Әлем елдерінің бір-біріне ашықтығы, шекарамен шектелмейтін телекоммуникация желілерінің барынша еркіндігі, ақпарат алмасудағы мүмкіндіктердің молаюы рухани кеңістіктің тазалығы мәселесінде бізді де көп ойландыра бастады. Кейбір ағымдардың ақпаратты ұлттық дәстүрге қарсы бағыттауы, қоғамға жат іс-әрекеттерді ашық және жасырын насихаттауға көшуі, балалар арасында суицид, қатыгездік, елдік мұраттар мен құндылықтарды жатсыну секілді жағымсыз қылықтардың байқалуы алаңдатпай қоймайды.
Құрметті Ата-ана! Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң – онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң – онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле».Тәрбие ешқашан үзіліс, демалыс күндерді білмейді.Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.
Бала біздің болашағымыз!
1 Ереже. Балаларыңыздың «әлемдік тордағы» іс-әрекетін мұқият қадағалап отырыңыз: балаңызды Интернетте «Емін-еркін» жібермеңіз. Баланың Интернеттегі қарым-қатынасына, әсіресе меңгеру кезеңіне белсенді қатысуға тырысыңыз. Балаңызбен Интернеттің арқасында қандай жаңалық білгені туралы сөйлесіп отырыңыз және Интернеттің қауіптілігі жөнінде әңгімелеуді ұмытпаңыз.
2 Ереже. Интернетті ұсынушы компаниямен кеңесіп «Ата- ана бақылауын» қойыңыз.
3 Ереже. Инстаграм, В контакте, Фейсбук, WhatsAPP және т.б. әлеуметтік желілердегі достарының кімдер екеніне назар аударыңыз! Бұл әлеуметтік желілер Сіздің балаңызға керек па?
4 Ереже. Бүгінгі жеткіншек толқын жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен (Интернет, ұялы және басқа да байланыс түрлері, цифрлық хабар тарату) ақпараттың теріс ықпал етуіне жиі ұшырап отырғаны айқын. Қазіргі таңда суицидке апаратын «группы смерти», «хочу в игру», «море китов», «тихий дом», «млечный путь», «синий кит», «Беги или умри», «разбуди меня в 4:20», «киты плывут вверх», «Тихий дом», «нянока», «Рина», «Море китов», «50 дней до меня», «f57», «f58» хэштегтерімен көрсетілген 50 тапсырмадан тұратын ойын әлеуметтік желіде тарап кетті. Сондықтан, балаңыздың соткасы мен компьютерін әрдайым бақылауда ұстаңыз.
Құрметті ұстаз, ата- ана, оқушы! Интернет қауіпсіздігі тақырыбында өз ойларыңызбен бөліссеңіздер. Бұл мен үшін өте маңызды.
Соңғы кездерде әлеуметтік желілер арқылы (Фейсбук,Инстаграмм) жас өспірімдердің денсаулығына зиян келтіруші немесе оларды өлімге итермелейтін қауіпті ойындар пайда болды.Осындай ҚАУІПТІ ойындардан өз балаларымызды қалай қорғаймыз: 1. Балаңыздың мектеп өмірінен басқа неге қызығатынын аңықтаңыз; 2. Үйде,дастархан басында балаңызға көп уақыт бөліңіз; 3. Балаңызды көппен жұмыс істеуге,үй шаруашылықтарының отбасылық маңыздылығы туралы түсіндіріңіз; 4. Отбасы бірлігі,балаңыздың отбасы мүшесі ретінде немесе сіздер үшін ол баланың орны бөлек екенін айтып жүріңіз. 5. Балаңыздың телефон арқылы қандай ақпараттар алатынын аңықтаңыз; 6. Балаңыз қандай ортамен достасып жүргенін, олардың ортақ мақсаттары бар ма екенін аңықтаңыз; 7. Интернеттегі өмір мен шынайы өмірдің айырмашылығы туралы айтып отырыңыз; 8. Балаңыздың бос уақытын ата-әжесінің жанында немесе ағайын-туыстармен өткізуіне жағдай жасаңыз; 9. Балаңыздың көзінше бір-біріңіздің (ата-ана) кемшіліктеріңізді айтып,ұрыспаңыз; 10. Егер балаңыздың мінезінде,көппен емес жалғыздыққа талпынысын,көптің арасында өзін басқаша (бұрын көрінбеген мінез таныту) ұстауын,оның көңіл күйінің ұзақ мерзімге төмен болуын,өзінен басқаға көңіл аудармауы т.б. бейтаныс әдеттерін сезсеңіз,балаңызбен жеке сөйлесіп,оған көмек көрсетуге әрекет етіңіз. Бұл балаңызды отбасындағы бірлік,мейірім мен қамқоршылық қасиетін түсінуге шақырады. Сондай-ақ төменде,аты аталмыш желідегі (интернеттегі) ҚАУІПТІ топтардың тізімін жариялап отырмыз. Хэштегами», «Хочу вигру», «Море китов», «Тихий дом», «Млечный путь», «Синий кит», «Беги и умри», «Разбуди меня в 4:20», «Киты плывут вверх», «Нянока», «Рина», «50 дней до моего...», «F57», «F58» Б3ЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗ БІЗДЕН ДЕ АҚЫЛДЫ,БІЗДЕН ДЕ КҮШТІ,ЖІГЕРЛІ.БІЗДЕН ДЕ БІЛІМДІ БОЛУЫ ТИІС..
Ой бөліскеніңізге рахмет!
Рахмет
өзекті мәселе