Мұғалім:Ұстаз –ұлы есім. Ғасырлар тоғысындағы ұлы тұғалар, тіпті Анахарсис, Әл Фараби, Абай, сынды ғұламалардың өзі ұстазды құрмет тұтқан! Адамзаттың ұстазына – ұлы құрмет.
Анахарсис: Мен Анахарсис! Бәрі мені скиф данасы деп таниды. Себебі, мен Элладада мемлекет ісін, философия ғылымын меңгердім, грек тілін үйрендім, Солон арқылы афиналықтарды таныдым. Cөйтіп Солонның өзі мен дана деп таныды. Ал, сізді ұстаз қазіргі қоғам қалай таниды?!
Мұғалім: Мұғалімді әрбір қоғамда қашанда құрметтеген. Ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.
Как говорил Черчилль: «Школьные учителя обладают властью, о которой премьер-министры могут только мечтать...»
Анахарсис: «Бала жазылмаған аппақ қардай қағаз іспеттес. Сізге ұстазым, қағаз сыйлауға рұқсат етіңіз.
Әл Фараби:Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол мемлекетке адам өміріне опат әкеледі.
Мұғалім:Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді Адамзат тарихындағы қатыгездік танытқан тұлғалардың кесірінен миллиондаған адамдар қырылды. Холокост, ұлтшылдық, фашизм, ашаршылық, саясаттағы бұрмалауларға тарих куә. «Учитель, будь солнцем, излучающим человеческое тепло, будь почвой, богатой ферментами человеческих чувств, и сей знания не только в памяти и сознании твоих учеников, но и в их душах и сердцах...»
Әл Фараби: Жарайсың, қаламыңның өнер тұнған сиясы таусылмасын!
Абай: Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол Адам болам десеңіз. Адам баласының ең жаманы талапсыз!
Мұғалім: Жо-жоқ, Ұлы Абай! Менің шәкірттерім ондай болмайды! Мен жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіремін! Ғылымды сүюге үйретемін, танымға құштарлығын оятамын! «Плохой учитель преподносит истину, хороший учит ее находить»
Абай: Ұстаздық етуден, балаға үйретуден жалықпа!
Мұғалім:Менің ұстаздықтың ақиқатына көзім жетті. Баланы сүю - өнер!
Жақсы мақала екен. Мен де осы кеиінгі жылдары философия мен психология ғылымын зерттей бастағаннан бері, ұстаздық қызметті енді түсініп келемін.
Рахмет! Мұны ұстаздар күніне көрініс түрінде қойса да болады. Қазіргі таңда мұғалімдердің мәртебесі мәз емес. Жағдайды, мұғалімдерге деген көзқарасты өзгертуіміз керек.
Мұғалім болашақ қоғамдық азаматты тәрбиелейді, оны ешкім ұмытпау керек.
Айнаш Аскеновна, шын мәнінде ұстаздық құрметті мамандық!
Мақалаңыз жақсы...