Инновациялық сабақтар жалғасып жатыр. Бейнелеу пәнінің мұғалімі Тусупов М.С. "Дизайн өнері" тақырыбы бойынша 6 "В" сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға дизайн өнері жайлы мағлұмат беру, олардың ерекшеліктерін айқындап, тұрмыста қолданатын заттарда пайдалануға бағыттау. Оқушылар дизайн өнері жайлы мағлұмат алды, шығармашылық тапсырмалар орындады, алған білімдерін өздерінің білім алып отырған мектебімен, яғни өмірмен байланыстыра алды. Жалпы сабақ бойынша оқушылардың көңіл-күйің бақылау, кері байланыс жасау үшін оқушыларға үй сұлбасы берілді.
- Өмірімізге дизайнның қаншалықты маңызы зор деп ойлайсыздар?
- Немесе дизайнға мән бермей өмір сүруге болады деп ойласыздар?
Математика пәнінің мұғалімі Касимова М.Х. 5 "А" сыныбында "Ондық бөлшектерді оқу мен жазу" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, көз мөлшерін атты ойын ойналып, топқа бөлініп, жұбтарын тапты. Жұптық жұмыста оқушылар карточкалармен жұмыс жасады, келесі сабақтың кезеңінде жеке жұмыс арқылы оқушылар өз білімдерін көрсетті. Сабақтың соңында оқушылар өз жұмыстарын және сыныптастарының жұмыстарын бағалады.
Технология әнінің мұғалімі Ахметкаримова Б.Н. "Ілмек бізбен тоқу өнері" тақырыбында 6 "В" сыныбында ашық сабақ өткізді. Осы сабақта:
- сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- СТО-дың стратегияларын қолдану
- оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- А.К.Т.
- жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру
- оқытудағы көшбасшылық
- талантты және дарында оқушылармен жұмыс сияқты модульдерді қолданды. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Мұғалім ой шақыру стратегиясын қолданып, әр жерге орналастырылған тоқыма бұйымдарынан тамаққа байланысты бұйымды оқушылардың табуын сұрайды. Сандар арқылы оқушылар топқа бөлінді. Топтық жұмыс өте қызықты өтті! Сабақтың соңында оқушылар өздерін қай сатыда екендігін білдіру үшін, суреттегі адам бейнесін жасыл түске бояды да, "тазалық ойыны" әдісі бойынша үш қалтаның бірін таңдап салады.
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жунусова Б.Қ. 6 "В" сыныбында Шерхан Мұртазаның "Тұтқын бала" ("Қызыл жебе" романының үзіндісі) тақырыбында сабақ өткізді. Осы сабақта мұғалім үй тапсырмасын "Өрмекші" әдісі арқылы тексерді. Оқушылар аудио жазуды тыңдап, тапсырмаларды орындады. Барлық топтар презентацияларын жақсы қорғады.
Айнаш Аскенова көп рахмет жаңалықтың жаршысы
Мұғалімдер, сіздерге көп рахмет.
Әріптестер, замануи сабақ оқушылардың өздігінен ізденуіне жол ашады.
Жақсы