kz ru en

Авторизация

Внешность - на время, Душа - навсегда

Внешность - на время, Душа - навсегда

10
28

Комментарии (10)

Гончарук Людмила,
Учащийся

я согласно с Вами 

Темирова Айнаш,
Преподаватель

И это правда.

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

Я звоню: Подружка, всё достало, 
Оборвав дела на пол- пути, 
Хоть своих проблем в судьбе немало, 
Но примчится, чтоб меня спасти.Только настоящая подруга, 
Не жалея времени и сил, 
Только настоящая подруга 
Боль в душе сумеет погасить.Позитивной мазью смажет ранки 
И зима покажетя весной. 
Только лишь она, мой добрый ангел 
Чашу горя будет пить со мной.
С сайта http://www.inpearls.ru/

Адамның ішкі жан дүниесі яғни мінезі, қасиетік, қабілеттік ерекшеліктері оның сөзі мен тілінен (ұлтық) айқын көрінеді. Қандай сөздермен тіркестерді қолдануына байланысты және сөйлеу мәнерін сөз ырғағын талдай отырып (муза) сөйлеу барысындағы мінез құбылыстарын, тыныстары мен жеделдігіне орай адамнаң ерекшеліктерін, парасаттылығын тазалығын байқаймыз. Адамның сөйлеу мәнерінің біразы тума (мақам) беріледі де, көбі оқу-тәрбие барысында пайда болады. Әрбір адам баласының жыныс ерекшелігіне қарай ішкі қуатының көрнісі үндік, әуездік ырғағына тәуелді. Қазақта: «Қатын дауысты әйелде қуат болмас, еркек дауысты әйелде ұят болмас.» деп осы дауыс ерекшелігінің қазіргі таңдағы адамзат баласының әртүрлі қан азу ауруының қайдан пайда болатынын ескертеді. Әйел үнінің нәзік әуезді болған сайын ішкі қуатының жеткілікті екенін әйелдәк жыныстық қабілетінен 40 үйінің қалыпты жұмысын көрсетеді. Ал осындай қасиетті ұрпақ әкелуге бағыталған әйел затын еркек сияқты тәрбилеп ұят ошақтара сұқтардың көз, тілімен толтырып немесе үнін саудаға табыс табуға көзіне әншілікке айналдырып ауру, рухани мүгедек, бала туу қабілетін жоғалтқан болмаса өмір жасының қысқаруына әкеліп соқтырып жатады. Осындай еркекше тәрбие алмаған ұл бала да мінезі жіңішкерген сайын ішкі әуені үні әйелге қарай бейімделіп еркектік қуаты кеміп содан қан аурулары белсіздік т.б тіпті өз жынысына құмарлықтар әйелдік мінездер қалыптасады. Сондықтан құранда: «Әйел еркек кәсіптерің бөлек, бір-біріңнің артықшылықтарыңа қызықпаңдар» деп Раббымыз ішкі үн қуатын өзіндік ерекшелігін сақтауды ескерткен. Әрбір адам баласының ішкі үн қуаты қанның тазалығына 11 санына және 7 ішектің жұмысына тәуелділікте болады. Демек тамақтану тәсілдерімен үннің пайда болуы және әуезділік ерекшеліктері әр халықтың әдет-ғұрпына тәуелді түрде қалыптасады. Әйел затының үні мүшелдік толуына, әйелдік жыныстық жетілуіне байланысты қарай жеңіл түрде өзгеріске ұшырап қалыптасса, ал ұл баланың әрбір 8 жылда үні өзгеріске ұшырап, 40-қа келгенше 5-рет қалыптасады. Еркек затына дауысты ал әйел затына ішкі дыбысты меңгеруге бұйырылған. Дауыспен дыбыстың бір-бірімен қалыпты қатынас араласуынан күй яғни «музыка» туындайды. Оны әрбір пенденің өз мақамы болып қалыптасады. Тілдің тазалығының ұлтына, жынысына сай ерекшелік белгісі қан арқылы жүрекке діл болып зейнеттеліп, ділдің көрнісі үн болып табылады. Діл ар-ұяттың жемісі. Енді үнді өз көрнісін сақтап ұрпақтан ұрпаққа өткізіп отыру аманат. Ол аманат таңбалар және сөз арқылы атақарылады. Қазақ елінің бір таңбадан келесі таңбаға ауысып отырудыңда себебі осы ділдің жетілумен дінің толықтыруымен тығыз байланысты.

