Рунеттің басты іздеу жүйесі – «Яндекстің» негізін қалаушылардың бірі және осы жаһандық компанияның басшысы Аркадий Волож бүгін сыныптастарымен бірге өзі оқыған білім ордасына келді. Мектебіміздің 1981 жылғы түлегі саналатын Аркадий Волож физмат мектебін бітіргендеріне 35 жыл толуына орай арнайы Қазақстанға келді. Ол өзінің досы және «Яндекстің» негізін қалаушылардың бірі болған Илья Сегаловичпен де мектебіміздің қабырғасында танысып, бірге оқыды.
Мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан соң, Аркадий Волож РФММ оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, мектеп ұжымымен емен-жарқын әңгімелесті.
Біз 1981 жылғы түлектерді мерейтойларымен құттықтаймыз және физмат мектебінің кешегі оқушыларының туған оқу ордасын ұмытпайтындарын мақтан етеміз.