24.03.2017 күні Н.Нұрмақов атындағы ММИ-да «Функционалдық сауаттылық контексінде оқыту мен оқу» атты семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына «Ауыл - қала» жобасымен мектепке жаңадан бөлінген Бұқар жырау ауданы мектептерінің ұстаздары мен үштілде білім беру жұмысын тарату жөнінде мектепке бекітілген №38 гимназия, Шахтинск қаласындағы №1гимназия, облыстық Жамбыл атындағы ММИ өкілдері, барлығы 32 адам қатысты.
Семинар жұмысы мектеп тарихы, миссиясы, мақсаты, атқарылып жатқан жұмысы жайлы кең түрде таныстырған мектеп директорының «Қазақстанның болашағы үшін әлеммен жарысқа түстік» атты баяндауымен басталды. Мектеп өміріне қызыққан қонақтар біршама сұрақтар қойып тұшымды жауап алды.
«Оқыту мен оқудың белсенді әдістерінің функционалдық cауаттылықты қалыптастырудағы ықпалы» тақырыбында сөз өрбіткен мектеп директорының ОТЖ жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Д.Жолмағанбетова эссе, болжау, топтастыру, RAFT,
Insert және т.б. әдістер және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тапсырмаларына тоқталды.
Семинар жұмысының келесі бөлігінде қонақтар үшке бөлінді. Қазақ тілі пәні мұғалімдері өткізген «Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі жолдары» атты коучингте қонақтар қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда ұлттық танымның алар орны жайында ойларын ортаға салды.
Мектептің орыс тілі пәні мұғалімі О.Н.Скоробогатова «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы әдістер» атты коучингте өз іс-тәжірибесінде қолданып жүрген тәсілдермен, республика көлемінде қорғалған «Абсолютная грамотность» бағдарламасымен, 5-6 сыныптарға арналған функционалдық cауаттылық тапсырмаларымен таныстырды.
Математика пәні мұғалімдері «Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту
жолдары» атты коучингте ауыл мұғалімдері функционалдық және математикалық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен танысып, функционалдық математикадан тапсырмалар құрау мысалдары көрсетілді. Сабақта функционалдық математикадан тапсырмаларды қолданудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы өнімді диалог болды.
Коучингтер аяқталғаннан кейін қонақтар қайта жиналып ҰБТ –дегі өзгерістер жайлы мәліметті естіп талқылады.
Cеминарға қатысқан пән мұғалімдерінің алған әсерлері мол болды. Семинар жұмысын талқылаған отырыста олар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
«Басқа семинарға барғанда қайтқанша асық болушы едік, бұл жерде уақыттың қалай тез өтіп кеткенін білмей қалдық. Кеткіміз келмей отыр». Бұл Бұқар жырау ауданынан келген мұғалімдердің мектеп мұғалімдеріне берген бағасы.
Әріптестеріме шығармашылық тілеймін
Тамаша! Нұрмақов мектебінің ұстаздарына шығармашылық табыс тілеймін!