«№41 ЖББОМ» КММ
деңгейлік курс мұғалімдері
А.Қ.Ашамай, Ж.Н.Тусжанова
Мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі-нәтижелі
білім берудің негізі
«Әрбір мұғалімді педагогикалық құралды қолдануға үйретуге болады, әрі үйрету керек те, сонда ғана оның еңбегі жоғары нәтижелі болып, мұғалімнің орны күн астындағы ең артық орын болар еді». Я. А. Коменский
Қазіргі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.[1]
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында бірнеше жаңа технологиялар жүйесі жинақталған.12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы жеке тұлғалық, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұлғалар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті-ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың негізгі құзыреттілігі ретінде: құндылық-бағдарлық, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық технологиялық, әлеуметтік-еңбек,коммуникативтік, өзін-өзі тұлғалық дамыту құзыреттіліктері белгіленген. Яғни, мектепте алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керектігі баса айтылған. [1]
Ол үшін мұғалім нені қалай оқыту керектігін қажет. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін қандай әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау керек. Оқушыларды орамды ой қорытуға дағдыландыру.
Мысалы, 79153 саны 3-ке бөлінеді ме? Алдымен біз берілген санның цифрларының қосындысы үшке бөлінсе, онда берілген сан да үшке бөлінеді деген ережені еске түсіреміз, бұл бірінші пайым. Екіншіден 7+9+1+5+3=25 қосып оны үшке бөлеміз, яғни 25 үшке бөлінбейді. Демек, қорытынды шығарамыз: 79153 саны үшке бөлінбейді. Міне, осындай бірнеше пайымдардан жаңа пайым шығару-ой қорытулар деп аталады. Мұндай ой қорытуды- кеңейтілген ой қорыту деп атайды. Ал біз оқушыларды орамды ой қорытуға үйретеміз. Жалпы ережені санамызда бірден бейнелеу арқылы қорытынды шығарсақ, бұл -орамды ой қорыту. Мысалы мына сан үшке бөлінбейді, себебі санның цифрларының қосындысы үшке бөлінбейді. Бұл — орамды ой қорыту. Осындай жұмыстар оқушылардың ойлауын дамытудың, құзыреттілігін қалыптастырудың негізі болып табылады. .[2]
Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзыретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік қабілеті де кең болмақ. [2]
«Құзырет» - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс.[1]
«Құзыреттілік» - сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы. Кәсіби құзыреттілік -жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагогтың кәсіби құзыреттілігіне мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни, оқушыларымен жүмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлық қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім- білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жүмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым- қатынас стилі, әдеп т.б. жатқызамыз.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математика - ерекше құдіретті ғылым. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Математика пәнін басқа сабақтармен кіріктіріп, атап айсақ, қазақ тілі мен әдебиет, физика, химия,тарих т.б. оқытудың да маңыздылығы зор. Өлшемдердің ұлттық атаулары, сандық оқытулар қазақ тілі сабағында да қолданады. Бүгінгі күні ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады.[4]
Оқушылардың болашақ өміріне қажетті «Математика» пәні бойынша құзыреттіліктеріне тоқталайық:
Вербалды-коммуникативтік құзыреттілік:
ғылыми түсінікті аппаратты, математикалық тілді, әдістерді меңгеру;
нақты есептерді математика мен информатика тіліне аудара білу;
Логикалық-алгоритмдік құзыреттілік:
негізгі логикалық операторлар мен ақыл-ой операцияларын ұғыну, салыстыру, абстракция, жалпылау, анализ, синтез, классификация, жорамалдау, дәлелдеу және оларды қолдана білу;
есептер шығаруда және үрдістер мен құбылыстарды математикалық модельдеуде алгоритмді құру және қолдану;
математикалық тұжырымдардың логикалық заңдылық тұрғысындағы сипаттамасын оның адамзат қызметінің барлық аймағында қолданылуын білу.
объектілердің түрлеріне байланысты жазықтық пен кеңістікте ажырата білу;
ақыл-ой амалдарын орындау және практикалық қызметте объектілерді кеңістік пен жазықтықта орналастыра, құрастыра, сәйкестендіре, түрлендіре, ерекшелендіре білу.
Ақпараттық құзыреттілік:
математикалық білімді игеруде ақпараттық технологияның негізгі мүмкіндіктерін пайдалана білу; (интернет, диск, интербелсенді тақтамен жұмыс)
дайын бағдарламаларды пайдалану;
өздігінше бағдарлама құру негізінде есептер шығара білу;
тақырыптық презентациялар жасай білу. [3]
Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі - оқушы, оқушылар тобы, сынып, мектеп болса білім сапасы баспалдақтардың әр бір буынына байланысты білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз. .[2]
Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу-әр мұғалімнің негізгі міндеті. Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интербелсенді тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интербелсенді тақтамен жаңа материалдарды арнайы программа мүмкіндігін пайдалана алады. Ондағы мақсат-оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және интербелсенді тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы бола алады. .[3]
Математиканы оқытудағы негізгі талап - оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интербелсенді тақтамен сабақ барысында кезде мұғалім, оқушы және интербелсенді тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозғау салып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен, оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйрету. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.
Әрине, әрбір тақырыптарды өткенде интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі төмен, мұндай жағдайда тақтаны сабақтың кейбір фрагменттеріне пайдаланған орынды. Мұғалімнің интерактивті тақтаны пайдалануға алдын-ала дайындыққа 1-ші кезеңде уақыты көп кететінін, кейіннен азаятынын ескерген жөн. [4]
Интерактивті тақтаны пайдалану сабақты жаңаша әдіспен түсіндіруімен оқушылардың назарын аударады, жалпы математикаға қызығушылығын арттырады. Оқушылар сабаққа дайындалуға белсенді түрде кіріседі, бұл олардың оқу-зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыларын дамытады, тек математика пәнін оқуда ғана емес, информатика және мультимедиялық білім алуда жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. [4]
Оқушының өзі еңбектеніп алған білімі есте жақсы сақталатындығы, тақырып оңай және игерілетіндігі белгілі. Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту - баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін. Оқушының өзі еңбектеніп алған білімі есте жақсы сақталатындығы, тақырып оңай және игерілетіндігі белгілі.
Мұғалімнің құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: « Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады».
Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады. Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыттап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.[2]
Пайдаланған әдебиеттер:
Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы 2007
Тоғымбаева А.Ә. Педагогтың кәсіби құзырлылық моделі. «12 жылдық білім»
журналы 2006 №3
Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі.Алматы: КазПИ,1991.
Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. —
Начало формы
Начало формы
Жаңагүл Нұрмұханқызы, өте өзекті мәселені көтерген екен. Мұғалімнің құзыреттілігі нәтижелі білімге жетелейді
Мұғалімнің құзыреттілігі - өмір талабы.