kz ru en

Авторизация


коучинг, рефлексивті есеп

Коучинг бойынша рефлексивті есеп

І.Тақырыпты негіздеу.

      «Мен ешкімді ештеңеге үйрете алмаймын, мен тек ойландыра аламын» деген ежелгі грек философы Сократтың айтуынша мен ойландыру мақсатында коучинг жоспарладым."Бәріміздің алға қойған мақсатымыз бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, өз заманына сай біліммен қаруланған тұлға шығаруда аянбай еңбек етуіміз керек". Бүгінгі күннің талабы іздену, жаңалыққа ұмтылу болса, сол жаңалықты өзіміздің іс - тәжірибемізден бастауымыз керек. Осы орайда тақырып таңдау кезінде мен көп ойландым. Оқушылардың бағалануы  және тиімді кері байланыстың болмауы мектептегі күрделі мәселелердің бірі болғандықтан, коучинг тақырыбын таңдауыма түрткі болып,  мәселені шешуге аз да болса  үлесімді қоссам деп ойладым. Сабақтарды жоспарлауда ойлаудың әрбір деңгейіне арнап сұрақтар, тапсырмалар беріп, оларға мақсат қойдым. Сол тапсырмалардан күтетін нәтиже, оқушы тапсырманы қалай орындайды, сол тапсырманы орындатуда мұғалім қандай әрекет жасайды, тапсырма орындалғаннан кейін оқушылар қалай және қандай критерийлер бойынша бағаланады  деген ой мазалап, осы бағытта оқушылардың білім сапасын қалай дамытуға болады? - деген ой туындады.  Коучинг жоспарлау алдында қатысатын мұғалімдерді анықтау барысында, мұғалімдер бөлмесіне жарнама жасап ілінген болатын. Сол жарнаманы оқи отыра, «Оқушының өзін-өзі бағалауы , мектептің білім сапасын арттыруда тиімді ме? »деген сұраққа қызығушылық білдірген ұстаздар қатысуға мүмкіндік алды. Коучингке қатысқан мұғалімдердің  қызығушылығы  өте жоғары  болды, себебі барлығын ойландырып жүрген осы сұрақ болғандығын анықтап

 

алғаннан кейін,  мұғалімдермен кездесу өткізіп, бағдарламаның түйінді идеяларының бірі оқу үшін бағалау және оқуды бағалау туралы айтып өттім. Коучинг тақырыбын  мұғалімдердің келісімімен, қажеттілікті анықтау мақсатында  сауалнама алынып,  қорытындысы талдау жасадым. Сауалнаманың сұрақтары 

Бағалау

Ешқашан

Сирек

Үнемі

Жиі

Әрқашан

Бір тарауды өтіп жатқан кезде , оқушылардың қалай үйреніп жатқанын білу үшін мен сабақ сайын бағалаймын.

Оқу мақсаттарына байланысты бағалау тапсырмалары.

 

Мен  оқушыларымның  өзін- өзі бағалауына және жұптық бағалауға мүмкіншіліктер туғызамын

Жоспарымды жазуда және оқытуда мен оқушыларымның бағалау мәліметтерін қолданамын.

Бағалау нәтижелеріне қарап мен оқушыларымның оқуларын қалай жақсартуға болатыны жайлы кері байланыс жасаймын.

Менің оқушыларым өздерінің оқуын және жетістіктерін жақсарту үшін не керек екендігін түсіндіре алады.

Мен өз пәнімнен сабақ беретін басқа мұғалімдермен бағалау үшін жасалатын тапсырмаларды және бағалау критерийларын көріп шығамын.

Мен бағалауды қадағалауға қатысамын.

Бұл сауалнаманың қорытындысы бойынша   мұғалімдердің  оқушылардың      өзін- өзі бағалауына және жұптық бағалауға мүмкіншіліктер туғызбайтындығын байқадым. Өйткені менің іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбымның өзі «Критерийлер арқылы бағалау негізінде оқушылардың өзін-өзі бағалауын дамыту» болғандықтан, өзімді ойландырған сұрақтың жауабын әріптестерімнің  пікірімен салыстыра отырып, ортақ бір шешім ол белгілі критериийлер арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалау парағын жобалап  шығару болатын.

