Менің бала тәрбиесіндегі басты ұстанымым - жас ұрпақты, яғни қыздарымызды – қылықты, ұлдарымызды ұлағатты етіп тәрбиелеу.
Тәрбиеші – балалардың өміріндегі анасынан кейінгі басты тұлға деп ойлаймын. Балалардың жатақханадағы іс-әрекеттерін ұйымдастырушы, оларға тәрбиелік ықпал етуді үйлестіруші.
Қоғам өміріндегі әлеуметтік – экономикалық жағдай неғұрлым күрделене түскен сайын соғұрлым мектеп оқушыларының да өсіп жетілуінде кедергілер мен қиыншылықтар көбейе түсуде. Осы жағдайларды шешуде жеке тұлғаның тәрбиесіне тікелей жауапкершілікті мойнымызға аламыз.
Жатақханада тәрбиеші болу, ол қиын да, қызықты да жұмыс. Демек шығармашылықты керек ететін әр баланың өмір тынысынан, іс-әрекеті мен психалогиялық жай-күйінен, әлеуметтік жағдайынан хабардар болу, қиындықта қол ұшын беру, көмекке келу менің қызметтік парызым.
«Тәрбие іс-бағыттарының мақсаты болмаса, тәрбие жұмысы өз мағынасын жоғалтады»- деп айтқандай, менің мақсатым – балалардың қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты дамуына жағдай туғызу.
Тәрбиешілік жетістікке жетуім, балалармен іс-әрекет, қарым-қатынас,бірлескен қызмет, шығармашылық ұжымдық т.б.түрлі байланыстар арқылы бала жанын толық түсіне білуімнен, балаға сеніп, жақсы көре білуім деп ойлаймын.
Әдетте тәрбиеші қызметінің нақты ұйымдастырылуы мен жеке басы қызметінің мәдениеттілігі, яғни, имиджі, өзін-өзі басқару шеберлігі және т.б. оқушылармен карым-қатынасының тәрбие жұмысында нәтижелі болуымен сипатталады.
Менің кәсіби тәжірибемде әртүрлі жағдайлар болып жатады, қуанышты көңіл-күй, жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімі, балалардың сәтсіздікке ұшырауы. Бұндай кезде мен оларды жігерлендіріп, шабыттандырып, жұбатып отырамын.
Дегенменде, өзінің еңбегінің нәтижесін көргенде, балалармен бірге шығармашылық жұмыстарды түрлендіріп, басқалармен қуанышымды бөліскім келеді.
Тәрбиешінің басты ролі балаға деген махаббаты. Біздің жатақханада тұратын балаларымда әртүрлі мінез бар, ой-қиялдары да бір-біріне ұқсамайтын балалар. Олар қандай болса да мен оларды сол қалпында жақсы көремін.
Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен
тәрбие қылуға міндетті» - деген.
Қазіргі заманауи уақытта әр балаға жекелеген жағдай жасап,тұлға ретінде жекеленген қызығушылығын,өзіндік ерекшіліктерің дамыту мақсатында.
Осы жатақханада жұмыс жасағанда жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, оның шығармашылық әлеуетін іске асыру, баланың белсенді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету үшін, балалардың мәдени ой-өрісін кеңейтуде, құштарлығын және білім сапасын арттыруда олардың бос уақыттарында әдеби көркем шығармаларды оқыту барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарындағы кейіпкерлерге талдаулар жасайды. Ол үшін оқушыларды жүйелі түрде кітап оқуға дағдыландыру қажет.
Біздің мектепте кітап оқу жақсы жолға қойылған. Күнделікті оқушылар түскі үзіліске дейін 20 минут кітап оқиды. Оқыған кітаптарының (кімнің қанша бет оқығаны)нәтижесін апта сайын дәліздегі тақтаға жазып қоямыз.
Әр баланың бойынан ең жақсысын көре білу керек, және оған өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көре білуге көмектесу қажет деп ойлаймын.
Балалардың бойындағы жеке қасиеттері ашу мақсатында, оның ән айту, билеу, спорттық жетістігі, өнерге деген сүйіспеншілігін қадағалауда.
Бала қандай болып өседі? Ол мейрімді, тәрбиелі, адамгершілігі мол, әлде шығармашыл тұлға бола ма? Бұның барлығы маған байланысты, менің күнделікті жұмысымның нәтижелігі. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың маған деген және олардың өздерінің арасында қандай өзара қарым-қатынас орнағанын байқадым.
Оқушы арасындағы қарым-қатынасты тең құқылы демократиялық стильде серіктес ретінде қарастырамын, шешім қабылдауда балалардың пікірін ескеріп отырамын, соның нәтижесінде олардың бір нәрсеге өзіндік пікір айтуы еркін, жылы шырайлы, шығармашылық ынтымақстастығы жоғары, өзара көмекшіл ортаға айналып отыр.
Осы атқарылып жатқан жұмыстарымның жемісі. Тәрбиелеу мен үйрету – бұл ұлы өнер. Нақты жақсы тәрбиеші болу – адамның бойына біткен дарын.
Тәрбиеші болу мен үшін жай мамандық емес, ол ішкі жан-дүниемнің болмысы. Сондықтан, әр бала жанып тұрған жұлдыз десек, сол жұлдызды жаға білу, оның сәулесін жандандыра білу менің басты міндетім.
Сізге шығармашылық тілеймін
Ісіңізге сәттілік тілеймін!