Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Бұл күнге қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қостық. 25 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.
Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық.
Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толды! Осыған орай Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатымызда 10-сынып кураторлары Құрманбаева А.С., Аширбекова А.О. және оқушылары «Ата – бабам аңсаған – Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізді.
Екі жарым ғасыр бойы бодандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткергенін осы тәрбие сағатында әртүрлі қойылымдар арқылы көрсетіп, көрермендердің жүрегін шымырлатты. Сонымен қатар, Қазақстан азаттық күрес кезеңінде Тәуелсіз ел болуға күрескен тұлғалар Желтоқсан құрбандарына тағзым, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізен жетістіктер қамтылады.
Жарайсыздар!
Молодцы!