Любовь к фастфуду и вообще урезанный рацион, состоящий из вредных продуктов, грозит не только набором веса, но и слепотой. Yahoo News приводит в пример случай Циана Мура, столкнувшегося с острым дисбалансом питательных веществ. Подросток питался только курицей, картофелем, сухарями и колой.
Через некоторое время у 14-летнего подростка появились жалобы на сухость и "песок" в глазах. При этом снижалось качество зрения. Посещения офтальмологов не принесли положительных результатов. Врачи говорили, что снижение зрения - данность, с которой нужно смириться.
Зрение продолжало снижаться. И, в конечном счете, данный факт связали с тяжелейшим дефицитом витамина А. Причина - неправильное питание. Из-за дефицита витамина А на поверхности глаза образуются так называемые пятна Бито. Эти пятна показывают, что клетки глаза перестают взрослеть должным образом без витамина А. Они не превращаются в клетки глаза, становясь клетками, напоминающими кожные (происходит скопление кератина).
Подростку прописали витаминные добавки и коктейли, а также полноценный рацион с овощами. В правом глазе зрение восстановилось почти на 100%. Но левый остался с необратимыми повреждениями.
Источник: MedDaily
білмеппін
я люблю картошку фри
много не буду теперь
Здоровье - самое главное в жизни.
Фаст-фуд (ағылш. fast food – жылдам тамақ) – шапшаң тамақтану тағамы. Формат заңы бойынша тамақты әзірлеу мен сатып алу арасындағы уақыт 10 минуттан аспауы керек. Әлеуметтік зерттеулер барысында қазақстандsқ балалардың 13 пайызы фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолданатыны белгілі болды. Жедел дайындалатын тағам өнімдерін қолданушылар саны қалада 13,7 пайызды, ауылдық жерлерде 13,3 пайызды құрайды. Шамамен, республика бойынша күніне фаст-фудты кеміне бір реттен балалардың асына тұтынады.Аталған шама әлеуметтік зерттеу арқылы шығарылған. Ол зерттеуді салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығы жүргізді. Ал, энергетикалық сусындарды қала балаларының 25,5 пайызы, ауылдық жерлердің балалары 22,7 пайызы ішетіні белгілі болып отыр[1].
1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды.Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін.
Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады.
Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы.Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.АҚШ-тың өзінде фастфуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. McDonald's ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген.Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна
Дұрыс айтасыз, қазіргі таңда көшелер бойын жайлап қаптаған фаст-фуд өнімдерін сататын дүкендер саны артуда, дәмі тартымды, бағасы қолжетімді болғандықтан жастар, әсіресе студент қауым негізгі тұтынушысына айналды. Сол себепті, оқыту мекемелері мен коммуникативті ақпарат құралдарында салауатты өмір салтын дәріптеу негізгі мақсат болып отыр. Осы мақсатта сіздей, 1-курс студентінің мұндай Ұлт саулығына маңызды орын алатын мәселе бойынша ат салысуыңыз мақтаныш сезімін тудырып отыр, жарайсыз! Осы өзекті мәселені қолға алу мақсатында студенттер арасында дөңгелек үстелдер не конференциялар жиі болса көптеген АІТ, ЖҚТ жүйелерінің ауруларын алдын алуға болар еді деп есептеймін.
Дұрыс айтылады, қазіргі танда көптеген адамдар дұрыс тамақтанбайды. Фаст- фут тағамдарын сататын дүкендер көптеген және адм ден саулығын құртуда. Осы мәселе бойынша сіз 1 курс студенті көптеген мәселелерді талдап орын алатын мәселелердә қозғап айттыңыз және де ат салудасыз! Осы фаст-фуд тағамдары адамның көптеген ауруларына әкеліп соғады. Соның әшәнде мысалы: Адамның семіруі және оның қимыл қозғалысының азаюы . Осы мәселені қолға алу мақсатында студенттер арасында конференциялар жиі болса дұрыс болатын еді және осы міселелерді қозғай отырып адамның тиәмдә тамақтануын уйрету және одан болатын жүйелерәнің ауруларын алдын алуға болатын еді деп есептеймін.
