыз сағ.10:00
- 8-сынып - 11 тамыз 2016 ж. сағ.9:00;
- 9,10-сыныптар - 12 тамыз 2016 ж. сағ.9:00;
Түсу үшін құжаттар тізімі:
1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
баланың заңды тұлғадан өтініші;
тіркелу формасы ( бланкіні қабылдау комиссиясы береді) - туу туралы куәлігінің көшірмесі;
денсаулығы жөніндегі анықтама (денсаулық паспорты)
3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;
тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы немесе соны растайтын құжат(мекенжай анықтамасы);
ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі.
«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (РФММ) КеАҚ Астанадағы филиалына 2,3,4,8,9,10-сынаптарға конкурстық іріктеуге қатысу үшін оқушылар қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды тапсыруы қажет:
конкурсқа қатысу үшін баланың заңды тұлғадан өтініші;
тіркелу формасы ( бланкіні қабылдау комиссиясы береді)
туу туралы куәлігінің көшірмесі;
денсаулығы жөніндегі 086-У нысанындағы анықтама;
тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы немесе соны растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);
3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;
ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі.
Оқу ақысы
Оқу ақысына қызметкерлердің еңбегі, коммуналдық шығындар, сондай-ақ басқа да қызметтер мен мекеменің басқада шығындарын қамтамасыз етуі кіреді.
2016-2017 оқу жылына арналған оқу ақысы:
Оқуға ақы төлеу кестесі:
бастапқы ақы (жалпы соманың 1/3 бөлігі) – шартқа қол қойғаннан кейін ағымдағы жылдың 5 жұмыс күні;
аралық ақы (жалпы соманың 1/3 бөлігі) –ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін; ;
толық төлеу ақысы (жалпы соманың 1/3 бөлігі) –ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін.