Оқушылардың күзгі каникулдары кезінде «РФМШ» КеАҚ олимпиадашылары 31 қазан – 5 қараша аралығында М.В.Ломоносов атындағы ММУ жанындағы арнайы оқу-ғылыми орталығында өткен оқушылар арасындағы «МАТЕМАТИКАЛЫҚ КӨПСАЙЫС» командалық-жекелей турниріне қатысты.
IX «МАТЕМАТИКАЛЫҚ КӨПСАЙЫС» турнирі жас ерекшелігі бойынша (8-9 сыныптар, 10-11 сыныптар) екі лигаға бөлінді. Оқушылар жеке олимпиада барысында үш тақырыптық кезеңнің сынынан өтуі тиіс болды. Дербес турлардан бөлек, екі командалық сайыс (регата және ауызша олимпиада) өткізіледі.
Биыл турнирге РФММ атынан екі команда қатысты. Аманбаева Аружан, Қабдығали Мирас, Шынтай Алуа және Бралинов Алмас секілді физматтықтар комбинаторика бойынша алтын медаль жеңіп алды. Олимпиада қорытындысында РФММ оқушылары 23 жеке және 6 командалық дипломмен марапатталды. Нәтижесінде біздің командаларымыз өз лигаларында екінші орынға ие болды. Біз Аружан Аманбаева, Қабдығали Мирас, Шынтай Алуа, Бралинов Алмас, Серова Алена, Жолдасов Қуаныш, Катаева Әсел, Сейілхан Арсен және Өтебаев Қуатты байрақты бәсекедегі тамаша көрсеткіштерімен құттықтаймыз.
Жеңістеріңіз көп болсын!
Табыс тілеймін