Семіздік эпидемиясының тез өсуі азық-түлікке қолжетімділіктің артуымен және физикалық жүктеменің, яғни, энергия шығынының төмендеуімен байланысты. Тұтынылатын энергия мөлшері шығындалатын энергиядан ұзақ уақыт бойы артқан жағдайда ғана адамдар семіздікпен ауырады. Құрамында майдың, тәттінің мөлшері жоғары және талшықтардың мөлшері төмен тағам рационы, сонымен қатар, порциясы жоғары ас түрлері энергияны артық тұтыну қаупін жоғарылатады. Құрамында майдың, тәттінің мөлшері жоғары өнімдер ең арзан, қолжетімді және калориясы жоғары азық-түлік санатына жатады. Энергияны аз шығындайтын қозғалысы төмен өмір салты семіздіктің дамуына ықпал етеді. Семіздік әлеуметтік бөлінудің себебі де, салдары да болып табылады. Әлеуметтік осал топтар семіздікке жиірек шалдығады, олар үшін өмір сүру салтына және денсаулыққа, физикалық белсенділікті жоғарылату бойынша шараларға қатысты білім мен ақпаратқа қол жеткізу қиынға түседі, ал арзан тағам өнімдердің, өздеріңізге белгілі, тағамдық құндылығы төмен болғанымен, калориясы жоғары болады.
Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Егер, сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен
Соңғы кезде «фаст-фуд» өнімдерінің көбеюі де көп адамды семіздік дертіне ұшыратып жатқанын байқай бермейміз. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Мұндай тағамдарды жасау үшін көбіне май қышқылындағы трансизомерді көбейтетін қатты маргаринді қолданады. Сондықтан бұл тағамдардың құрамында дәрумендер болмайды, есесіне қоректік қуаты (калориясы) жоғары. Құрамындағы белгілі бір мөлшер сақталмағандықтан, «фаст-фуд» өнімдері адамды семіздікке алып келеді. Ал семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады
Соңғы кезде «фаст-фуд» өнімдерінің көбеюі де көп адамды семіздік дертіне ұшыратып жатқанын байқай бермейміз. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Мұндай тағамдарды жасау үшін көбіне май қышқылындағы трансизомерді көбейтетін қатты маргаринді қолданады. Сондықтан бұл тағамдардың құрамында дәрумендер болмайды, есесіне қоректік қуаты (калориясы) жоғары. Құрамындағы белгілі бір мөлшер сақталмағандықтан, «фаст-фуд» өнімдері адамды семіздікке алып келеді. Ал семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады
Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәтті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан коланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады
Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді.Адам организімінне өте зиянды фастфуд тағамдары туралы айтқанда сосиска, шұжықтар және неше түрлі еттен жасалатын қарапайым халық көп тұтынатын тамақтар келеді. Бұндай ас тамақтардың құрамында майлар көптеп кездеседі. Сонымен қатар қуырылған түрде фастфуд өнімдерінде көптеп кездесетін адам ағзасына зиянды еттердің майлы түрлері де жатады.Түрлі елдердегі медециналық зерттеулердің нәтижесі фастфуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Фастфуд өнімдері адамды толық қанағаттандыра алмайды ол тек қана аз ғана уақытқа аштықты жасырып қояды. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді.Фастфуд өнімдерінен целюлит , безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне , ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады. Фастфуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады.Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін.
Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру – астан…» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты!Гастроэнтолог дәрігерлердің есебінше жыл басынан бері асқазан,ішек ауруларымен 120-дан астам адам келіп түскен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды.Фаст фудқа үйір жандардың асқазан жүрек аурулары қан қысымы қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі.
Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде фаст-фуд әдеттенуді туғызады. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсілер және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болып саналады. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік -зиянды дағдылардың нәтижесі.Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, қазіргі таңда қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан, кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни, транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін жастарға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәтті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан коланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге, сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар.
Дурыс
Зиян гой