kz ru en

Авторизация


Республикалық физика-математика мектебінде Осман Асылы апаймен өткізілген кездесу туралы ақпарат

Қазақстан халқы тілдерінің күніне байланысты мектебімізде

20-29 қыркүйек аралығында «Тілге құрмет - елге құрмет» атты апталығымыз өтіп жатыр. Осыған орай 2016 жылғы 27 қыркүйекте мектеп әкімшілігі «Тәуелсіз елім, абыройлы Ана тілім!» деп жүрегі алып ұшқан, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері, «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері, филология ғылымдарының профессоры, Қазақстан халықтар ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілге - құрмет» бірлестігінің төрайымы, Алматы облыстық әзірбайжан этно-мәдени орталығының төрайымы, қазақ халқына бүйрегі бұрып тұратын қазақтың Асылы - Осман Асылы Әлиқызымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты: Оқушыларды қоғам қайраткері, мемлекеттік тіл жанашыры Осман Асылы апаймен таныстырып, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттеріне баулу.

Кездесу барысында мемлекеттік тілге, Асылы апайдың қызметіне байланысты видеоматериалдар көрсетілді, арнайы стенд жасалды.

Кездесуге қатысқан 8 «А», 8 «В», 9 «Б», 10 «Ж» сынып оқушылары апайға көптеген сұрақтар қойып, оған толық жауап алып, ғибратты әңгімелерді тыңдады. Әңгімелердің ең басты тақырыбы - елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ең басты назарда ұстау қажеттілігі. Кездесу қызықты, мағыналы өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, Қамқоршылық қордың директоры Тулебаева Қаргаш Нурмагамбетовна Асылы апайға рақмет айтып, көпшіліктің ризашылығын білдіріп, сый-сияпатын жасады.

Кездесудің соңында оқушылар мен ұстаздар Асылы апаймен бірге естелікке суретке түсті.

0
0

Комментарии (0)