Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
21 ақпан айында 1 "В" сынып оқушылар арасында "Қош бол,құтты Әліппе!" атты мерекесі өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты:оқушыларға бар білімнің бастауы Әліппе оқулығының қадір-қасиетін ұғындыру. Білімге құштарлыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа баулу.
Мерекеде ата-аналар мен оқушылар ат салысып, белсене қатысты. Мектептің табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таңғалдырып, қуанышқа бөледі.
Жарайсыңдар!