2 ақпаннан бастап біздің мектепте "Инновациялық аймақтағы сабақ" атты әдістемелік айлық басталды. Қазақстан тарихы пәнінен Тапенова А.С. 9 "А" сыныбында "Тың игеру" атты және қазақ әдебиеті пәнінен Әкімбекова Г.З. 8 "В" сыныбында М.Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" тақырыбында инновациялық ашық сабақтар өткізді. Қазақстан тарихы сабағында оқушылар өз ойларын, көз-қарастарын ортаға салып, пікір алмасты. Қазақ әдебиеті сабағында оқушылар "Зерттеушілер", "Кейіпкерлер үні", "Экологтар", "Тілшілер", "Жазушылар" сияқты бірнеше топқа бөлініп, шығарманың тақырыптық-идеялық негізін ашты, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасады. Әрбір топ бағалау парағын пайдаланып, өздерін бағалады. Сабақтың соңында кері байланыс: нәтиже, сабақтың сәтті тұстары, болашаққа жоспар, сабақтың әлсіз тұстары арқылы қорытынды жасалды. Педагогикалық шеберлік практикалық тәжірибе негізінде қалыптасады. Осы инновациялық сабақтар арқылы көз жеткізуге болады.
Гульзира мұғалім, Айнұр Сағатқызы, сіздердің сабақтарыңыз өте жоғары деңгейінде өтті.
Түрлі-түрлі қызықты сабақтар көрдік. Қалай алға кеткеміз...