«Ересек адамдардың ісі, жұмысы,қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да сондай адам болады».
А.С.Макаренко
Ойын дегеніміз – жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді.
-Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
-Егерде мұғалім ойынды тек балалардың көңілін көтеру, демалдыру үшін ойнатса, онда пайда болмайды. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады.
Рөлдік ойындар оқытудың әртүрлі сатысында шетел тілін зерттеуге ғана көмектеспейді, сонымен бірге оқушының жоғары психикалық даму сатысына көшуінде рөл атқарады.
-Жоғарыда айтылғандар келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді: ойын әрбір сабаққа белгілі бір түрде ендірілуі тиіс
-Сабақтарда ойынды пайдалану –оқу процесі тиімділігінің, қарым-қатынас жағдайын құрудың міндетті құралы
- Оқыту процесінде ойынды әзірлеу және ендіру кәсіби ағылшын тілін оқытудың әртүрлі сатыларында ауызша сөйлеуге үйретудің негізгі міндеттерін әлдеқайда үлкен жетістікпен шешуге ықпал етеді.
Рөлдік ойын процесінде қисынды ойлау,қойылған сұрақтарға жауап іздеу қабілеттілігі, сөйлеу, сөз этикасы,бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу қабілеті дамиды.Сондықтан шетел тілі сабығында рөлдік ойынды пайдалану оқу процесінің тиімділігін көтереді.
Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Ойын арқылы кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарын қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.
Келісемін. Сабақ барысын ойынмен ұштастыру, оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал.
Ойын арқылы оқушылардың білімін және дүние таным дамытамыз
Оқушылар ойынды жақсы көреді.
Қазақ тілі сабақтарында лексикалық материалды меңгерту және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ойынды жиі қолданамыз.