Әр заманның өз адамы, жетістігі болды. Жетістік дегеніміз не?! Әрбір адамның бұл мәселеге байланысты өзіндік ойы, көзқарасы болар. Әйтсе де, жетістік - бұла адамның алға қойған мақсатқа ойдағыдай қол жеткізуі. Психологиялық тұрғыдан алғанда, қуанышты жай-күйі, қанағаттанушылық сезімі.
Мектепте әрдайым "бестік" баға алған оқушы өмірде үнемі жетістікке ие бола ма?! Жоқ! Демек, күнделіктегі "бестік" баға мен көптеген мақтау қағаздары өмірде жетістікке жетудің кепілі емес. Себебі, "КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҚАТАҢ ФОРМУЛАСЫН" сақтайтын оқушыларымыз бір ізбен жүріп, өмірдің толқынды сәттерінде дұрыс шешім қабылдауға құзыреттілігі жетпей қалуы мүмкін. Ал, үшке оқыған оқушыларымыз әлеуметтік тұрғыдан қоғамда тез бейімделіп, зор табыстарға кенелуі қалыпты жағдай болмақ. Сондықтан, кейде мықты тұлғалардың мен мектепті үшке оқығанмын деп естіп қалуымыз тегінде емес.
Сол себепті, мұғалімнің теория мен практиканы ұштастырып, осылардың арасындағы балансты сақтау маңызды. Сіздер өз сабақтарыңызда осы балансты қанша пайызбен іске асырасыздар?! Әлде тағы да басқа компоненттерге назар аудару керек пе?! Әріптестер, ойларыңызбен, тәжірибелеріңізбен бөлісе отырыңыздар! Көп рахмет!
Фунционалдық сауттылыққа оқушыларды оқыту қажет.
Ия, ол күн тәртібіндегі басты мәселе боп тұр ғой Айнаш Аскеновна! Бірақ, ол кезекті "сәнді ұғым" емес пе?!
Олай мен ойламаймын. Негізгі біз баланы өмір сүруге және өмірде бақытты болу үшін тәрбиелейміз және оқытамыз ғой.