kz ru en

Авторизация


Тәжірибе бөлісейік

26.01.2017 күні Н.Нұрмақов атындағы мектептің биология пәні мұғалімі Н.М.Хамзе «Human Digestive System» тақырыбында облыс көлеміне 8 сыныпта ашық сабақ көрсетті. Көптілде білім беру жұмысымен шұғылданып жатқан біздің мектепте бұл пән ағылшын тілінде жүреді.

 Оқушының логикалық ойын қалыптастыру, балаға оқып жатқан тілінде анализ, синтез  операцияларын еркін жүргізіп, ой тұжырым жасай алуға үйрету, алған білімді іс жүзінде қолдану, яғни, оқу

шының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған сабақты облыстың 117 мектебі көріп тамашалады. Ғылым негіздерін ағылшын тілінде оқыту барысында тәжірибе жинақтаған біздің мектепте өз оқушыларымызға сапалы және заманауи білім алуға жағдай туғызылып отыр, оны сабақ барысының интернет мүмкіндігін пайдаланып Nearpod ресурсының көмегімен өткендігі, бірнеше интербелсенді әдіс-тәсілдер қолданылғаны дәлелдесе керек. Оқушы қыздарымыздың да өз білімдерін еркін жеткізгендері қуантады. Осындай білім алған қоғам мүшелері ғана сәтті дами алады және еліміздің әлемнің ең жетекші елдерінің қатарына  қосыла алатындығына еңбек етерлері сөзсіз.

3
6

Комментарии (3)

Нурдильдина Клара,
Преподаватель


Цемох Светлана,
Преподаватель

Так держать .

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Желаю Вам дальнейших успехов!