Кей кездері жабырқау жанымды түсінгендей күн күліп қарап, сәулесімен басымнан сипайды. Ондайда өзімнің де шуақтай болып, айналаға нұр бергім келеді. Сонда да суық жел құлағыма сыбырлап, өз сырын асыға, жарыса, гуілдеп айта береді... біздің жан дүниемізді табиғат сезеді, біледі,көреді, өзімізге де айнадағыай етіп көрсете алады. әттең, ьіздің қауқарсыздығымыз ай. Бізді жақсы білетін табиғаттың сыры түгіл, тілін де білмейміз. Күздің сыры мол екенін білемін. Мүмкін, жарық дүние есігін күзде ашқаннан ба екен, мен де сыршылмын. Табиғатпен үнсіз сырымды бөлісіп, тілдескенді ұнатамын. Алайда, сұлу табиғаттың сәні кетіп бара жатқандай көрінеді маған...
Жақсы