kz ru en

Авторизация


«Критериалды бағалау-оқушы білімін нақты бағалау»

Мақсаты

Критериалды бағалау туралы түсініктерін кеңейту

Түйінді идея

бағалау,дескриптор,баға,критерий

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер коучинг сабағының соңына дейін, бағалаудың кез-келген оқушы жұмысында қолданылатын критерийлерімен танысады. Коучинг сабағынан соң, мұғалімдер критерий арқылы бағалауды үйренеді.

- Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

- Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады;

- Үлгі оқушыларға алдын-ала белгілі болады;

- Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі болады;

- Білім берудің  сапасын артады.

Ресурстар

Интерактивті тақта, ақ қағаздар, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, оқулық, стикерлер

Жүргізу барысы

 

І. Ұйымдастыру:

1. Ұйымдастыру кезеңі. “ Комплимент” жаттығуы. Өзін таныстырып, есімінің бас әрпіне сын есім қосып айту, Мысалы: Асем – ақылды.

2. ТОПҚА БӨЛУ . Өрнектердің шыққан  мәндері арқылы топқа бөлінеді:

1 топ

2топ

3 топ

250+300=

500/20=

5*4=

150+400=

600/24=

4*5=

170+380=

800/32=

100/20*4=

270+280=

400/16=

45/9*4

200+450=

900/36=

55/11*4=

Неліктен  бұл сандарды  ерекшелеп алдық деп ойлайсыздар?

 (550, 25, 20) 2016 жылғы  атаулы  даталар

3.Ағымдағы мәселені зерттеу – 10 мин.

1.Баға дегеніміз не?

2. Бағалау дегеніміз не?

3. Баға беру дегеніміз не?

Топпен жұмыс.

Әр  топ  А4 парағына өз пікірлерін түсіреді.

4.  Теория таныстырылымнан көрсету.

1. Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау;

2.Баға беру-бағалаудың нәтижесі, яғни сапалы кері байланыс;

3.Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.

«Тағы да екі..» бейнежазбасы

 « Бейне жазба не дейді?» сұрағына жауап береді. Бағаның бала өміріне, ата-ана өміріне қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізе отырып талдап, талқылайды. Ортақ шешім қабылданып, ортақ постерге түсіріледі.

5.Теория.  Критериалды бағалау бойынша слайд көрсету.

6. Жиынтық бағалау  тапсырмаларын  талқылау үшін  топтық жұмыс.

Тапсырманы орындап,  төмендегі  сұрақтарға  жауап береді?

1. Қойылған ұпай  саны  нақты  ма?

2. Ұпай санының дескрипторларын анықтаңыз?

7. Модерация. Модерация – бағалаудың шыншылдығы мне айқындылығын қамтамасыз ету үшін бағалалауды стандартқа түсіру мақсатында бір сынып және бір пән мұғалімдері арасында жиынтық жұмысты талқылау жұмысы.
8. Кері  байланыс. «Бес саусақ»

тег: Коучинг
2
9

Комментарии (2)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Іске сәт.

Жапелова Замзагуль,
Преподаватель

Рахмет, Айнаш!