kz ru en

Авторизация


мама

Каким бы авторитетом не был ПАПА, когда МАМА не в духе, вся семья по стеночке ходит!

20
33

Комментарии (20)

Оразмаматулы Адилет,
Учащийся

ras

Оразмаматулы Адилет,
Учащийся

ия бул шындык

Оразмаматулы Адилет,
Учащийся

уйде солай

Гончарук Людмила,
Учащийся


Махмадраджабов Мухаммад,
Учащийся

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.

Махмадраджабов Мухаммад,
Учащийся

Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.

Махмадраджабов Мухаммад,
Учащийся

Ата-ананың сөзі —
Айдын жолдың өзі.
Ақылдының сөзі —
Ақ дарияның өзі.

Махмадраджабов Мухаммад,
Учащийся

Бала жетесіз болса,
Ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса,
Ата-анасын елге қаратады.

Махмадраджабов Мухаммад,
Учащийся

Бала жетесіз болса,
Ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса,
Ата-анасын елге қаратады.

Махмадраджабов Мухаммад,
Учащийся

Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

Махмадраджабов Мухаммад,
Учащийся

Ғашық жардың белгісі - ата-анадан бездірер,
Қыран құстың белгісі - таудан тасқа кездірер.

Махмадраджабов Мухаммад,
Учащийся

Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Я с вами согласна.

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

Махаббат- әлемдегі  ең  ұлы  сезім. Бір жылда төрт жыл мерзімі болатыны сияқты адам өмірінің де күзі, қысы, көктемі, жазы бар. Махаббаттың түрлері өте коп. Ол ата-анаға деген, туған жерге деген, ана тілге деген болып бөлінеді. Ең алғашқы махаббат бізге өміріміздің ақ сүт беріп, мәпелеп өсірген анамыздан келді. Әлемде бұл құбылысты сезінбейтін, оған бас имейтін адам жоқ. Адам ес біле келе қыз бен жігіт арасында болатын махаббатты сезіне бастайды. Қазіргі заманда шынайы махаббат өте сирек кездеседі. Ұлы сезімді сезіну, иелену әр адамның өз қолында. Көпшілігі ақша,байлық немесе басқа себептермен бірге болады. Бұндай адамдардың бақытты болуы екі талай.  Ақын-жазушылар да махаббат туралы өз ойларын білдіріп, өлең жазады. Мысалы, қазақтың Мұқағалиі, Абайы және де тағы да басқа. Тек қазақ зиялылары ғана емес басқа да ұлт өкілдері де махаббат туралы жазады. Мысалы, орыстың Пушкині, Лермонтовы. Махаббат сезімі болуы үшін екі адамның арасында ұқсастық, түсіністік, сыйластық болу керек. Әлемде адамдар көп, бірақ сенің нағыз жолдасың болатын адам біреу. Онымен өмір өзі кезіктіреді.

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/10484/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

Махаббат тек қыз бен жігіт арасында ғана шектеліп қоймайды. Әрбір азаматтың өзінің Отанына деген махаббаты, сүйіспеншілігі болады. Оған дәлел, әрбір азамат өзінің кіндік қаны тамған жерінен алыс ұзап кетсе, өз жерінің ауасын, топырағын, суын сағынады. Және де әрбір азамат әскерге барып, өз Отанының алдында борышын атқарады. Отанға деген махаббат  туралы өлен жазбаған ақын жоқ болар. Халқымыздың эстрадасында әрбір әнші Отанға деген сезімдерін өздерінің жан дауыстарымен халыққа жеткізеді. 

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/10484/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

Табиғат-құдіреттің тіршілікке тарту еткен ең үлкен сыйлығы – ана. Жер бетінде қыбыр еткен жан атаулы анадан туады,  ананың махаббатына бөленеді. Он сегіз мың  ғаламның  мызғымайтын бір заңы болса, ол - ананың перзентіне  деген махаббаты.             Бала кезімнен ынтыға тыңдайтын бір ертегіде “кірпі баласын жұмсағым дер, қарға баласын аппағым дер ”  деп келетін ғажап сөз бар еді.  “ Ішінен шыққаны шұбар жылан ”  болса да, сүйюден, аялаудан танбайтын ана жүрегі қандай жомарт, мәрт, нағыз асыл десеңші?!

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/7767/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

Ойлап көріңізші, анадан не қымбатты, ә? Зор күнә ғой  ана жайлы  тіл қатпау?! Талай ана сәбиі үшін ұйқысыз,  тал  бесікті таянумен түн қатты-ау. Ана жайлы тіл қатпау - зор  күнә болса, “ ана жайлы жан-жүрегіңмен құлай беріліп, сезініп, сүйіп, сүйсініп тіл қату - зор ерлік” дер едім.            Осы ерлікті істеуге санасында сәулесі бар әр адам баласы міндетті деп ойлаймын, ендеше, тәуекел! Мен де өз көңілімнен ардақты жан анаға деген жүрек сырымды ақтарып көрейін.

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/7767/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

“Шешесін көріп қызын ал” деген халқымыз, менің анам – менің болашағымның айнасы. “Жұмақтың кілті ананың аяғының астында ”  деген екен пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с), ал қазақ халқы әйел затын ерекше қадір тұтқан. Өмірдің ащы-тұщысын көріп ысыла берсін, тұяғы тасқа салса, кетілер, суға салса, жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп, бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген.

