Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні Н.Нұрмақов атындағы ММИ-да «Көптілде білім беру жұмысында оқушылардың құзыреттілігін инновациялық технологиялар арқылы дамыту» атты семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына үштілде білім беру жұмысын тарату жөнінде мектепке бекітілген №38 гимназия, Шахтинск қаласындағы №1гимназия, облыстық Жамбыл атындағы ММИ және «Ауыл - қала»жобасымен жұмыс істеп жатқан Қарқаралы ауданы мектептерінің ұстаздары қатысты.
Семинар жұмысында мектебіміздің орыс тілі пәні мұғалімі С.М.Цемох «Педагогикалық тәжірибе шығармашылықтың жолында: ізденістер, жаңалықтар, табыстар» атты шеберлік сыныбын көрсетті. Ұстаз 5 – 11 сыныптарға арналған бағдарламалар мен жұмыс дәптерлерін көрсете отырып орыс тілін дамытуға арналған жұмыстары туралы айтып өтті.
Интербелсенді әдіс-тәсілдер туралы математика пәні мұғалімі Е.В.Нипрук өз сабағында қолданатын «Хан академиясы» ресурсы туралы таныстырып өтті. Семинарға қатысушылар үшін бұл ресурс жаңалық болды.
Мектеп сынып жетекшілері Р.Н.Шаяхметова мен С.Т.Сүлейменова «Қызық адам болудың тоғыз жолы» атты ата-аналар жиналысында қолданатын материал ұсынды. Ал ағылшын тілі пәні мұғалімдері Т.Р.Байжігітова мен Ж.С.Жетписбаева мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің негізгі идеясын, мәтін туралы ақпаратты тез және жүйелі ойлауға бағыттайтын кескін сызбалар арқылы баулуға болатын әдіс-тәсілдерді көрсетті. Бұл тәсіл де қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Жалпы семинарға қатысушылар мектеп мұғалімдерінің жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп алғыстарын айтты.
Отлично
Молодцы
Жарайсыздар
Оооо керемет, жарайсыздар!!! Еңбектеріңіз жансын!!!