kz ru en

Авторизация


Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу. А.С. Макаренко

Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ.  Н.Нұрмақов атындағы ММИ тәрбиешілер бірнеше  сынып сағаттарын өте жоғары деңгейде өткізді. Бәрімізге мәлім, тәрбие бесіктен беріледі. Баланың ақылды, парасатты, әдепті болып өсуі – ата-ананың мерейі. Қазақ сөзбен түзеп, көзбен тәрбиелеген ұлы халық қой.  Мұғалім Абилова А.Е. 5 а сыныбында "Ардақта,"ата-анаңды" деген тақырыбында сынып сағатын өткізді. Осы сабақ Д.Кротволл таксономиясына негізделеніп, құрастырылған. Бірінші деңгейде   ата-ананы  ардақтау, отбасы жайында өз ойларын айту болды. Сөз басын "Мен үшін ата-ананы ардақтау...."  Сосын видео арқылы ой шақырылды. Видеоны көріп отырып, мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Келесі кезеңде "Ардақта, ата-анаңды" үй сызбасына, әр оқушы стикерге жылы сөздерін жазып, жабыстырды.  Менің тірегім, мақтанышым, ақылшым деген сөздерді алып, ата-аналарыңа хат жазды. Ең соңғысында әр оқушы ата-аналарыңа хабарласып, бүгінгі көңіл-күйлерімен бөлісті. Сынып сабақ керемет қызықты өтті.

 

11 А сынып кураторы   Сүлейменова С.Т."Бүгінгі түлек - ертеңгі ел азаматы" деген  тақырыбында сынып сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: сөз етіп отырған тақырып төңірегінде ойларды тыңдап, пікір еріктігін сыйлау. Топта жұмыс алу; араласу іскерлігі деп көзделген.

Классификатор бойынша бірінші кезеңде  осындай тапсырма болды; алдына қойған мақсат жолындағы шыңға шығарар жолды таңдап, ойыңды "Цицерон" сызбасына түсір.  Оқушылар   нәтижеге жететін мақсаттарын сызбаға түсірді. Келесі тапсырмада - Елдің ертеңіне үлес қосар салалар туралы  ойыларын жинақтап, өзіндік пайым жасада. Үшінші кезеңінде топтық жұмыс арқылы оқушылардың Алтын ережесі деп санарлық іс-әрекеттерді  "Пирамида" сызбасында көрсете алды және ойталқы ұйымдастырылды, "Болашағымның жарқын болуы - менің қолымда" деген ойға топтағы достарымен біріге отырып, талқылау жасады. Сынып сабағы мазмұнды және жоғары деңгейінде өтті.

4
10

Комментарии (4)

Курманбаева Анар,
Преподаватель

Өте тамаша кураторлар . Айнаш Аскеновна сізге көп рахмет. Жаңалықтың жаршысы болып отырғаныңызға.

Садуова Жазира,
Преподаватель

Өте жақсы. 

Секербекова Райка,
Преподаватель

Оте жаксы, рахмет осындай кызыкты сабакка!

Нурдильдина Клара,
Преподаватель

Сынып сағаттарының осындай басқа деңгейде өтулері - бір мәртебе!