Мектеп оқушыларының арасында тағы бір оқиға болып өтті. 10-11 сынып оқушыларынан жасақталған мектеп командасы Алматы қаласындағы халықаралық «Мирас» мектебі ұйымдастырған «БҰҰ моделі-2017» конференциясына қатысып қайтты.
Бұл шара мектеп оқушылары қатысқан ЮНЕСКО қауымдастық мектептерінің ұйымдастырып жатқан ірі көлемдегі шараларының бірі болды.
Конференцияның ашылу салтанатына БҰҰ мен ЮНЕСКО, Ресей, Польша, Венгрия, Түркия, Беларусь мемлекеттерінің өкілдері қатысты.
Конференция жұмысына Мәскеу экономикалық мектебі, Алматы Haileybury, Алматы Халықаралық мектебі, №105 гимназия, В.Г.Белинский атындағы мектеп, «Достар» халықаралық мектеп-лицейі, «Байтерек»ХМЛ, «Немере» мекеменшік мектебі, «Арыстан» лицейі, Назарбаев Интеллектуалды мектебі командалары және біздің мектеп оқушылары қатысты.
Мектеп оқушылары өздеріне бөлінген әр елдің өкілі бола отырып БҰҰ Бас ассамблеясының құрамында өздеріне бөлінген мемлекеттер атынан ойларын айтып пікір таластырып аталған шараға белсене араласты. Оқушыларымыздың дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік қабілеттерін, тілдік дағдылар мен қарым-қатынастық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған бұл шарада мектеп командасы бәсекелестерінің арасында өздерінің тілдік байлықтарын, ой өрістерінің кеңдігін көрсете білді.
Конференция жұмысынан тыс кезінде оқушылар Сүлеймен Демирель Университеті, Galaxy халықаралық мектебі, Достық білім орталықтарына барып жан-жақты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Жарайсыңдар!