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/7767/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

“Қарлығаш әулие” атанған Төле бабамыз шаңырығына ұялаған қарлығаштың балапаны жетілгенше, көшпей отырыпты. Бұл да құс екеш ана-құстың балапанына деген махаббатын аялаған, халқымыздың даналарының үлгілі істерінің бірі. Обал мен сауапқа аса сақ қарайтын халқымыздың тұлпар туған биені соймайтын жақсы дәстүрі болған. Бұл  – адамның анасын былай қойып, малдың да анасын қасиет тұту. Анаға деген қазақы құрметтің қаншалықты дәрежеде биік екені осыдан-ақ байқалмай ма? Халық арасында  “Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да,  қарызын өтей алмайсың” дейтін қанатты сөз ананың қадірін адамзатқа   ұғындыру үшін айтылса керек. Сондықтан бұл сөздің мәнін ананың қабағына кірбің түсірмей, аялап ғұмыр  кешу деп ұғамын.  Адам баласы,  ең бірінші,  анаға қарыздар. Өйткені  адамгершілікке тәрбиелеп, жақсылыққа үйрететін алғашқы ұстазың – анаң. Ананың балаға, баланың анаға деген махаббаты – мәңгілік ұлы сезім. Өнерде  өлмейтін екі тақырып болса, соның бірі  -  ана, бірі – махаббат. Шығармашылық өмірінде бір туындысын анаға, әйел затына  арнамаған өнер иесі жоқ деуге болады. Сонау Леонардо да Винчиден бастап, күні кешегі Ғабит Мүсіреповтер, одан кейінгі, осы күнгі классиктердің ұлылығы да  олардың ананы, әйел затын терең түсініп, көркем суреттеп,  классикалық ғажап деңгейде  өнер өзегі етіп алуында,  бір ғана мысал,  Шәмшінің “Ана туралы жыр ” әнін алайықшы.  Керемет дүние емес пе? Бұл әнге балқымаған, елжіремеген жүрек жоқ шығар. Өйткені ол ән адам жүрегінің жалғыз жебеушісі, өзіне өмір сыйлаған ардақтысына арналған емес пе? Шәмшінің бұл әні – Ана туралы әнұран.     “Жігіттің жақсысы нағашыдан” дейді дана халқымыз. Жақсы адамның анасы туралы “жатыры асыл ”  деп жатады. Мұның бәрі адамның адамдық қасиеттері ана сүтінен сіңетінін тағы бір дәлелдеп өтетін мысалдар. Сөз  басында мен : “ Ана туралы тіл қату – тілдің зор ерлігі”, -  деп айтқан едім. Оның себебі, ана жүрегінің өзі ерлік жасауға құмар құдірет иесі. Ананың ерлігі – баласын өз жанынан артық сүюі. Ел аузында  жүрген аңыз - ана  жүрегінің осы ерлігін паш етеді. Аңыз былай дейді: “ Баяғыда бір жігіт көркі елден асқан сұлу қызға есі кете ғашық болыпты. Қол жеткізбес сұлу күндердің күнінде өзіне ғашық жігітке  “ Алам десең аруды, анаңның ап кел жүрегін” деп шарт қояды.  Сезімнің соқыр жетегіне ерген жігіт есі ауып, анасын өлтіруге мәжбүр болады. Шешесінің дірілдеген ет жүрегін жұмырына жұма салып, ғашығына қарай асықса керек . Бір сәтте аты сүрініп, жігіт жерге құлап түседі. Дәл сол кезде анадайға ұшып кеткен анасының жүрегі: “Бір жеріңді ауыртып алмадың ба , құлыным”, - деп бүлкілдепті”.              Ана жүрегі деген, міне, осы! Нағыз махаббат, аналық махаббат, нағыз ерлік! 

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/7767/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Мадыханова Гаухар,
Пользователь

Адамзаттың өткен өміріне көз салсақ, олардың өнері мен өлеңдерінде махаббаттан, ғашықтықтан асқан тақырып болмаса керек. Махаббат адам өмірінің негізгі тіреуі, арқауы секілді.Адам бар жерда махаббатта бар. Адамзатты адамдық кейіпте ұстап тұрғанда осы — махаббат болып көрінеді." Махаббат өмірдің кереметтей көркі"-деген А.В.Луначарский, ол табиғатты гүлдендіріп, неше түрлі бояулармен құбылтады. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады дер едім. Адам сезімінің, жан мен тән сұлулығының,үзік-үзік ғашықтық пен құмарлығының, жүрек дірілі, бір-біріне жылы көзқарасы үйлесіп, ортақ тіл табысқан, асау толқындай болған ол-қыз бен жігіт арасындағы махаббат. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім. Махаббат адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезім. Адам біреуді сүйгендіктен яғни біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің өзін сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, жоқшылықта қолдан келмейтін іс тындырады.Ал, осы қыз бен жігіт арасындағы махаббат, ана мен бала арасындағы махаббат секілді мәңгі жарқырап тұратын мәнді де үлгілідер едім.Сондықтан махаббаттарымызды бағалай білейік.