«РФММ» КеАҚ Қазақстанда алғаш рет оқушыларға арналған «Электронды кітап» тәжірибелік жобасын бастады.
21 қыркүйекте РФММ 1987 жылғы түлектері Ханат Нұрекенов пен Дархан Смағұлов өздері білім алған оқу ордасына келді. Бүгінде инноватор-кәсіпкерлер ретінде талынған тұлғалар мектебіміздің 9 А және 9 Д сыныптарының оқушыларына электронды кітаптарды тарту етті. Тұңғыш рет Қазақстанда жасалған электронды кітап-планшетті кәсіпкерлер жеке қаржысына «Алатау IT City» технопаркінде құрастырған.
Тәжірибе түріндегі «E-Book РФМШ» электронды оқу құралына қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі классикалық әдебиет үлгілері мен РФММ оқытушыларының барлық пәндер бойынша оқу-әдістемелік құралдары секілді 359 кітап енгізілген. Алдағы уақытта электронды оқу құралын РФММ оқу үдерісінде кеңінен қолданылатын интерактивті тақтамен үйлестіру көзделген.
Мұндай жобаның Қазақстанда тұңғыш рет жүзеге асқанын және РФММ түлектері мен мектептің бұл бағыттың пионері болғанын айрықша атап өткіміз келеді. Және жаңашыл игі бастамаға мектебіміздің өзге түлектері қолдау көрсетеді деп сенеміз.
Сонымен бірге, бұл күні РФММ олимпиадалық резервінің ұстазы Ибрагим Ибатуллиннің «Математика бойынша олимпиадалық резерв. 8 сынып» атты кітабының тұсауы кесілді. Оқулық математика пәні бойынша мектебіміздің олимпиадалық құрамасына үміткерлерге тегін беріледі. Кітап «РФММ түлектерінің Қоры» ҚҚ-ның қаржылай қолдауымен жарық көрді. Қор өкілдері жақын уақытта баспадан кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасы шығатынын хабарлады.