  Осы мақсатта, бірінші коучинг-сессияның тақырыбын бағдарламаның түйінді идеяларының бірі "Оқушы өзін-өзі бағалай біледі ме?" тақырыбында таңдадым.

Коучингтің мақсаты: Критерийлер қою арқылы бағалаудың құндылығын таныта отырып, өзін-өзі бағалауды тәжірибеде қолдануда әдістемелік көмек көрсету.

 

Коучингтің міндеті:

Дәстүрлі бағалау жүйесін, критериалды  бағалау  жүйесімен салыстыра отырып, бағалау критерийлерін жобалау.

Оқушылардың ойлау деңгейлерін іске қосуда  критериалды бағалау артықшылдығына  көз жеткізу;

Нені  оқыту  және  қалай  оқыту,  қалай  бағалау сұрақтарын  шешуге  өздерінің  алдағы  міндеттерін  анықтауға  мүмкіндік  жасау. 

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдерге оқушылардың  өзін-өзі реттеуін , өзіндік мақсат қоя білуі, өзін-өзі бағалауын  іс-тәжірибеде пайдалануға бағыттау.

  «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан маған жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма тура келді, себебі оқушының өзін-өзі бағалауы  мектебімізде әлі де болса өз деңгейінде бір жүйеге қойылмаған. Бұл тақырыпты алуымның себебі,сыныптағы оқушыларды   бағалау кезінде көптеген қателіктер жіберіп жүргендігіміз болды. Бағалау дегеніміз не? деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, "Бағалау"сөзі "жақын отыру" дегенді білдіреді.  Себебі, бір адам екінші бір адамды немесе өзін - өзі бақылауы болып табылады.   Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. (Александр, 2001, Мұғалімге арналған нұсқаулық, 104 бет.) Коучингке  сегіз мұғалім қатысты. Оның бірі қазақ тілі , химия, тарих, математика, физика, информатика, орыс тілі пәнінің мұғалімі болса, 2  бастауыш сынып мұғалімдері.  Бұл жерде  әр  пән мұғалімдерінің қызығушылығын оята алғаным, менің жұмысымның сәтті өтуіне себеп болды.  Коучинг психологиялық ахуал тудырудан басталды, мұғалімдер бір-біріне жылы лебіз, жақсы көңіл күй сыйлай отырып, топқа  геометриялық фигуралар (үшбұрыш пен төртбұрышты)  құрастыру арқылы бөлінді. «Оқушының өзін-өзі бағалауы дегеніміз не?»  деген  бірінші тапсырманы орындау барысында «Бағалау деген не?», « Өзін-өзі бағалау деген не?» деген сұрақтардың төңірегінде  постер құрастырып, жұптардан интервью алу арқылы жүзеге асырылды.  Бұл жерде   әріптесімнің берген жауабы  дәлел бола алады. (видеожазба)

Ұжыммен топтасып  жұмыс жасау, барлық оқушыны бірдей көру, баланы жеке тұлға ретінде бағалау, өзіне өзін бағалату, критерийлер қоя білу.

 «Сіздің сабағыңыздағы қойылған баға оқушыға түсінікті ме?» деген түрткі сұрақтарды жұптарға  қою арқылы ойды тереңдете отырып, ситуация  ойластырып, шешу жолын анықтады.  (видеожазба)   «Оқушының  өзін- өзі бағалауы мұғалімнің  қажеттілігін қанағаттандыра алады ма? Егер де бұл сұрақ шешілмесе, ол сізге қалай әсер етеді?»  деген тапсырмада ойлау үдерістерін басқару стратегиясы бойынша ойлаудың бутерброды  негізінде  ойын жүзеге асыруға бағыттай отырып, тиімді, тиімсіз жақтарын ажыратып алғаннан соң, қиындықтары мен  оны жақсарту жолдарын анықтадық. Бұл жерде оқушыларға баға қою  туралы түсінік жалпылама түрде берілетін, белгілі бір критерийлері анықталмаған, кітаптағыны жаттап келсе, біз оған тиісті бағасы «5» деген баға қоятынбыз, бұл бағалау мұғалімге түсінікті болғанымен, оқушы үшін түсініксіз екендігі туралы жауаптар алынды. Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі ол оқушы бойында  шынайылық, өзіне деген сенімділік, оқуға деген қызығушылық туғызады , ал  тиімсіз жақтары:  көп уақыт алады делінген.

