Хорошо было в детстве: мишурой обмотался, под ёлку залез, мандаринку съел — и ты в сказке! А сейчас уже и не знаешь, чем обмотаться, куда залезть и что слопать, чтобы хотя бы новогоднее настроение появилось.
Хорошо было в детстве: мишурой обмотался, под ёлку залез, мандаринку съел — и ты в сказке! А сейчас уже и не знаешь, чем обмотаться, куда залезть и что слопать, чтобы хотя бы новогоднее настроение появилось.
рахмет
Жаңа 2017 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Ескі Жылдың қайғы - мұңын, өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл - күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Достар, біз де өкпе - назымызды, өкініш - мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі Жылға қалдырып, Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа Жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!
Жаңа Жыл құтты болсын! Бақ - береке, мол ырыс - дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы Жылыңызға шат - шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!
Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын!
Жаңа Жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.
Бұл Жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әке
Бұл Жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әке
Жаңа Жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа Жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін.Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.
Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!
Каждый год мы ждём чего-то хорошего. Пусть оно исполнится.
Тәрбие сағат тақырыбы: «Жаңа жылда жасыл шырша жанында» Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті жиналған қауым, ата - аналар мен ұстаздар! Баршаңызға жаңа 2014 жыл жылан жылы құтты болсын. Отбастарыңызға бар жақсылықты тілей келе, бүгін міне, шырша жанына жиналып қалған екенбіз. Бүгінгі мерекелеріңізбен сіздерді құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз. Жаңа жылымыз сіздерге мол қуаныш әкеле берсін, осылай кішкентай бүлдіршіндеріміздің қызықтарына тоймай, келе беріңіздер. Бүгін балалар сіздерге арнап шағын өлең, би ән жырларын дайындады, аяз атаға да арнап дайындаған өлеңдері мен әндері, билері бар. Жүргізуші: Балалар, біздің Аяз атамыз алыс сапарда жүр екен. Олар келгенше біз бәріміз бірге қосылып «Шырша жырын» айтайықшы. Сонда Аяз ата естіп, біздің елді - мекенге келеді. Ән: «Шырша жыры» Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, алыстан Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан сияқты. Қане, бәріміз Аяз атаны шақырайықшы. Балалар: Аяз ата а - у - у - у. Аз ата а - у - у - у - у. Аз ата а - у - у - у - у. (Аяз ата мен Ақшақар келеді) Аяз ата: Ақшақарым, біз әні мен сәні жарасқан, ұл - қызы өнерлі, халқының бірлігі мол, берекелі елге келген екенбіз. Мен өте қуаныштымын. Ақ қырауға малынған, Сақалы да мұртым да Аяз ата сағынған Сәлем берем жұртыма. Ақшақар: Иә, Аяз ата бұл өзіміздің сағына көруге аңсаған Сарат елді мекеніндегі Сарат орта мектебінің білім ордасының шырша тойы екен. Жүргізуші: Балалар қазір әлемге саяхатқа шығамыз. Мұнда біз әр елдің жаңа жылды қарсы алу дәстүрімен танысамыз, және бізде сол дәстүрлері бойынша өнер көрсетеміз. Келістікпе балалар?! Балалар: ия, келістік Жүргізуші: Бірінші біз өзбек еліне барамыз. Өзбек елінде таңертең ерте тұрып, өздерін ретке келтіріп, карнавалдық костюмдерін киіп, халық көшеге жиналып өз өнерлерін көрсетеді. Мысалы: ас пісіреді, әншілер ән айтады, бишілер би билейді екен. Ендеше бізде өзбек биіне кезек берейік. Би: «Өзбек» (кесемен) Жүргізуші: Балалар ал көршілес Ресейде Жаңа жылда Аяз Ата мен Ақша қарды күтеді екен. Солармен ән айтып, би билеп, жарыстар ұйымдастырады. Қане, біз де көршілес халқымыздың әуеніне салып, біраз серпілік алайық. Би: «Орыс биі» Жүргізуші: Ал Англияда әртүрлі жастағы адамдар түнде үйде тұрған биік заттардың үстіне шығып алып, төмен қарай секіреді екен. Оларда басты кейіпкер сырнайшы болады. Сырнайшыға келіп, бетіне күйе жағу керек. Сырнайшы ұстатпай қашу керек, аяз ата үйді аралап жүріп сыйлықтар таратады. Қайтарымына балалар ән айтып, би билейді. Ендеше келесі кезекте Диана мен Сағадаттың ағылшын биіне кезек берейік. Би: Ағылшын биі, Ғарифоллаұлы Сағадат пен Жонысқызы Диана Жүргізуші: Түркияда жаңа жылдың қарсаңында баланың ойыншықтары сөреден жоқ боп кетеді екен. Олардың салтында, музыка аспаптарының үнімен жамандықты қуып, үйге қуаныш шақырады екен. Ендеше, түрік биіне кезек береміз. Би: «Түрік биі» Жүргізуші: Өлең де әзір, ән де әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір. Кел, Жаңа жыл біздерге. Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл – дей отыра, ата - аналар арасынан 3 ата - ананы ортаға шақырып, ойын ойнаймыз. Олар: Гүлдана, Қымбат, Алтынсары деген апайлар Ойын «Кел, би билейік» (Столмен би) деп аталады. Ойын шарты мынадай: Ортаға шығып, әр ұлттың биін ырғағына сай етіп билеу керек. Музыка әуені тоқтағанша билеу керек. Музыка сөнген кезде столға отырып үлгеруіміз керек. Ойынға Аяз ата төрелік етеді. (Ортаға 4 ата - ана шығады. Ойын ойналады) Жүргізуші: Рахмет, сіздерге көп - көп. Жеңімпазымызды құттықтаймыз. Қуаныш пен шатыққа кенелейік, Жадырап ән шырқап тербелейік. Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы, Бәріміз дөңгелене би билейік – дей келе, ендігі кезекті Нұрдаулет пен Ақниеттің өзбек биіне береміз. Қарсы алыңыздар! Би: «Өзбек биі» Жүргізуші: Басталарда жаңа нұр, Құйылады жаңа нұр. Жүрекке арман бөлеген, Қош келіпсің, жаңа жыл, - дей келе, кезекті әнге береміз. Алиханқызы Аружан «Ертегілер» әнімен ортада қарсы алыңыздар! Ән: «Ертегілер елінде» Жүргізуші: Балалар енді бәріміз бірге шыршаны айналып Аяз Ата биін билейік. Би: «Аяз Ата» биі. Ескі жыл: (Аружан) Сау болыңдар, балалар, Келешегі халқымның. Ашық болсын аспаның Аман болсын жас - кәрің. Жаңа жылым бақытты, Аманат қып барамын Балалардың бір жылғы Сауық - думан кештерін. Жаңа жыл: (Ерсұлтан) Жақсылыққа бағытталған, Боламын мен жаңа жыл. Жаңа жылға бәріңіз, Жаңа үмітпен қараңыз. Қабыл алдым аманат, Жасамаймын мен әркез. Аманатқа қиянат. Аяз Ата: Балалар, енді біздің кететін уақытымыз келді. Біз сіздермен қоштасамыз. Қош сау болыңдар балалар! Жүргізуші: Қане, енді балалар бәріміз көзімізді жұмайық, көзімізді мен айтқанша ашпаймыз. Келістік пе балалар?! Жүргізуші: Біздің оқушыларымыз Аяз атаға хат жазған еді, сол хаттары бойынша аяз ата тілектерін орындап, бізге сыйлық тастап кетіпті. Қане таратып берейік. (Музыка ойналады, Шырша астындағы сыйлықтар таратылады). Жүргізуші: Ерлерім, ел намысын түйіп белге, Келеді қолым жетіп биіктерге. Тілегі қабыл болып Елбасының, Жаңа жыл құт боп келсін сүйікті елге! – дей келе, бүгінгі мектеп алды даярлық топ оқушыларының дайындаған жаңа жылдық кешіміз аяқталды. Құрметті көрермендер келгендеріңізге көп - көп рахмет. Біз сіздермен қоштаспаймыз, тек келесі кездескенше дейміз. Сау болыңыздар!
