Ұлық мерекеміз – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойының қарсаңында Республикалық физика-математика мектебінде мерекелік шара өтті.
Мектеп ұстаздары мен оқушыларын еліміздің ең ұлық мерекесімен құттықтаған РФММ КеАҚ Басқарма төрағасы Ербол Сейітұлы Баеков ұланғайыр алқаптағы қасиетті қазақ топырағы – ата-бабаларымыздың талайлы тарихын тұлпардың тұяғымен жазып кеткен жер екенін, Тәуелсіздіктің тұғырын құлатпау әр жаңа ұрпақтың борышы екенін атап өтті. «Сөзімнің соңын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді», - деді Е.Баеков.
Мерекелік кеш әрі қарай мектебіміздегі «Жас қанат» драма театры мүшелерінің орындауындағы «Қазақтың ханы - Абылай» атты тарихи қойылыммен жалғасты. Мазмұны мен міндетінің артар жүгі ауыр қойылымға шәкірттер тыңғылықты дайындалғанын паш етті. Оқушылардың сахнадағы өнеріне көрермендер ризашылықпен қол соғып, қошемет көрсетті. Ал мектеп фойесінде Тәуелсіздік тақырыбына арналған фото және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Үздік туындылардың авторларына мектеп әкімшілігі бағалы сыйлықтарды табыс етті. РФММ ұжымы Қазақстан халқын жас мемлекетіміздің барлық игілігінің бастауы болған Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Тамаша!
Декорация мен костюмдеріңіз керемет екен! Әсіресе ханның тағы! Жас әртістердің актерлік қабілеті де күшті деп сенемін. Шәкірттеріңіздің талабына нұр жаусын!
Керемет
Тамаша
Тамаша
Гажап
Гажап
Еңбектеріңіз жемісті болсын
Еңбектеріңіз жемісті болсын
Еңбектеріңіз жемісті болсын
Шыгармашылык табыс тилеймиз
Шыгармашылык табыс тилеймиз
Койылым деген жаксы гой, окушылардын таланты ашыла туседи
Койылым деген жаксы гой, окушылардын таланты ашыла туседи
Рахмет