«Бағалау туралы не білдің?  Нені білгім келеді?  Өзіңнің іс-тәжірибеңде бағалаудың қандай түрін пайдаланасың? Белгілі бір критерийлер арқылы бағалаудың   сіз үшін  тиімділігі қандай?»  деген тапсырмада ББТЗО әдісін пайдаландым.

Мұғалімдер дәстүрлі бағалау мен критерийлер  арқылы бағалау түрлерінің тиімді, тиімсіз жақтарын талдап, өз ойларын ортаға салды. Дәстүрлі бағалауда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Мектепте төрт баллдық  жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылды деген жауап алынды.

 

Өзін-өзі бағалау парағы

Топтық жұмыста

Әрқашан

Кейде

Ешқашан

Жаңа ой-пікірлер ұсындым

 

Басқа топ мүшелерінің көмегін пайдаландым.

Берілген уақытты ұтымды пайдаландым.

Талдау жасап,қорытындылауға қатыстым.

Қателерін тауып,түзету енгіздім.

Топ мүшелеріне көмек көрсеттім.

 

    Критерийлер арқылы  бағалаудың тиімділігі ол оқушы бойында  шынайылық, өзіне деген сенімділік, оқуға деген қызығушылық туғызады , ал  тиімсіз жақтары жоқ делінген. Топтар бір -бірінің жұмыстарын смайликтер, бармақ, шапалақтау  арқылы бағалап отырды.  Мектептегі білім көрсеткіші мен пәнге деген белсенділігін бұдан да жоғары деңгейге көтеру үшін бағалауды оқушыға тапсырып, қиындықтарды шешуге болатынын білді. Қорытындылай келе, коучинг-сессиядан кейін қатысушы мұғалімдер өздері құрастырған   бағалау парақтарын  сабақта пайдаланып көру үшін, бірін- бірі  сабаққа қатысуға шақырғаны мені ерекше бір серпілтіп тастады, себебі нәтижені өз тәжірибесінде пайдаланып көру, мұғалімнің  жаңалықты қабылдауының басты  белгісі ретінде қабылдадым.

 Коучинг сабағымның сәтсіз тұстары:

 Кері байланыс кезінде ойларын толық жеткізе алмау;

 Берілген уақытпен санаспау.

Сәтті тұстары:

  Мұғалімдердің оқушылардың өзін-өзі бағалауын сабақтарында қолдануға ниет білдіруі;

 Өзекті тақырыптың қолданыс табуы.

Кез келген бірінші басталған жұмыс  кемшіліксіз болмайды. Тек сол кемшілікті дер кезінде шеше білсек ғана, нәтижелі болатындығын білдім. Бірнеше мұғалімнің бірлескен жұмыстарының нәтижесі мектептің білім сапасының жоғарлауына әсер ететіндігіне сенімдімін. Мен коучингтің  өткізу әдісін меңгермегендіктен  қобалжулар көп кездесті, дегенмен  алғашқы коучинг сәтті өтті деп есептеймін. Бұл жерде әріптестерімді ойландыру, сөйлету, іс-әрекет жасау арқылы белгілі бір мақсатқа жетелеуге болатынын түсіндім.

 

Пайдаланған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІ деңгей.  Кембридж Университеті. Назарбаев зияткерлік мектебі. 3-басылым,               104-109- беттер.

1
9

Комментарии (1)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Рахмет