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tarbie/2170-new.html
© www.ZHARAR.com
Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады. 1 жүргізуші: Уа, халайық жараңдар, Айналаға қараңдар! Жаңа жылдық бұл тойын, Салтанатқа санаңдар Қызық көріп, шат болып, Шаттық күліп тараңдар, Уа, халайық құрметті, Көмейіме жыр кеп тұр Жаңа жылды қарсы алып, Өткізейік дүрмекті Уа, халайық той бүгін Бақыт, шаттық мол бүгін Қарсы алайық Тышқан жылды Ұзатып сап Доңызды. 2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2008 тышқан жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық. Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Абай көшесінен үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын.Мен қайдамын? (Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес.Бірақ, бұл маңызды емес.Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны маңызды емес.Неге келіп едім? А иә!Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған тәуелді.Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.) 1.Сайқымазақ: Қане біздің қонақтар! Басқаға мойын бұрмаңдар! Бізге қарай жақындап Қызық күлкі тыңдаңыздар! 2.Сайқымазақ: Барлығыңыз білетіндей шыршада Өте қызық болатынын. Өлең айтып, би билеп Сіздерді достар, құттықтап Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!! (Ұқыпсызға көңіл аударады.) 1 Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе? Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін.Маған екеуміздің біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз. 2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен кімсің өзің? Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Родник көшесінен келдім.Жаңа жылға асығып келдім.Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын. 1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің.Қарашы айналаңа адамдарда мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда! 2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік. (Би биленіп,өлең оқылады.) (Ортаға Чебурашка мен Гена баянмен шығады.) Чебурашка: Мәссаған, Гена қарашы, қаншама халық келген.Мен осыншама үлкендермен балаларды ешқашан көрген емеспін. Гена: Ал мен көрдім.Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің. Чебурашка: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме? Мен әлемге белгісіз жануармын.Ал менің атым ... Барлығы: Чебурашка. Гена: Ал менің – менің атым кім? Барлығы: Крокодил Гена! Гена: Мәссаған-қандай ақылды балалар! Ал енді Чебурашка, біздің жаңа әнімізді айтсақ қайтеді. Чебурашка: Айтсақ айтайық. Пусть белеют тропинки И летают снежинки И заводит пурга хоровод- Сразу ясно прохожим, На сосулки похожим, Что наступит вот-вот Новый год... Гена: Я ж играю на горможке У прохожих на виду... Чебурашка: К сожелению, Новый год- Он тоже раз в году ... Чебурашка: Сөздері енді аздап келіспейді.Мен мына жерде өнер көрсетіп кеткен сияқтымын. Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді.Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой.Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық. (Би биленеді.) Аяз атамен Ақшақарды шақырайық: Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған. Көңілдерің дүр маржан Айналайын ұлдардан Айналайын қыздардан Аяз ата, Ақшақар Жетті жолдан қиналған Ештеңе емес барлығы, Алдымыздан күлді арман Мықтылығым мәлім ғой. Өтіп кеткен жылдардан Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Тышқан жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын. Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын. Ақшақар: Мен сендермен Жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме? (Би биленеді.) Аяз ата: Ойбай, Жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар? Ақшақар маған көмектеседі. (Би, тақпақ айтылады.) Ақшақар: Аяз ата, ал мен ең жақсы киінген және өнер көрсеткен сынып жетекшісіне конкурс жариялағым келіп отыр. Ал қане кім бар күшті. Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда.Жеңген --------- сынып жетекшісі. (Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.) 1- жүргізуші: О, халайық, жараңдар. Қилы-қилы заман бар. Доңыз жылы әне жылыстап, Кетіп барады қараңдар. О, халайық, халайық. Қош айтысып қалайық! 2-жүргізуші: Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған.Доңыз жылын шығарып салайық. Доңыз: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 2008 жылы қадам басқан Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.! Келесі жыл бастауын Тышқанға беремін.(Сахнаға Тышқан шығады.) 2-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл! Бар бол, Жаңа жыл. Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл. Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл. Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл. Тышқан: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым. Тышқан: Мен дағы бір қонақпын Он екі жылда оралар Үлкендерге ақ ниет Сіздерге де ақ ниет. Сіздерге мың рахмет. Барлығы: Қош бол, Доңыз жылы, Қош бол! Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл. Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл! - Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік. (Көріністер кетеді) (Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры » әні орындалады ) - Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар.Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны. Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін. Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар! (Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады ) 1-жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де жеңеді.Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін! Барлық жандар бір тілекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/scenarii/430-new.html#related
© www.ZHARAR.com
Баршаңызды келе жаткан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймын
Жаңа жыл Жаңа жыл Жаңа жылға жаңа жыр Жасыл шырша жанында Билеп барлық бала жүр
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/takpak/438-new.html
© www.ZHARAR.com
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-Ғасырдың он екінші жылы келді,Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.Қазақтың пейіліне тарту етсін,Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
***Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Жаңа жыл, жаңа жыл.Жаңа жылда-жаңа жыр.Жасыл шырша жанындаЖадырап бар бала жүр.
Тамаша.тамаша!Шыршамыз тұр жараса.Басында әсем жұлдызыКөз тоймайды қараса.
Жасыл желек жамылған,Асыл моншақ тағылған,Miнe, сұлу шыршамыз.Көптен күтіт, сағынған,Кел, балалар, келіндер,Тамашаны көріңдер.
Жаңа жыл Жаңа жылЖаңа жылға жаңа жырЖасыл шырша жанындаБилеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсынБаскан қадам он болсынТөрле Төрле Жаңа жылБізге Құтты жыл болсын
Аяз ата келіп тұр,Бизге сәлем беріп тұр.Сақалының ұзыны-айКесіп алсам шіркін-ай!!!
Жасыл желен жамылған,Асыл моншақ тағылған.Міне сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған.
Тілеймін мен бар әлемгеДос көп болсын жаңа-жылАта-әже, әке - шешеҚұтты болсын Жаңа жыл
Жылдың әнін бастайын,Аяз- Ата кеп қалды.Майысады жас қайың,Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,Ойын күлкі асқақ ән.Жақсы әпкелер жаңа кеп,Мерекені бастаған.