kz ru en

Авторизация


Менің бөлісерім бар... Ақпарат саны

Ақпарат саны  тақырыбы қосымша  ақпарат. Сабағыңызға қолдануға  болады.

Қосымша видезапись, презентация, тапсырмалар презентациясы  бар. 

 

Ақпаратты сақтау, тасымалдау үшін көлемін білу қажет. Компьютер электронды машина болғандықтан ол электр сигналын қабылдайды. Компьютерге ақпаратты жазу үшін әрбір белгі (әріп, цифр, дыбыс, видео) сигналдар тіліне аударылу қажет. Сигналдың болуын «о», болмауын «1» дің көмегімен белгілеу қабылданған. Осы 0 және1  сандарын бит деп атаймыз. БИТ 0-ді немесе 1-ді осы екі мәннің біреуін ғана қабылдайды. Ең  кіші өлшембірлік бит, келесі өлшембірлігі байт.

1 байт = 8 бит

1байт 1 символды қабылдайды, кодталады.

Символ – әріп, цифр, тыныс белгісі немес бос орын

Мысалы

АҚПАРАТ –    1әріп =1 байт    7 символ =7 байт*8=56 бит

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

Хабарды пайдаланғанда қолданылатын символдар ақпарат көлемі болады.

Ақпаратты битті пайдаланып өлшеуге болады.

8 бит = 1 байт

1024 байт = 1 килобайт (1К)

1024 килобайт = 1 мегабайт (1М)

1024 мегабайт = 1 гигабайт (1Г)

Ақпараттың 1 байты (8 бит) 0000000-ден 11111111-ге дейін 256 әр түрлі кодтары болуы мүмкін.

1 байт мәтіндік, сандық, дыбыс немесе графикалық ақпараттың бір белгісін кодтауға жеткілікті.

Мысалы

Берілген сөйлемнің (фразаның) ақпараттың көлемін анықтаңдар.

Сөздегі символдардың саны, бос орындарды қоса саналады. Әрбір символды 1 байтпен кодтауға болатындықтан, байттарсаны сөздегі символдар санына тең болады. Бір байт сегіз битке тең, сондықтан ақпараттық көлемді битпен өлшеу үшін, байттар санын сегізге көбейту керек.

М

Е

К

Т

Е

П

-

Б

І

Л

І

М

 

О

Р

Д

А

С

Ы

Жауабы: 19 символ, 19 байт, 152 бит.

0
2

Комментарии (0)