Ішкі жан дүние
Өз жанына көп үңілген жан қателігін тез сезеді, еріксіз салмақты болады, бәрін білем демейді, көкірегін кермейді.

Адамның жағымсыз қасиеттері

Адамның жағымды қасиеттері

Холерик

Холерикширақ,көпшіл,қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз,ашуланшақ болып келеді.Бір нәрсені бастаса,оны тоқтату қиын.Олар тік мінезді.

Меланхолик
Меланхолик-селқос, біртоға.Бұл әлсіз тип,оған өзіне-өзі сенімсіздік пен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.Ұжымда ол көп көрінбейді,жетекшіге сөзсіз бағынғанды қалайды.Олар ұялшақ,әрі абй болады.

Сангвиник
Сангвиник-ширақ,
көпшіл,сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді.Бұл күшті тип.Ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді. Олар көбінесе көшбасшы болады.

Флегматик

Флегматик-селқос,көп қозғалмайтын, сабырлы,ұстамды. Олар бос сөйлемейді, тұйық.Көбіне өзіменөзі болғанды ұнатады. Ұзақ және бірқалыпты жұмыс жасай алады, күте де алады.

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

Ұлағатты сөздер
 

Өз бойындағы адамды зерттемеген,басқа адамдарды тани алмайды.-Н.Г.Чернышевский Өзін ерекше санамай,барлық адамдар сияқты болу-ұлы бақыт.-М.К.Пришвин Ең тыныш,алаңсыз,оңаша қалатын жер-ол адамның ішкі жан дүниесі.Жан дүниеңмен жиі оңаша қалып,жаңа күш жина.-Марк Аврелий Өзіңді-өзің билеу-ең жоғары билік, құштарлықты құлына ойнату-ең қорқынышты құлдық.-Сенека

Менің жан дүнием
Бір құдіретБар екенін білемін Оның және дара екенін білемін. Бәрімізді бір минөтте күлдіріп, Бір минөтте зар етерін білемін. Бір құдіретБар екенін білемін, Онсыз тірлік тар екенін білемін. Алып шығар алапаттың ішінен Намыспенен Ар екенін білемін. Бір құдіретБар екенін білемін, Бір Құдайдың жар екнін білемін. Қылығына тәнті қылып қоятын Соңнан ерген бала екенін білемін. Бір құдіретБар екенін білемін. Ақтың кейде қара екенін білемін. Бәрін айтып,бәрін жазып бере алмай, Жүрегімнің жара екенін білемін. Бір құдіретБар екенін білемін. Білген сайын дүрсілдейді жүрегім. Күндіз-түні дөңбекшиді кеудемде Таппаған соң жан дертінің бір емін.

(Серік Тұрғынбеков)

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

Кесіртке мен жылан арпалысып екеуі де беріспей дап-дала қанға боялады. Бір кезде жараланған кесіртке жылдам бұрылып барып, бір шөпке қайта-қайта аунап, жарасы жеңілдеп, әл жинап, қайта күресін жалғастырады. Ол шөптің жараны тез жазып, денеге қуат берер қасиеті болса керек-ті. Бұл сырды білген кесіртке тағы да әбден әлсіреген уақытында қайта сол шөпке аунап алып, дұшпанын жеңуге қайта кірісіп кетеді...Айтайын дегенім: Сынақ үшін берілген мына жалған өмірде әсіресе сананы тұрмыс билеп, құндылықтар материалдық таразымен өлшенетін, арсыздық асқындаған мына заманда нәпіс пен шайтанның шабуылынан, ойы тек арбау-алдау, пайдаланып қалу болған ортадан кейде әлсіреп, еңсеміз түсіп, жүрегіміз тынышсызданатын кездер жиі болады. Сол көңілсіз күйді жеңудің бірден-бір жолы - жоғарыда келтірілген көріністегі кесірткенің шөпке аунап әлденгені секілді жұмыр басты пенденің жаны жайнамазда жай тауып, маңдайын сәждеге қойып, Ұлы Раббымен "сырласуы", тақуа жандармен сұхбаттасу болса керек-ті:

