kz ru en

Авторизация


"Отбасы-алтын діңгегіміз" тәрбие сағаты.

   2014 жылы 13-17 қаңтар аралығында өзін-өзі тану пәні бойынша апталық өтті. Бұл апталық "Мен және менің отбасым" тақырып аясында болды. Апталықта әр күн бірнеше тапсырмалар берілді. 1-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Соның ішінде бастауыш сыныптары да қалыс қалмады. Яғни әр сынып "Сынып-екінші отбасым" тақырыбында (коллаж) қабырға газетін шығарып, мақтау қағазымен мараппаталды. Осымен қатар 17 қаңтарда ата-аналарға "Ашық есік" жарияланды. Бұл күні ата-аналар балаларының сабақтарына, тәрбие сағаттарына кіріп, білімдерін көрді. Осы күні 1 "г", 3 "б", 3 "в" сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. Тәрбие сағаттары жаңа әдіс-тәсілдер арқылы қызықты, тартымды, жаңа заманауи мағыналы болып өтті. Мұғалімдер жеті модульді ықпалдастыра отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға, өзін-өзі бағалауға дағдыланды.
0
2

Комментарии (0)