kz ru en

Авторизация


Ашық тәрбие сағаты

Осы жылы Н.Нұрмақов атындағы мектепте ҚарМУ студенттері педагогикалық практиканы өтіп жатыр. Студенттер ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарына белсене қатысып, өздері  де ашық сабақ пен сынып сағаттарын өткізіп жатыр.

 

  ҚарМУ-дың 4 курс студенті Шектибаева Анель 8 "В" сыныбында "1 наурыз - Алғыс айту күні" атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: балалардың "сыйластық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылыққа қарым-қатынасын дамыту. Сабақ "шаттық шеңберінен" басталды. Оқушылар тізбектеліп, бір-бірлеріне тілек білдірді. Балаларды үш топқа бөліп,  оқушыларға әріптер беріледі. Әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінген болатын. Әріптердің дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады. Алғыс айту күні туралы мағлұмат беріліп, топтарға тапсырмалар беріледі:

1-топ. Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін

сахналау; 

2-топ. Ағалы- қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;

3-топ. “Ұландар” тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

«Автограф» ойыны. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазды. Сабақтың  соңында мұғалім оқушыларға алғысын білдіріп, сабағын қорытындылады.

3
13

Комментарии (3)

Садуова Жазира,
Преподаватель

Сыныптан тыс  жұмысты оте жақсы өткізіпті.

Сейфоллин Шалкар,
Преподаватель

Тәрбие сағатты өте жақсы өтті 

Нурдильдина Клара,
Преподаватель

Көп рахмет!