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

Жетпіс үш жастағы Естайға "жас жаным қарт тәнімді қимай жатыр" деп айтқызған қандай құдірет?! Қарап тұрсаңыз, Мона Лиза, яғни  әйгілі Джоконданың    мұқым адамзат баласының жүрегін жаулап алатынай сиқырлы сыры неде?! Ғасырлар бойы бұл  жымиыстың жұмбағы әлі шешілген жоқ.  Бір анығы –  күлімсіреген бет-жүзі   ішкі жан-сарайындағы әлдебір тылсым сырды, бейкүнә  тазалықты паш еткендей.. Соғыс психологиясын жіліктей келе ұлы Баукең (Момышұлы) "адамның жан дүниесі  – ұрыста ең қауіпті, көзге көрінбейтін қару" деген. Анабір жылы "Қазақстан" ұлттық арнасы бейнеқордан С.Әшімбаевтың  "Қарыз бен парыз" хабарын қайталап көрсетіп,онда Д.Исабеков, Ф.Оңғарсынова, Б.Момыш-ұлы т.б пікір алысып жатты. Сонда марқұм  Бақытжан ағамыз бір сөзінде "Адамның жаны құдірет" деп қалды.. Заманауи көзқарастағы түрік ғалымы Фетхуллах Гүленнің пікіріне сүйенсек, адамзат түпкі жаратылысынан  ұзап кетті. Адамның жаны ластанды. Адам қадір- қасиетін тоздырып  барады. Шайтаннан бетер арсыздықтарға бой алдыруда. Махаббат пен сүйіспеншіліктің қадірін жоғалтты. Адамның жаны материаланды. Оқи берсең осылайша қара аспанды төндіріп, кейде мына дүниеден бездіріп жібергісі бар. Абай-абыздың пайым көзімен бүгінгіге қарасақ, "адам" азайып, "толық адам" "дефицитке" айналып,  дүниені  шайқап-төгіп жүрген –  "пенделер" дәуірлеген заман. Күндерде бір күн Р.Акутагаваның  "Тозақ азабы"   кітабын оқып, оның бір  әңгімесін  қазақшаға  аударып  отырып, осынау жұмыр жерде  жан  әлемі   қиын-қыртыс,  тұрпаты   бөлек  халық  – жапондар екен ғой деп таңырқап  едім. Жапондардың жан дүниесіне, ішкі бұлымына   найза  бойламайтын сияқты көрінді.  Өзгеден ерек  рухани танымы терең,  ойы ұшқыр, елгезек,  қағылез-ау, сабаздарың.  Әйтпесе, озық электроника,    адамның орнына құлтемір, ғажайып  технологиясымен  жер дүниені жайлап  алар  ма  еді? Бірақ бұлардың да ойшылдары  жапонның жан дүниесі лайланып барады деп мұңаяды. Ал ел билеуде, халықты меңгеруде тақ  пен тізгінді ұстағандардың жан дүниесі қандай болу керек-ті.  Уистон Черчиль Шекспирден шешендікті үйреніп, оның туындыларындағы барлық корольдердің сөзін жатқа біліпті. Сол арқылы өзін де, ұлтын да қанаттандырып отырған. Осылайша ізгілік  аккумуляторынан қуат алған  Черчильдің талантына ағылшындар тәнті болғаннан    басқа, артынан жаман сөз  айтпапты. Күні кешеге дейін жүрегіміз  – егіздей, тілегіміз  – теңіздей ұлтымыздың ішкі болмысы ерек болса керек. Жан дүниесі буырқана тасыған қазақ "оң тізесінің астында тұрған қайың сапты ақ қамшыны суырып алып, ысылдататын. Соңында бұрық еткізіп, қара жердің қыртысын бір тартады. Іштегі шерді, бойдағы кекті осылай басатын" (Б.Қайратұлы). Бұл да болса тәрбиелі әдеп пен ғадеттің нышаны. Десек те әлемдік  жан дүние дағдарысынан аулақ қалмаппыз. Жақсыдан жаман туып, емі табылмай, жаманнан жақсы туып, теңі табылмай қор болып жүрген жайы бар. Бір қарасаңыз, "баланың өзі болғандай, келіннің өзі келгендей. Баланың сөзі батпандай, келіннің сөзі кетпендей"… "Бір сөз үшін жау болып, бір күн үшін дос болып, жүз құбылған салт шықты".  Әйтсе де барлығынан түңіліп, теріс айналайын деп отырғанымыз жоқ. Шүкір, елде, күнделікті қасымызда жан дүниесінің шынайы  жылы нұрымен, қадір-қасиетімен баурап жүрген замандастарымыз бар. Жан дүниеңіз шуақты, жылуы, қуатты болсын,  ағайын! Жанұзақ Аязбеков

Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytany.kz