kz ru en

Авторизация


«Мен-қазіргі тәрбиешісімін»

Қазіргі замандағы мың құбылып өзгеріп тұратын өмірде табысты болу үшін оған оңай бейімделе білетін қабілетке ие болу керек.

    Қазіргі уақыттың адамы дүниенің даму заңдылықтарын түсінуі және сол дүниедегі өзінің орнын біліп, қоршаған ортада бағыт таба білуі, өзінің іс-әрекеттеріне жауапты болуы тиіс.
Дүниетанымның ең басты жолы – тәжірибе, ол адамның мінез-құлқын саналы деңгейге көтеріп, оған өзін күрделі жағдайларда қолайлы сезінуге мүмкіндік береді.

    Тәрбиеші болу – кез келген өнер сияқты көп қырлы және ауыр еңбек. Әртүрлі жағдайларға байланысты тәрбиешінің түрлі рөлдерге жиі енуіне қажеттілік болып жатады: балалар үшін ол барлығын білетін ұстаз да, ойын кезіндегі жолдасы да, жан-дүниеңді түсінетін және қиын сәтте қол ұшын беретін жақын адам да.

   Менің ойымша, жақсы тәрбие беру –материалды меңгерудің жоғары көрсеткіштері ғана емес, ең біріншіден ол – балалардың қуануы, күлімдеуі.

       Баланы сүйе білу дегеніміз – ол көп ойлану, іздену, қандай да бір жаңа жолдарды ашу, керек десеңіз үйреншікті әдеттеріңді өзгерте білу. Педагог болу – біреуді де сүйе білу, және өзіңді де құрметтеу. Өйткені бойыңдағы қасиеттерің сенің балаға беретін тәрбие-тағлымыңа тікелей әсер етеді емес пе? Ойшыл Плутарх та сол туралы айтпады ма: «Бала – толтырылатын ыдыс емес, жағылатын алау!».
     Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда тәрбиешінің ең басты міндеті – рухани бай, жеке қабілеті дамыған тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп-тамырынан нәр алып жатады. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, ептілігі мен дарындылығын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, болашағына жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.
   Еліміздің ертеңі – ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып, өз алдына отау тігіп, өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті – әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрлері-мізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі бүлдіршіндерді өсіру.
   Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев: «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті», – деген. Жас ұрпаққа сапалы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен тәрбиешінің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты.
Ұлағатты ұстаз, еңбеккор тәрбиеші болу – менің де арманым, ұстанып келе жатқан қағидам.

Жаңа заманда мектеп  жасындағы балаларды тәрбиелеудің үздік жаңашыл тәсілдерін шеберлікпен үйретудің ең сапалы траекториясын құру керекпіз. Өйткені, білім мен тәрбиеміз заман талабына сай озық болса ғана өркениет көшінің алдыңғы легіне ілесе аларымыз хақ. Өзімізді өзгелерге таныта отырып, ілгері басуымыз керек.
 

2
6

Комментарии (2)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Қазіргі заманда ең маңызды тәрбие мәселесі.

Тапенова Айнур,
Преподаватель

Сәттілік!