Бүгінгі жас дарын-ертеңгі еліміздің көк байрағын желбіретер, тәуелсіз еліміздің тірегі. Нұрмақов мектебінің оқушысы, өзге ұлт өкілі, ақыл, талант, білім секілді асыл қасиеттерді бойына жинақтаған Мунтян Данил - бүгінде көптеген жетістіктерімен мектеп абыройын асқақтатып жүрген ұлгілі оқушылардың бірі. Республикалық "Мың бала" байқауының жеңімпазы, облыстық "Жарқын болашақ" олимпиадасының жүлдегері Данил тақауда "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мемлекеттік тілде жалпыреспубликалық шығармалар байқауының аймақтық кезеңінде мемлекеттік тілде сауатты және ерекше мазмұнда жазылған үздік шығармасы үшін Дипломмен марапатталды. Ұлы Абайдың "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" даналық сөзін өмірлік ұстаным етіп алған Данилдың болашағынан зор үміт күтуге болады.
Жақсы
Гүлзира Зейноллаевна!
Рахмет!!!