Интерактивті құралдарды қолдану тәсілдері
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады. Қазіргі уақытта жаратылыстану-ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдарды пайдалану мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді.
ACTIVote қолдана отырып: «Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio программасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тесттің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тесттің нәтижесін EXCEL және WORD реадкторларында экспорт жасауға болады. ACTIVstudio программасы - ACTIVstudio РЕ программасы арнай презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарды арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
Алған білімді жүйелеу;
Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұймдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігеннің 5% және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және бейнеақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Әр бір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие. Ғылым ғасырының табалдырығын аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірінің барлық саласына кеңінен енуде. Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Білім берудің ақпараттандыру процесі мен мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Сабақ беру барысында интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқауға болады.
Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;
Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын сабақта жиі қолдану;
Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру;
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты салыстурға болмайды.
Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаың жоғары бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. Сабақтың өнімділігі артады.
Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл – біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.
жақсы